Абай – лирик ақын
Сабақтың тақырыбы: Абай – лирик ақын
Сабақтың мақсаты:
- Ақын өмірі мен шығармашылығын терең меңгерте отырып, лирикалық өлеңдері табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын,көркемдік ерекшеліктерін меңгерту.
- Өлеңді түсініп оқи білуге, ойын ашық, көркем тілмен жеткізе білуге, ой шапшаңдығы мен шығармашылық ізденістерін дамыту.
- Ұлылар өлеңдерін сүйіп оқи отырып, үлгі – өнеге тұтуға, табиғатты аялай білуге, поэзия тілін терең түсіне отырып қайырымдылыққа, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Сабақ әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, миға шабуыл, ой қозғау сатысы, деңгейлік тапсырма, топтастыру стратегиясы, венн диаграммасы.
Сабақ көрнекілігі: Ақын суреті, нақыл сөздер, тірек-сызбалар, мультимедиялық көрсетілім.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка, орыс әдебиеті.
Сабақ жүргізілуі:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік жұмысы
II.Үй тапсырмасы сұралады.
Ой-қозғау сұрақтары:
- Абайдың балалық шағы, өскен ортасы, білімі жөнінде не айтасыңдар?
- Абайды неше жасынан ел ісіне араласуға баулиды?
- Абайдың ақындық жолға бет бұрған жылдары?
- Ең алғаш өлеңдерін кімнің атынан жариялады?
- Абайдың орыс достары кімдер? Дүниеге көзімді ашқан кім деді?
- Әкесінің Абайға таққан міні?қандай тілдерді меңгерді?
III.Мағынанфы ажырату.Жаңа сабақ
Абай лирик ақын
Миға шабуыл:
- Лирика дегеніміз не?
- Лирика нешеге бөлінеді, түрлері қандай?
Лирика
Табиғат саяси-әлеуметтік
Махаббат көңіл-күй
Абай өлеңдерінің тақырыбы қандай?
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң, түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермеді.
Иә, бұл-өткенге өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуге жол сілтеу.
- Абайдың табмғат лирикасына арналған өлеңдері. «Күз» өлеңін салыстыр
Абай Пушкин
ерекшеліктері | ұқсастықтары | ерекшеліктері |
«Күз» неге сонша көңілсіз, сұрықсыз жырланады?
«Қыс», «Жаз», «Жаз» өлеңінің шығу тарихы
1880-1886 ж.ж «Көкбай сөздері» деген атпен «Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой»,- деді.
Саяси-әлеуметтік лирикалары: «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың» т.б.
Көтерген проблема:қазақ қоғамының ел басқару әдісін масқаралау, болыстарды сынау.
Махаббат лирикасы: «Өлсем орным қара жер» т.б.
Көңіл-күй лирикасы: «Сегіз аяқ» өлеңі
Атадан алтау
Анадан төртеу
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Өз басының мұңын өлеңге шаққан арнауынан басталады.
Абай өлеңдерін жатқа айт.
Абайдың күйлерінен үзінді тыңдау.
- Сергіту сәті. «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй»
«Желсіз түнде жарық ай» әні
Абайдың жаңашылдығы
Табиғатты адам кейпінде суреттеуі, жан бітіре суреттеуі.
Абай пайдаланған жаңа өлең түрі.
Қара көз, имек қас -А
Қараса жан тоймас -А
Ауызың бал, қызыл гүл -Б
Ақ тісің кір шалмас -А
Аттың сыны
Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ
Ауыз омыртқа шығыңқы майда жалды,
Ой желке үңірейген болса сағақ
Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті,
Қабырғалы жоталы болса күшті
Өлеңдегі эпитет, теңеулерді тап.
- Сонымен қорыта келгенде Абай өлеңдерінен, шығармаларынан не үйрендік, қандай ғибрат, тәлім-тәрбие алуға болады?
VII. Сабақты қорытындылау
Асыл сөздің жалғасын тап.
- Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық
_ _ _ _ _ _ _ _
- Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
_ _ _ _ _ _ _ _
- Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп
_ _ _ _ _ _ _ _
- Қайратсыз ашу-тұл,
Тұрлаусыз ғашық-тұл
_ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _
Абай жалғасын ойдан құрастыр.
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға.
Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге.
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
VIII. Үйге тапсырма: Абай өлеңдерін жаттау.
- IX. Оқушы білімін бағалау.