Қызығушылықты ояту

 

 

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе аулы

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің I санатты мұғалімі Азербаева Светлана Құттығұлқызы

 

 

Бекітемін:                                                                                       Келісілді:

Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: басқа тілден енген сөздер туралы түсінік беру;

ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын   дамыту, жүйелі сөйлей білуге  баулу;

б) тәрбиелік: тілді құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылар  бойындағы адамгершілік құндылықтарды  жетілдіру.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі:  Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, жеке тұлғаға бағытталған технология.

Ұжымдық жұмыс

Сұрақ-жауап

 

Сабақтың көрнекілігі:  кірме сөздерге арналған кесте, суреттер, компьютер, слайд.

 

Оқу нәтижесі: Балалар кірме сөздерді ажырата білу және қолдана білуге үйрету, оқушыларды бірлесе отырып білім алуына дағдыландыру. Оқулықтан негізгі идеяны табуға үйрету.

 

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, география.

Сабақтың барысы:

Жылы лебіз тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Егеменді елдің бетке ұстар азаматы бол

Олай болса, балалар, сіздерді сүйкімділер, білімділер, мейірімділер тобы деп 3 топқа бөлгім келіп отыр. Топқа кімді топ басшы етіп сайлаймыз?

Балалар, біздің сабағымыз қызықты өту үшін сабағымызға дүниедегі ең әдемі адам қатысып отыр екен. Оны көру үшін тек қана өте жақсы тапсырма орындаған оқушы көре алады. Басқа балаларға не көргенімізді айтпаймыз. Сабаққа жақсы қатысып отырайық.

 

Қызығушылықты ояту

 

Интерактивті тақтадағы суретке назар аударайық

 

Ненің суреті бейнеленген?

Кітап, дәптер                                      Нөкер, жарлық                             Кәмпит, тәрелке

 

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз, балалар, кірме сөздер екен

 

Мағынаны тану

 

Жаңа сабақ.

Кірме сөздер дегеніміз тілімізге басқа тілден енген сөздер. Бір тілден екінші тілге сөздердің ауысып тұруы барлық тілдерге тән құбылыс. Сөздік құрамына басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ десе де болады. Дүние жүзіндегі түрлі – түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір —  бірімен қарым – қатынаста болады да, бір-біріне сөз аусыады. Әрбір тілдегі басқа тілдік сөздер санының аз  я көптігі тарихи жағдайлармен тығыз байланысты.

Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым – қатынас жасап, аралас – құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, монғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер кірген.

Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ. ІХ – Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме сөздердің саны өте көп.

 

I  тапсырма:

 

3 минут ішінде кірме сөздер туралы қосымша мәліметті талқылауға беремін. Ноутбуктегі мәліметпен танысады.

I топ

Араб, парсы тілінен енген сөздер:

адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім, тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.

Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады. Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды. Әунасыр әл Фараби, Ғаббас әл Жауһари, әл Сығанақи сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына қарамастан, Ахмет Иассуаи, Ахмет Иүгенеки, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары еңбектерін өз ана тілінде жазды.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

II топ

Монғол тілінен енген сөздер:

А) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық, т.б.

Ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра, Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.

Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.

Жер – су атауларының шығу тарихын зерттейтін ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың «тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы «суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау, алып тау» деген сөзден шыққан дейді.

Зайсан көлінің аталуы ол аштыққа ұшыраған көптеген адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша аудармасы «игі, игілік, мейірман» деген мағынаны білдіреді.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

 

III топ

Орыс тілінен енген сөздер:

А) Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер: болыс, сот, жәшік, кереует, бөтелке, кәмпит, сөмке, тұрба, т.б.

Ә) кеңестік дәуірде кірген термин сөздер: телефон, телеграф, автомобиль, т.б.

Тарихи дерек: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалары Ресей үкіметімен тығыз байланысты. Осы кезеңде қазақ даласына қалалар көптеп салынып, орыс қоныстанушыларының саны артып, үлкен өзгерістер болды.

Араб, парсы, монғол тілдерінің сөздері бірнеше ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы қалпын мүлде — өзгертіп, қазақ тілінің заңдылығына бейімделіп, біржола кірігіп кеткен. Соңғы жылдарда кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

 

Әр топ өз аргументтерін айтады.

Әдебиетші, геогроф-тарихшы, орыс тілі маманы толықтырады.

 

II тапсырма:

Оқулықпен жұмыс

Кірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдерін тауып, дәптерімізге жазайық.

 

I топ

 

Кірме сөздерКірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
ҒұламаҒалым, оқымысты
ШайырСуырып салма ақын

 

(Тапсырманы өте жақсы айтқан, орындаған оқушы әдемі адамды көре алады).

II топ

 

Кірме сөздерКірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
ПұлАқша, қаржы
ПешенеЖазмыш, тағдыр

 

 

III топ

 

Кірме сөздерКірме сөздердің қазақ тіліндегі синонимдері
ҒибратҮлгі, өнеге
СарбазЖасақшы, қол,әскер

 

Мына кірме сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар: білім, адам, құн, талап, сабақ, Толағай, самауыр, телефон.

Оқу үйренумен санаға қонатын ақиқат жайлы түсінік.

Үйренбей білім бітпес. (мақал.)

Ойлау, сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін қоғам мүшесі.

Адамнан үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ. (мақал.)

Ерте кезде кісі өлтірген адам тарапынан төленетін айып, мал, төлем.

Өлтірген адам үшін құн төледі.

Белгілі бір затқа тән баға, ақы.

Сен оған жеріңнің құнын түгел төлейсің.

Ынта, ықылас, ұмтылушылық

Арман еткен баланың қайырмайық талабын.

Міндет, жауапкершілік

Әдебиет өскен сайын оқу, үйрену талаптары да тереңдей беруге тиіс.

Мектеп жүйесінде өтілетін пән және сол пәндерден оқушыларға берілетін тапсырма

Мұғалім әдебиетсабағында баланы әсемдікті ұғынуға, қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынастың сырын түсінуге үйретеді.

Толассыз соғатын жел

Тоқтамай соққан толағай,

Толастар мезгіл жеткен дүр.

(Көнерген сөз)

Түгі жоқ, тап-тақыр жалаңаш

Тау толағай көрінер тасы кетсе

Шай қайнатуға арналған оттығы іш жағынан орналасқан металл ыдыс

Әңгіме қызып отырғанда сары самаурын да быжылдап келіп қалды.

Техникалық аспаптап арқылы алыстан сөйлесетін құрал.

 

III тапсырма:

«Ең биік мұнара» салады. Ең көп кірме сөз жазады және тапқан сөздерінее синоним сөз туаып жазады, соның мұнарасы биік болып есептеледі.

 

I топ

Ас-тамақ, ар-ұят, дос-құрбы, қас-жау, емтиқан-сынақ, сабақ-дәріс, дәуір-ғасыр, ұстаз-мұғалім, перзент-нәресте, шәкірт-оқушы

II топ

жәшік-қорап, лампа-шам, малақай-бас киім, галош- аяқ киім, сот-төреші, пима- етік, тарелке-ыдыс

III топ

Аймақ-өңір, нөкер-уәзір, жарлық-устав, жасақ-әскер

 

Араб-парсы тілінен енген сөздер:

1.Ұзақ өмір сүріп, тілде көп әрі жиі қолданғандықтан, әрбір жаңа сөз бұрыннан тың мағына тудыруга үйытқы болып келе жаткан жұрттың бәріне танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа,, ол, дос, зат, қас, батыр, г. б. -*

  1. Жалпы халыкқа таныс, әрі түсінікті бола отырып шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым жұмсалатыи терминдік сипат алған арнаулы сөздер. Мысалы: емтихан, үкім, шарт, зейін, акнар, мәлімет,_ кұн, мата,сабак, мұғалім, ғалым, аспап, есеп, арыз, киял, дәуір, табиғат, дәлел, маусым, т. б.

Әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мәпі бар, ерекше стилдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нүр, есім, әмір,сапар, мәртебс, азамат, дария, мырза, шопан, жомарт, дидар, ажар, жамал, перзент, шапақ, шокірт, үстаз, нәресте,ғұлама, мәшһүр,

 

 

 

Орыс тілінен енген сөздер: а) Тұрмыс қажетіне қатысты сөздер, Мысалы’ жәшік (яшик керует (кровать), бөтелке (бутылка), бөшкс, мөшке ( лампы (лампа); көшір (кучср), сиса (ситец), бәтеңке (ботинке галөш (галоши), барқыт (бархат), әшмошке, әшмөшке восьмушка), шайнек (чайник), сіріңке (серники), мәтке (м атица кілет (клеть), күршек .(крючок), сөтке (сутки), өшірет, шірет (очередь), малақай (малахай), пар (пара), гармон (гармонь, аршы (аршин), порым (форма), күмәжнек (бумажник), мөшек(мешок), тұрба (труба), рысқұт (расход), божы (вожжн,кәм-

К. Аханов. Қаақ тілі лексикасыпыц моселслері, 1956, 65-бет.

68

пит (конфеты), бедре (ведро), бишік (бичик), жарма (ярмо), камыт (хамут), шөрке (шорка), шашнай (частный), пима (пи-мы) бөкебай (пуховой), тәрелке (тарелка), самауыр •(само-вар) сөмке (сумка), т. б.

ә) Әкімшілік басқару ісіне қатысты сөздер. Мысалы: ояз (уезд), шен (чин)’ мінәпас (манифест), болыс (волость), старшын (старшина), сот (суд), түрме (тюрьма), үйез (уезд),  атбекет (адвокат), ауылнай (аульный), жандарал (генерал), поштабаи (почтовой), майор, контор, съезд/пристав,т.б.

б) Ғылым мен мәдениетке қатысты сөздер. Мысалы: завод, фабрика, машина, пароход, минут, секунд, газет, журнал, класс, парта, интернат, молотилка,сеялка, банка, семинария,физика,гемотрия,училище,диктант,пансион,алгебра,карта,т.б.

 

Монғол тілінен енген сөздер:

Мысалы: ноен (ноян), нохор (нөкер), нүүр (нұр), отор (отар), |тар (қолдық қары), жил-(жыл), жим (жым) жороо (жорға), завсар (жапсар), магнай (маңдай), мөнх (мәңгі), мәч (ин) (мешін), санаа (ІІ) (сана), сүүн(н) (сүт), төмөр (темір), туг (ту), намал (түиемел), тэгш (тегіс), тэнгэр (тәңір), унжгар (ұн-:рға), хавх (қақпан), хайран (қайран), хайч (ии) (кайшы), Ірамч (қарау), хатан (қатын), хөл (қол), хөк (көк), хуч (ин) күш), эр (ср, еркек), эрх (ерік), авга (ага), алаг (ала), ан (г), ),бүтэт (бүгін)

 

 

IV тапсырма:

5 минуттық эссе жазу

Қазақ тіліде кірме сөздер болмаса, тіл байлығы болар ма еді? 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану

Семантикалық карта

 

МысалдарТура мағынаОмонимСинонимКөнерген сөзКөп мағыналыАуыспалы мағынаТабуДисфемизмЭвфемизмЖаңа сөзКірме сөз
Күннің көзі +   
Уәзір +   
Әдемі, көрікті, сұлу +   
Ара +   
Ерке бала +   
Кілт +   
Боқмұрын +   
Сөзуар +   
Сөмке         + 
Саяжай        +  
Әдебиет         + 
Аймақ         + 

 

Бес жолды өлең жазу

Үйге тапсырма:

173-жаттығу

Мәтіннен, араб-парсы тілінен енген сөздерді тауып жазыңдар

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының аты-жөніЕреже шығаруОқулықпен жұмысДеңгейлік тапсырма  «Ең биік мұнара»Эссе жазуСемантикалық картаӨзін-өзі бағалауБірін-бірі бағалауҚорытынды баға

 

 

 

Пай,   пай, сөзі  мен сазы келіскен ән екен.

Критериалды бағалау шкалалары:

Рет саныКритерийлерДескрипторларҰпайы
1Ереже шығаруОқушы мысалдардың анықтамасын толық тұжырымдай алады

Оқушы  мысалдардың анықтамасын жартылай тұжырымдай алды

Оқушы мысалдардың анықтамасын толық тұжырымдай алмады

1

 

0,5

 

0

2Оқулықпен  жұмысЖаттығу жұмыстарындағы мысалдарды толық топтап жаза алды Жаттығу жұмыстарындағы мысалдарды жартылай топтап жаза алды

Жаттығу жұмыстарындағы мысалдарды толық топтап жаза алмады

1

 

0,5

 

0

3Деңгейлік тапсырма

«Ең биік» мұнара

Мағыналы көп  кірме сөзді уақытқа сай жаза білді

Кірме сөздерді жартылай жазды

Кірме сөздер жаза алмады

1

 

0,5

 

 

0

4ЭссеЭсседе сөздердің түрлері толық қамтылған, жүйелі жазылған.

Эсседе сөздің түрлері толық қамтылған, бірақ байланыс жоқ.

Эсседе сөздердің түрлері жартылай қамтылған, жүйелі жазылған

Эссе мүлде жазбаған

1

 

 

0,5

 

 

 

0

5Семантикалық картаСалыстыру кестесін толық толтырды

Салыстыру кестесін жартылай толтырды

Салыстыру кестесін жаза алмады

1

0,5

0

 

Ұпайларды мектеп бағасына айналдыру:

Жинаған ұпайларының қосындысыБаға
5

4

3

2-0

«5»

«4»

«3»

«2»