Ауыз әдебиеті-асыл мұра
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы Бегалы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі- Нургалиева Айгуль Владимировна
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Ауыз әдебиеті-асыл мұра
Мақсаты: Тілімізге деген құрметті дәріптеу;
Атадан қалған мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу;
Тілдерін, сөздік қорларын дамыту;
Барысы:
- Сұрақтар қою арқылы сайысқа қатысатын оқушыларды таңдап алу;
5-сынып оқушыларына сұрақ:
- Қиын сөзін пайдаланып, көп мағыналы сөз жаса
- Мақалды аяқта. Дұшпанға тастай қатты бол…
- «Бетінен оты шықты» сөз тіркесінің мағынасын түсіндір
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (жұмбақтың шешуін тап)
6-сынып оқушыларына сұрақ:
- Төмендегі сөздерден жаңа сөздерді ажырат: төлқұжат,кеден, әке, ата, әуежай
- Қос сөздердің екінші сыңарын тап: сәлем-…, ән-…, әдет-…, әзіл-…
- Төмендегі сөздерді буынға бөл: ақыл, қонақ, бұлт, төрт, мың
- Бірнеше біріккен сөз айт
7-сынып оқушыларына сұрақ:
- «Тар» сөзінің антонимін тап, оған –ей; -іт; -шілік жұрнақтарын қос
- Мақалға тән сөзді тап: Қандай жолдас жолда қалдырар?
- «Жатып ішер» тіркесінің мағынасын түсіндір
- Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ- ақ көңілді.
Қызаратын қатем үшін,
Кірлетпеймін … (дәптерімді)
(Жауап берген 12 баланы 2 топқа болу керек)
- Кім көп біледі?
(2 топқа сұрақтар қою)
1-топқа:
- Ауыз әдебиеті деген не?
- «Ауыз әдебиеті –атадан қалған мұра» дегенді қалай түсінесіңдер?
2- топқа:
- Ауыз әдебиетінің салаларын ата
- Бізге жеткен ауыз әдебиеті үлгілерін ұрпақтарымызға қалай жетеді? (ауызша ма, жазбаша ма?)
- Кім жылдам? (қойылатын 10 сұраққа тез жауап беру қажет)
1-топқа:
- «Қобыланды батыр» жырындағы Тайбурылдың неше күндік кемдігі бар? (41)
- «Ер Төстік» ертегісіндегі Төстік Ерназардың нешінші баласы? (9)
- «Сырттандар» ертегісінде баланың түсіне не кіреді? (қасқыр)
- «Аяз би» ертегісіндегі ханның аты кім? (Мадан)
- Сол ертегідегі хан кімнің баласы? (наубайдың)
- Білім туралы мақал айт
- «Қырық өтірік» ертегісіндегі құрықтың басына шаншылған ине баланың қай жерінде болады? (тілінің астында)
- Сол ертекте алты құраш алан биеден қанша құлаш жирен құлын туады? (жеті)
- «Аяз би» ертегісіндегі шал мен ханның диалогын айт
- Бір жұмбақ айт
2- топқа:
- «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың қарындасының аты кім? (Қарлығаш)
- «Ер Төстік ертегісіндегі перінің қызының аты кім? (Бекторы)
- «Сырттандар» ертегісіндегі баланың тірі қалуына кім көмектеседі? (жігіттің сырттаны)
- «Аяз би» ертегісіндегі жаманның жылқыны сынаған жерін айт.
- Осы ертегідегі Жаман қызға барғанда, оған қыздың жеңгесі не берді? (пышақ, тәрелке, гауһар тас, қайрақ)
- Өнер туралы мақал айт
- «Қырық өтірік» ертегісіндегі тазша бала басын қай жерде ұмытып кетті? (суат басында)
- Басының жоқ екенін қайдан білді? (қоянның етін жерде)
- «Қырық өтірік ертегісіндегі «етік» туралы хикаяны айт
- Бір жұмбақ айт
3.Өлең оқу сайысы
(Бұл сайыста қай топқа қандай тапсырма түсе, соны орындайды)
1.Бір салт өлеңін жатқа оқы
- Төрт түлікке байланысты өлеңді жатқа айт
- Мен саған, сен маған
(топтар өзара сұрақтар қою арқылы сайысқа түседі)
- Алдағыны қуып жету…
(артта қалған топтың жеңуіне немесе теңесуіне мүмкіндік беріледі, ол үшін сұрақ тек артта қалған топқа қойылады, егер жауап болмаса қарс ы топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі)
- «Аяз би» ертегісіндегі шалдың : «Күндіз төртеуміз, түнде екеуміз дегенді Жаман қалай шешті?
- Кез келген жаңылтпаш айт
- «Қырық өтірік» ертегісіндегі Тазша бала шешесінің құрсағында жатып атасының малын неше жыл бақты?
- Жұмбақ айт, оның шешуіне мақал айт
- Шешендік өнер деген не?
(Соңында топтардың алған балдары есептелінеді, жеңімпаз топ марататталады)