Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Имашева Гульжанар Бауржановна
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек»
Сыныбы: 7
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Әңгіменің мазмұны бойынша талдау жасау. Шығармаға сын тұрғысынан ойлап,талқылауға үйрету.
дамытушылығы: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.Оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігін,өз бетінше ой қорытып тұжырым жасай білу белсенділігін арттыру.
тәрбиелігі: Табиғатты қорғай білуге,қасқырға деген көзқарасты қайта қарау; адамгершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,дәлелдеу,топтық жұмыс,өзіндік шығармашылық жұмыс.
Сабақтың түрі: Бекіту сабақ(Ойын сабақ )
Көрнекілігі: Тірек сызбалар, тақырыпқа байланысты суреттер, слайд
Сабақтың барысы:
Ι. Ұйымдастыру бөлімі:
ΙΙ.Үйге берілген тапсырманы тексеру:
«Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):
Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау
ІІІ.Жаңа сабақ:
І тапсырма.«Проблемалық сұрақтар»бекеті
Бүгінгі қорытындылаушы сабақта шығармада көтерілген актуалды мәселелер
1.Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
Жауабы:Әңгіме тақырыбы «Көксерек» деп аталғанымен тек қасқыр тағдырымен қоса адам мен табиғат арасындағы күрделі проблемалар көтерілген.
2.Әңгіме арқылы басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қайсысы?
Жауабы:Басты ойды ашатын ең негізгі оқиға-табиғатқа қарсы жасалған қиянат.
3.Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?
Жауабы:Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға болмайды.Жазушы табиғатқа қиянат жасағандарды «екі аяқтылар», «көргіш көздер» деп атайды.
4.Жалпы табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?
Жауабы:Табиғатқа шабуыл жасап,оның тыныштығын бұзу мәселесі-қауіпті мәселе.Әсіресе қасқыр апанын талқандап,ұрпағын жою-қауіптірек.
5.Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде?
Жауабы:Құрмаштың қайғылы тағдыры адамдардың қатыгездігінен болды.
6.Кінәлілер кімдер?Кім қатал,кім өктем?Көксерек пе,әлде ауыл адамдары ма?
Жауабы:Кінәлілер-адамдар.Адам табиғатқа қиянат жасап,өктемділік көрсетті.
Көксеректі ызаландырған «екі аяқтылар».
ІІ тапсырма. «Өз ойыңды тізбекте»(ойтолғау)бекеті
Конверттердің біреуін таңдап,ашыңдар,қағаз бетіне өз ойларыңды тізбектеңдер.
1.Қасқырды қолға үйретуге болады ма?
2.Оқиғаны сендер қалай аяқтар едіңдер?
3.Құрмаш өліміне кім кінәлі?
ІІІ тапсырма. «Ойлан,тап»бекеті
Мақалмен қорыту. ( 3 минут)
Үш топ өзара қасқыр туралы мақал айтысып жарысады.
1.Иттің иесі болса , бөрінің тәңірісі бар.
2.Ауыл иті ала болса да, бөрі келгенде бірігеді.
3. Қасқырды қанша асырасаң да орманға қарап ұлиды.
4. Қасқырды сұрлығы үшін емес,ұрлығы үшін ұрамыз.
ІV тапсырма «Поэзия»бекеті. «Бес жолды өлең стратегиясы»
Өздерінің жүректерін жарып шыққан жылы лебіздерін шумақты өлең жолдарына айналдыру немесе «Бес жолды өлең стратегиясы»бойынша өлең құрастыру.
Қасқыр туралы
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Синоним
5.Сөйлем
V тапсырма. «Алтын сандық» бекеті.
Бұл бекетте «Қасқыр,Аққасқа,Көксерек» сөздерін таңдаулары бойынша суырып,мағыналы сөздер құрау.Кім көп сөздер айтады Сол топ бекеттен алға қарай суырылып шыға келеді.
VІ тапсырма.«Кім?Қашан?Қайда?»бекеті (Сипаттау)
Бұл бекетте мәтін ішіндегі кейіпкерлердің сөздерін талдай отырып қай кейіпкердің сөзі екендігіне тоқталамыз.
Семантикалық карта
№ | Кейіпкер сөзі | Ауыл адамдары | Жұмаш | Құрмаштың әжесі
| Бейсембай
|
1 | Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?
| + | |||
2 | Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды.
| + | |||
3 | Мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық .
| + | |||
4 | Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады.Араша лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді.
| + | |||
5 | Іздегендерің- нің өзі-сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді оны бір қолға берсе-ау!
| + | |||
6 | —Осы…осы…осы ит! | + |
VІІ тапсырма. «Асыл сөз» бекеті
Екі түрлі түсініктеме күнделігі
Бөліктің оң жағына | Сол жағына |
Қатты әсер еткен тұстар,үзінділерді жазады.
| Әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (еске түсіреді,себебі қандай,дәлелдері,т.б.)
|
VІІІ тапсырма. «Зерделі сұрақ,дәлелді жауап»бекеті
Бекіту сұрақтары
1.М.О.Әуезовтің тұңғыш шығармасы? («Адамдық негізі — әйел», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Әуезовтің қалам алды туындыларының бірінен саналатын бұл мақалаСемейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің 1917 жылғы 5 қыркүйектегі 12-санында жарияланған)
2. Қара ала төбеттің иесі кім ?(Жұмаш)
3 Аққасқаның иесі кім ? (Қасен)
4. Қандай шөп, өсімдік атауларын кездестірдің ?(жуалар,итмұрын т.б.)
5.Грекше «Кірістіру» деген ұғымды білдіретін сөз? (эпизод)
6.Валентина Әуезова қай жылдың қабырға күнтізбесін сатып алды? (1929 жылғы)
ІХ.Бағалау.Топтардың балдарын есептеп,орындарын тағайындау.
Х.Үйге: «Табиғат және адам» шығарма жазу.
ХІ.Түйіндеме: —Балалар,«Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы,өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып,айнала қоршаған табиғаттың өз заңы,өзіндік ерекшелігі бар,оны адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді.
«Табиғатқа қиянат жасама,адамзат»(оқушылардың жауаптары)
ХІІ.Сабақты аяқтау.
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
Топ | «Пробле малық- сұрақтар» бекеті
| «Өз ойыңды тізбекте» (ойтолғау) бекеті
| «Ойлан, тап» бекеті
| «Поэзия» бекеті. «Бес жолды өлең стратегиясы»
| «Алтын сандық» бекеті.
| «Кім? Қашан? Қайда?» бекеті (Сипаттау) | «Асыл сөз» бекеті
| «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап» бекеті
| Барлығы |
1.
2.
3.
|
Семантикалық карта
№ | Кейіпкер сөзі | Ауыл адамдары | Жұмаш | Құрмаштың әжесі
| Бейсембай
|
1 | Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем ?
| ||||
2 | Кәпір қырыс, неме , кеудесін бермейді, жасымайды.
| ||||
3 | Мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық .
| ||||
4 | Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады.Араша лай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді.
| ||||
5 | Іздегендерің- нің өзі-сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді оны бір қолға берсе-ау!
| ||||
6 | —Осы…осы…осы ит! |
|
1.Қасқырды қолға үйретуге болады ма?
2.Оқиғаны сендер қалай
аяқтар едіңдер?
3.Құрмаш өліміне кім кінәлі?
Қасқыр
Аққасқа Көксерек