Әткеншек құрастыру
Сабақтың тақырыбы: «Әткеншек құрастыру.
Сабақтың мақсаты: Технмкалық құрастыру әдіс-тәсілімен таныстыру.2. Ұқыптылыққа, ептілікке баулу. 3. Ой-өрісін дамыту.
Жабдықтау: түрлі-түсті қағаз ,желім қайшы.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақа) Техникалық құрастыру туралы түсіндіру.Техникалық құрастыру дегеніміз жеке бөліктерді бір-біріне біріктіру арқылы әр түрлі бұйымдар жасау.Құрастыру бөліктері қағаздан, ағаштан, пластмассадан, металдан немесе керамикадан жасалады. Олардың бөліктерінен алуан түрлі құрылымдар құрастыруға болады.
Құрал-саймандар: Қажетті бөлшектер.
Бұрауыш, Қоспа
Кілт. Қайырма
Тістеуік. Бүкпе
Бұранда және бұрама.
ә) Үлгі бойынша құрастыру.1) Тіреуіштің жоғарғы жағын бұранда мен бұраманың көмегімен бүкпеге бекітіңдер.2) Тіреуіштің төменгі жағын да бұранда мен бұрама арқылы бекітіңдер. 3) Үлкен және кіші қайырма мен бір қоспадан орындық құрастырыңдар. 4) Бұранда мен бұраманы пайдаланып, оларды бекітіңдер.
ІҮ. Білімді бекіту.-Әткеншек құрастыруға қажетті құралдарды ата.-Әткеншек бөлшектерін атап шық.
Ү.Үйге тапсырма: Үлгіге қарап әткеншек құрастырыңдар.
ҮІ.Сабақты қорытындылау.Бүгінгі сабақта не жасауды үйрендік?