Компьютер пайдалы ма,әлде зиян ба?

Сабақтың тақырыбы: «Компьютер пайдалы ма,әлде зиян ба?»

Сабақтың мақсаты:

  1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтыау бір жүйеге  келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
  2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ексеріп, қарастырылатын тыңдай білуге тәрбиелеу
  3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:  Дебат   /пікір – талас/

Сабақтың әдісі:  Сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дидактикалық материалдар / сурет – плакаттар, құрал – заттар /

Құрметті ұстаздар, қонақтар мен оқушылар. Бүгін сіздер «Компьютер пайдалы ма,әлде зиян ба?» атты 7 сыныптар арасындағы дебатта бас қосып отырсыздар. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол – өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Әсіресе, бүгін біз өз күнімізді жарқын болашаққа жұмсауымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Бүгінгі дебат тақырыбы да осы арнаға келіп саяды. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба осы жайында бүгін біздің оқушыларымыз  сіздерге ой тастайды.

Таныс болыңыздар бүгін компьютердің пайдасы туралы сіздерге «Компьютер» тобы сөз қозғайды. Яғни жақтаушылар құрамында 7«Б»сынып оқушылары Айгерім, Данагүл, Альбина.

Компьютердің зияны туралы «Дарын»тобы, даттаушылар құрамымен таныс болыңыздар 7 «Ә» сыныбының оқушылары Ақмөлдір, Мөлдір, Әділбек.

Бүгінгі ашық пікір – таластың шарттарымен таныстырып өтейік.

  1. Әр топ өздерін таныстырады;
  2. Пікірталасу (екі топтан ойларын айтатындар кездесіп шығады регламинт 3-5 минутты сақтау)
  3. Екі топ өзара сұрақ алмасады
  4. Ашық дауыс беру (көрермендер, әділ қазылар)
  5. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз

Пікірталас ережелері:

  1. Пікірталас кезінде екі топта да
  • Өз ойларын баяндаған кезде бір бірімен мәдени сөйлесуге;
  • Сұрақтарға нақты жауап қайтаруға;
  • Сұрақтарға сыйластықпен жауап беруге;
  • Бір бірін ренжітпеуге;
  • Қарсы топтың ойын кекетпеуге;
  • Берілген уақыттан аспауға міндетті.
  1. Cпикерлер және көрермендер сайлау кезінде өз дауысын бергенде топтарды
  • Сөйлеу мәнеріне
  • Шешендік қасиетіне
  • Сендіре білу қасиетіне
  • Қарсылас топпен қарым қатынасына назар аудару керек.
  1. Cпикерлер және көрермендер сайлау кезінде өз дауысын бергенде топтардың баяндап отырған көзқарасына назар аудармау керек.

Алғашқы кезек топ мүшелері өздерінің басты мақсаты, ұранымен таныстырса.
Әділ
қазы, ақ қазыға бір сәлем 

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар айтыстыра неше бір

Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл

демекші әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

Сарапшыларымыз:

  1. Сәуірбаева Үміт – мектеп психологы

2.Меңдіғалиева Эльмира –Физика пәні мұғалімі

3.Табылдиева Нұрбақыт –ағылшын тілі  пәні мұғалімі

 Сөз кезегі ойыншыларға беріледі.

 Алғашқы сөз кезегін жақтаушы, яғни «Компьютердің пайдасы» туралы айтушы  «Компьютер» тобының мүшесі  7 «Б» сыныбының оқушысы  Айгерімге  береміз. Естеріңізге сала кетейін регламинт 5-7 минут.
Армысыздар құрметті көрермендер, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің қойған сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұсынып отырған позициямыз «Компьютер керек, біздің өмірімізге қажетті құрылғы. Компьютердің пайдасы өте зор». Компьютердің маңызын, оның пайдасы туралы толық мағлұмат алу үшін ең алдымен «компьютер» сөзіне толық мағына беріп алайық. Ақпаратты  автоматты түрде өңдеуге арналған  ақпараттық және бағдарламалық құралдар кешенін компьютер деп атайды.  Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал- компьютер. Ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табыладыКомпьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады.  Есеп -қисап жасау, мәліметтерді өңдеу, құжаттарды қағазға басып шығару  істеріне пайдалансаңыз,  сіз бір сағатта көптеген жұмыс жасай аласыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын ең шебер адам минутына 60-80 сөз, 6-8 жол басса, компьютер 120 жол басады, демек, 1 компьютер 200 адамды алмастырады екен. Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен, яғни,  жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз. Компьютер бізге зиян деп жатамыз, онымен жұмыс істеп қолдана білсең еш зияндығы жоқ. Қазір жаңа заман біз бәріміз компьютерді толықтай білуміз тиіс. Сақтансаң құдай сақтайда деген мақал бар ол өзіңе байланысты. Әрине барлық нәрсе шегінен асса зиян келтіреді. Ал күнделікті пайдананып отыру зиян емес. Қазақстанда компьютер адам денсаулығына зиянды деген қате ұғым бар, осыны мен ойлаймын, әдейі Қазақтарға таратқан көпдеген теріс ағымдардың бірі ма деп. Компьютерден қашпау керек, бүкіл дүниені жүргізіп жатқан компьютер, біз Қазақтарда осы саланы меңгеруіміз керек, бала кезіннен компьютедір үйрету  керек, ақшаң жетпесе де нашар болса да алу керек, бала кезіннен үйренсе нағыз маман болып шығады деп ойлаймын. Бізге компьютер коп болса сонгы 10-15 жылда келді? ал Жапонияда ол бурыннан бар. Солар да жур гой?? Сөзімді қорытындылап келіп жаңа информациялық технология қарқынды даму үстінде- осыған байланысты  компьютерде  еркін жұмыс істеу,  одан информацияны ала білу, оны өңдеу  және күнделікті  істе пайдалану дамудың қажетті шарты болып табылады.Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

«Дарын» тобының мүшесі 7 «Ә» Амандықова Мөлдір  сіздің ойыңызды тыңдауға әзірміз:

Сәлем бердім қауымға. Біздің қарсыластарымыз: «Құжатты әдемі таза жазып, компьютерде сақтап қоюға болады» дейді. Мысалы электр тоғы жұмыс кезінде өшіп қалса, біз теріп отырған жұмыстарымызда лезде өшіп, жойылып кетеді. Сонын нәтижесінде жұмысымызды қайта жасауға тура келеді. Ал буған екі есе уақыт кетеді. Мысалы сақталған құжаттың көшірмесін жасау керек дейік?  Ал біз ол құжатқа  қандай атымен сақтанғанымыз ұмытып қалдық дейік, сонда ол құжатты таба алмаймыз және оны қайтадан теруге тура келеді. Қарап тұрсаңыз бұған да уақыт кетеді. Ал сіздер «Компьютер талабы» компьютерде уақытты үйнемдейді, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі, жұмыс өнімділігін арттыру болып табылады дейсідер?  Қалай уақытты үнемдейміз?

Компьютерлендірудің алғашқы жылдарында (“компьютер -көрермен синдромы” (CVS-Computer Vision Syndrome) дисплейлердiң қолданушыларында ерекше шаршау байқалған. Оның себептерi бiрнешеу: дисплейдегi сурет бақылау объектілерiнiң үйреншiктi көздерiнен принциптi айырмашылығы бар дискреттi нүктелерден тұрады; оның нақтылы жиiлiгi бар, бұл нүктелер жылтылдап, яғни, жана бастайды да, өшедi; компъютердің түрлi- түстi суреті табиғи түстерге сәйкес келмейдi. Компьютермен жұмыс жасаудың зиянды жақтарына тоқталып көрелік. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар:
• компьютер алдында өте ұзақ уақыт отыру;

  • монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері;
  • көзге салмақ түсуі,
  • шаршау;
  • білезіктердің буындарына шамадан тыс салмақ түсуі;
  • мәлімет жоғалтуына орай стресс жағдайы.

Адам компьютерде босаң қалыпта отырады, ол денесінің қандай тұрғыда қисайғанына мән бере бермейді. Бұл ағзаға кері әсер етеді; омыртқа, мойын, бастың бұлшық етi, қол және иықтарға артық салмақ түскендіктен балаларда-сколиоз, остехондроз аурулары пайда болады.
Көздер мәтiн немесе суреттiң майда дiрiлдеулерiн, перденiң жылтырауын тез тiркейдi. Көз шамадан тыс салмақ әсерінен көру қабілетін жоғалтады. Кiлегейленген түстi сәтсiз таңдап алу, шрифттер, терезелердiң құрастырылымы, перденiң терiс орналастырылуы көзге теріс әсерін тигізеді.
            Микрожарақаттану – бұл күн сайынғы салмақ түсу нәтижесінде организмнің бiртiндеп тозуы. Организмде көп жиналған микрожарақаттанулар болады. Ол қол немесе аяқтың сынуы сияқты кенеттен пайда болмайды. Сiз ауруды сезінбес бұрын, бiрнеше айлар өтеді. Ауру әртүрлi сезiледі : ішкі ағзаның қыжылдауы, шаншу түрінде сезіледі.
Барлық компьютер қолданушылар өз мәлiметiнiң резервтiк көшiрмелерiн сақтап отырады. Кейде компьютерлік вирустардың кесірінен сақталған мәліметтер жойылып та кетеді. Мұндай жағдай көп адамдарға қатты соққы болып тиеді. Қатты соққының әсерінен адамдар инфаркт алып қалатын жағдай да болады.

Шаң және компьютердегi кiр уақыт өте келе бiраз шоғырланады және де олар күрделi болады. Кiр болған жерде бактерия, шаң, микроб, шаң-тозаң кенелерi болады . Бұның барлығы әртүрлi ауруларды қоздырады.

Калифорниялық бір ер кісі Online (қосулы тұрған)-қызметтер үшін өзінің бар тапқан ақшасын құрбан еткен. Онысымен қоймай өзі отырған қара шаңырақты да осы компьютердің  жолында рәсуә етіпті. Үй-жайсыз қалып, күнкөріс қамын жасамақ болып, ұрлық жасап жатқан жерінде ұсталып қалады. Сол кездегі әлгі бәтшәғардың айтқаны: ”Мен үшін компьютерде отыру үйімнің болғанынан да артығырақ. Мен компьютер арқылы  көп достар таптым. ”

Жоғарыда аталып өткен оқиға компютерге  тәуелділік ауруына бір ғана мысал. Ондайлар уақыт өткен сайын жауыннан кейінгі саңырау құлақтарша қаптап келеді. Құлақ салып тыңдағандарыңызға рахмет.

«Компьютер» тобының мүшесі 7 «Б» сыныбының оқушысы Махметова Данагүл сөз кезегі өзіңізде.

Құрметті көрермендер, бұл сұраққа мен жауап берейін. Компьютер жұмыс жасап отырғанда кенеттен электр тоғы сөнді дейік, бұл жағдайда сіздер біреулеріңнің керек компьютерге UPS / Источник безперебойного питания  / құрылғысы қосылып туру керек. Сол арқылы тоқ сөнген кезде осы құрылғы бойына 20-30 минут аралығына дейін тоқ сақтап тұрады. Ол компьютерге беріліп, сіз жұмысыңызды сақтап, тіпті принтермен бірнеше көшірмесін жасап үлгересіз. Ал егер ол құрылғы қосылып тұрмаса,  тіпті  жоқ болған кезде Файл – Сохранить немесе Құрал – сайманда тақтасындағы сақтау батырмасын әр 5 минут сайын басып отыру қажет. Ал енді жоғалған құжатқа келмек болсақ, компьютерде Іске  қосу – Табу – Файлдар және бумалар осы тізбектен кейін құжаттың атымен, жазылу күнімен табуға болады. Сол кезде компьютер сізге іздеген құжатыңызды тауып береді. Компьютерде жұмыс істейтін адамдардың денсаулық жағдайына теріс ықпал ететін негізгі факторлар атап өттіңіз, спикер мырза! Ал мен сіздерге компьютермен жұмыс жасауға отырмас бұрын мына кеңестерді басшылыққа алып жүруді ұсынамын.
Компьютерде жұмыс істеу үшiн 14 кеңес.

  1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
  2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
  3. Монитор мен сiздiң көздерiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
  4. Жоғарғы бөлi сiздiң көзiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiз.
  5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiз.
  6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
  7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
    8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
    9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
  8. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiз.
  9. Әлс-әлс креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық ет асықпай тартыңыз.
    12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
  10. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
  11. С компьютерде өткiзет уақытты азайтуға тырысыңыз.

 «Дарын» тобының мүшесі Дюсенбаева Ақмөлдір  сіздің ойыңыз.

Армысыздар аса қадірлі көрермен. Компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіздер ме? Оқушы компьютердің алдында ұзақ уақыт отырса көзі талады, жотасы ауырады. Компьютерден бөлінетін ультра – күлгін сәулесі көзге зиян әсер етеді. Бала ұдайы отырғаннан түрлі ауруларға шалдығады. Таза ауа қажет. Сонымен қатар адамдардың компьютерді қандай мақсатта пайдаланатынын анықтау мақсатымен интернет клубқа барып, бақылау жасадым. Бақылау барысында қаламыздағы интернет клубтардың көптігіне қарамастан, келушілердің санының күніне 200 адамнан асатындығы туралы мағлұмат алдым. Есенберлин көшесінде орналасқан интернет – клубтың меғгерушісі Зарина Тұрлыбекқызымен сұхбаттаса отырып, төмендегідей көрсеткіштерді анықтадым:Клубқа күніне 200 адамға жуық келеді.
Оның көпшілігі 10-16 жас аралығындағы балалар
Көпшілігі 3 сағат шамасында үзіліс жасамай ұзақ отырады.
Ең кіші келушілердің жас шамасы 5- 6 жаса арлығында.
Олар сабақтан кейін бірден осында келеді және түрлі компьютерлік
ойындар ойнайды. Интернет клубқа келулерінің басты себебі, үйде компьютерде көп отыруға ата –аналары рұқсат бермегендіктен екен. • Ересек адамдар көбіне жұмыс ретімен келеді.

Егер біз әрбір екінші адамның үйінде компьютер барын ескеретін болсақ, ол балалардың болашағы қалай болады деп еріксіз ойланасыз.

Қорыта келе айтар болсақ, компьютер ,әрине, адам өмірінде өте пайдалы, қажетті құрал. Қазіргі таңда компьютерсіз қоғамды елестетіп көру де мүмкін емес. Дегенмен, компьютердің пайдасына қоса зияны да бар.
1. Дене сымбаты бұзылады, соның салдарынан скалиоз ауруы қалыптасады;

  1. Көздің көру ,құлақтың есту қабілеттері төмендейді;
  2. Саусақ ұштарына пернетақтадан электрленген сәулелер әсер етіп, қолдың буындары ауыра бастайды.
  3. Компьютер алдында ұзақ отырудан бел омыртқаға көп күш түседі де, омыртқа дискілері қалыптасқан үлгіден өзгеріске ұшырайды.
  4. Жүйке жүйесінің бұзылуына да әсер етеді.

Компьютер бөлмесі кейбір жерде қараңғылығын, суық бөлмесі, ауасы тар, терезесі ашылмаған. Осының бәрі біздің денсаулығымызға зиян. Біз өз денсаулығымызды сақтасақ, болашағымыдза жарқын – жақсы болады. Ең бастысы байлық денсаулық демекші денсаулығымызды сақтайық.

 «Компьютер» тобының мүшесі Альбина  сөз кезегі сізде.

Мектептегі жалпы оқушылар денгейлі әртүрлі. Бір бала спорттық ойындарды ұнатады, тағы басқасы қол өнерімен шұғылданады, енді бірі кітап оқығанды жақсы көреді, тіпті ештеңеге қызықпайтын оқушылар да бар, солар қайтпек. Бұл жағдайда компьютерлік ойындардың көмегі тиеді. Мысалға сіздерге мына газет қиындысы  «Өмірге құмар бала» атты мақала «Жетісу» газетіне шыққан, мұнда компьютерлік ойындарды сүйіп ойнап, компьютерлік клубта жұмыс атқаратын мүгедек  бала туралы жазған. Біз мектебіміздегі компьютерге енгізілген «Косынка», «Черви», «Солитер» және т.б. ойындары оқушы тышқанды   толық меңгеріп, онымен еркін жұмыс жасауға, қолын жаттықтырып, жақсы көмектеседі. Әрене мен атыс-шабыс, қан төгіу ойындарына қарсымын. Бірақ бір айтарым біздің мектепте ондай ойындар жоқ, бар болғанда да оқушылардың оны ойнағанға уақыттары жоқ, оның үстіне мұғаліміміз рұқсат етпейді. Ал біз мұғалімімізді әрқашан тыңдап, айтқанын орындап, құрметтейміз. Көптеген компьютерлік ойындар балалардың логикасы мен кеңістіктік ойлау қабілетін арттырады. Компьютерлік ойындар тек қана атыс-шабыстан тұрмайды, олардың бас қатырарлықтай шым-шытырық тапсырмаларға, логикалық шешімдерге негізделген, анағұрлым интеллектуалдық түрлері де жетіп-артылады

Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет.

«Дарын» тобының мүшесі Аділбек сөз  кезегі өзіңізде Естеріңізге сала кетейін регламинт 3-5 минут.

Сәлем бердім  көрерменге. Ал енді компьютерлік ойындарға келсек, олардың қаншалықты зиян екенін айта кетейік. Компьютерге  енгізілген ойындар атыс – шабыс  тағыда басқа қан төгу, жауыздық тақырыбында болады. Осы ойындарды бала ойнап, оның психологиясына қандай жаман  әсер беретін өздеріңде білесіздер. Ұдайы ойнаған баланың миында ойынның мазмұны, әдіс – тәсілдері еніп, жаман қылық, тіпті қылмысқа да баратын болады. Қалалы жерде ақша табу үшін компьютерлік ойындарды жарнамалап, оқушы балаларды өздеріне тарта бастап, жаман қылықтарға бағыттайды. Компьютерлік ойындардан басқа да өзіміздің ұлттық ойындарамыз бар, соны неге ойнамасқа. Асық ойнау, күрес, қол күрес, волейбол, футбол сияқты коп ойындар бар. Біз бөлмеде тығылып компьютерлік ойынды ойнағанша, далада таза ауа жұтып, көпшілікпен көңіл көтеріп, денемізді шынықтырып, сау болғанымызға не жетсін.

Менің ойымша, компьютерлік ойындардың жасөспірім балаларға кері әсері көп. Мұны батыстың, Жапонияның ғалымдары әлдеқашан дәлелдеген де. Біріншіден, мұның денсаулыққа зияны үлкен. Яғни физикалық тұрғыдан алып қарағанда, көздің майын жейді, радиациясы бар деген сияқты. Мұның сыртында, сана-сезімі жаңа қалыптасып келе жатқан балалардың ойлау жүйесіне, қабілетіне тигізетін зияны зор. Себебі олардың көпшілігі, тіпті 99 пайызы – біреуді біреудің өлтіруіне, қысым жасауына, қатыгездікке, басқа да толып жатқан өрескел қылықтарға үйрететін ойындар. Сонымен қатар «неге балалар компьютерлік ойындарға құмар, неге сонымен әуестенеді?» дегенге келгенде, олардың бос уақыты мәселесі пайда болады. Сөйтіп, бос уақытын қайда жіберерін білмеген балалар, компьютерлік клубтарды маңайлайды, үйдегі компьютерді айналдырады. Себебі, басқа балама жоқ. Бұл – балалардың кінәсі емес, бұл ересектердің, қоғамның, мемлекеттің кінәсі, тасада қалып қойған үлкен проблема. Өйткені бұл – келешек ұрпағымызға қатысты мәселе. Құлақ қойып тыңдағандарымызға көп рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Бәріміздің айтқан ойларыңыз, тұжырымдарыңыз дәлелді, нақты деп ойлаймын. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы көтеген мағлұмат алдық  деп ойлаймын. Оның бағасын әділ қазылар бере жатыр. Келесі үй тапсырмасын көңіл бөлейік. Әр топ шығарған газет, дайындаған презентацияларын қорғауға дайын болар. Ортаға «Компьютер» тобын спикерлерін шақырамыз.
  2. Келесі кезек «Дарын» тобына беріледі.

Сұрақ – жауап:

Осы тақырыпта байланысты өз ойларын сұрақтар арқылы толықтатар деген ниетпен екі топқа сұрақ алмасуға рұқсат беріңіздер.

Топ жетекшісінің Билік жүйесіне ұсыныстарын оқу.

            Бүгінгі ашық пікір – таластан шыққан қорытынды, ұсыныс ретінде әр топ өз ойын ортаға салса яғни, айтайын дегеніміз әділ қазылар мүшелеріне және мектеп әкімшілігіне әр топ өз ұсыныстарын тізбектеп өтсе. Бірінші кезекте «Компьютер» тобы. Келесі сөз «Дарын»  тобына берілсе.

І топ ұсыныстары

  1. Компьютер сабағы аптасына екі рет болса
  2. Компьютер алдында киіп отыратын ақ халаттар оқушыларға жететіндей алынсын
    4. Компьютердің алдында отырған бала уақытты тиімді пайдаланса

ІІ топ ұсыныстары:

  1. Информатика сабағында техника қауіпсіздік  ережесі сақталса
  2. Оқушылар сабақтан қалмай, білмегендерін сұрап білсе
  3. Әр оқушы компьютерде еркін жұмыс жасай алса
  4. Әр пәнге электронды оқулықтар алынса

Қорытынды.

            Ашық пікір – сайысымыздың қорытынды сәті де келіп жетті. Бүгінгі сайыстағы басты міндет әр топ өз ойларын шебер де, дәлелді етіп жеткізе білуде болатын. Әр топ өз ойын қаншалықты дәлелді де, нақты етіп жеткізгені туралы қорытынды сөз кезегін әділ қазылар мүшелеріне береміз.

Жюридің пікір – таласқа деген көз қарасы.

            Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға мыңда бір рахмет!