Бақытты сәттер

Тақырыбы: “Бақытты сәттер”.

Өткен сабақты қайталау, қорытындылау.

Сабақтың түрі: ойын сабақ.

Сабақтың мақсаты: оқушылардын алған білімдерін шыңдап, тексеру. Информатика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Көрнекіліктер: PowerPoint-та жасалған слайдтар, видеопроектор, сыйлықтар, нақыл сөдер.

Сабақтың барысы:

І. “Ұйымдастыру”.

Сынып үш топқа бөлінеді, өзінің аттарын қояды және әр топтың топ басшысы сайланады.

 

ІІ. “Бой сергіту”.

Әр топтың басшысы слайдтағы түрлі-түсті сұрақтары бар шаршыны таңдайды. Әр сұрақтын дұрыс жауабына 5 ұпайдан есептеледі.

Жасыл шаршы:

1.Информатика дегеніміз не?

2.Ақпараттық процесс дегеніміз не?

3.ЭЕМ-нің даму буындары нешеге бөлінеді?

4.Монитор не үшін керек?

5.Сканер не үшін керек?

 

 

Қызыл шаршы:

1.Компьютер дегеніміз не?

2.Кодтау дегеніміз не?

3.1-ші компьютер қашан шыққан?

4.Пернетақта не үшін керек?

5.Принтер не үшін керек?

 

Сары шаршы:

1.Ақпараттың өлшем бірліктері?

2.Программа дегеніз не?

3.Дербес компьютер қай буынға жатады?

4.Тышқан не үшін керек?

5.Модем не үшін керек?

 

 

 

ІІІ. “Құпия алаң”.

Құпия алаңда 20 түрлі-түсті шаршы берілген, әр шаршының астына сұрақтар жасырылған. Әр топтан 3 оқушы шығып, қайталамай бір-бір шаршыдан таңдайды.

Жасырылған сұрақтардың астында ұпай сандары берілген. Егер оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, ол өзінің тобына қосымша ұпайлар әкеледі.

Жауап бермесе, командасынан кез-келген оқушы жауап беруге болады, бірақ берілген ұпайы  5-ке кемиді.

  • 0 мен 1 нені құрайды? (5 ұпай)
  • Графикалық ақпаратқа не жатады?(

 

 

  • 15 ұпай)
  • Принтердің түрлерін ата? (25 ұпай)
  • Операциялық жүйе дегеніміз не? (Сыйлық

)

  • Джостик дегеніміз не? (5 ұпай)
  • Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды? (10 ұпай)
  • Келесі жүріс.
  • Процессор дегеніміз не? (20 ұпай)
  • Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? (25 ұпай)
  • Қапшық (папка) дегеніміз не? (Ұпай жоқ)
  • “Орта” деген сөзде неше байт бар? (20 ұпай)
  • Келесі жүріс.
  • Файл дегеніміз не? (Сыйлық)
  • Компьютерлік дискілерді ата? (15 ұпай)
  • Флешка дегеніміз не? (5 ұпай)
  • Қатқыл диск қайда орналасқан? (10 ұпай)
  • Банкрот (-5 ұпай)
  • Компакт дискіні оқитын құрылғы? (15 ұпай)
  • “Диск” сөзінде қанша бит бар? (25 ұпай)
  • Сыйлық (5 ұпай)

ІҮ. “Мынау не?”.

Әр топтан жауап бермеген бір-бір оқушыдан шығады.

Слайдта көрсетілген құрылғының атын және оның қызметін атап беру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылады. Егер оқушы жауап бермесе, онда оның қарсыласы жауап беріп, ұпайын жеңіп алады.

 

 

 

 

 

Ү. “Жұмбақ шешу”.

Әр  топтың капитаны шығып, әріппен белгіленген шаршыны таңдауы тиіс. Таңдалған шаршы қайталанбауы тиіс. Әр дұрыс тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі. Егер жауабын капитан таппаса, оның командасы көмектесе алады.

 

 

 

 

 

ҮІ “Құпая сурет”.

Әр топтың бір оқушысы түрлі-түсті шаршыны таңдайды.

Шаршының астында жасырылған суреттер бар. Суреті жасырған парақ 6- бөліктен тұрады. Оқушының қалауынша кез-келген нөмірленген бөлікті алып тастап, жасырылған суретті табу тиіс. Егер бір бөлікті алып тастағанда суретті бірден тапса, онда 10 ұпай беріледі. Суретті 2 бөлікті алып тастағаннан кейін тапса, онда 5 ұпай беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ.  Жеңімпазды анықтау.

Әділқазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Жеңімпаз топ марапатталады.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.