Дербес компьютердің жұмыс принципі.

Сабақтың тақырыбы:    Дербес компьютердің жұмыс принципі.

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі:  Дербес компьютерлер, дербес компьютер туралы жалпы мәлімет, дербес компьютерді

жіктеу туралы білімдерін қалыптастыру.

           Тәрбиелігі:  Жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету. Ұлтжандылыққа, отан алдында борышын сезініп жаңа заман талабын игеруге тәрбиелейді.

Дамытушылығы:  Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі:    жарыс сабағы

Сабақтың өту әдісі:   сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі:  компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары:   жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Конъюкция дегеніміз не?
  2. Дизъюнкция дегеніміз не?
  3. Логикалық көбейтуді қалай түсінеміз?
  4. Логикалық қосуды қалай түсінеміз?
  5. Логикалық теріске шығаруды қалай түсінеміз?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Біз 7 –сыныпта  дербес компьютерлердің құрылымдарын және олардың атқаратын міндеттерімен таныстық. Енді ДК-дің жұмыс істеу принципін толығырақ қарастырайық. Біз осыған дейін компьютер дегеніміз – ақпараттарды жинау, өңдеу және беру үшін қолданылатын әмбебап электрондық машина деп айттық. Олардың ішінде жеке жұмысқа арналған дербес компьютерлер кең тараған.

Дербес компьютер – кез келген жұмыс орнына орнатуға болатын машина.

ДК-дің  минимум тізіміне мыналар жатады:

    1. Жүйелік блок;
    2. Монитор
    3. клавиатура

Тасымал компьютерлер – жеңіл, ықшам, жұқа экранды ДК. Оны ноутбук деп те атайды. Тасымал компьютерлер – батареямен жұмыс істейтіндіктен оны адам өзімен бірге алып жүре алады.  Тасымал компьютердің дербес компьютерден айырмашылығы оның микропроцессоры,  экраны және клавиатурасы бір корпуста орналасқан. Жұмыс істеп болғаннан кейін экранды клавиатураға жақындату арқылы оны кітап сияқты жинауға болады.

Қалта компьютерлер – оны жиі сандық көмекші деп атайды.  Олар батареямен қоректенеді және тасымалкомпьютеріне қарағанда өте ықшам болады.  Қалта компьютерлер дербес және тасымал компьютерлер сияқты қуатты  болмаса да, оны  телефон нөмірлерін , мекенжайды, ойындарды сақтау үшін қолдануға болады.

Компьютердің  маңызды элементтерінің бірі – монитор.  (дисплей) .

Монитор – компьютердің программасы жұмыс істеген кезде шығаратын ақпараттарды бюейнелеуге арналған негізгі құрылғы.

Принтер – компьютерге қосылған басып шығару құрылғысы.  Жылдамдығы және басып шығару сапасымен ерекшеленетін принтердің үш түрі кеңінен тараған: матрицалық, бүріккіш және лазерлік.   Олардың  ішіндегі ең қарапайымы және арзаны – матрицалық, ең жылдамы және сапалысы –лазерлік, ал бүріккіш принтерлер арзан принтерлердің ішіндегі ең сапалысы.

Дискета – ақпаратты тасымалдаушы, оларда программалар мен мәліметтерді компьютерден тыс сақтауға болады.

Компакт –дискі.  CD-R/RW, DVD-R/RW —  алтын түсті ( R – жазатын,   RW   қайта жазу) болып келеді.  CD-R , DVD-R  -ге ақпаратты тек бір рет қана жазуға, ал  CD-RW, DVD-RW дискілеріне көп жазуға болады.

Флеш-жады – бұл  энергияға тәуелсіз,  мәліметтерді микросұлбаларда жазуға және сақтауға мүмкіндік беретін жадының түрі.  Ол қазіргі заманғы  компьютерлердің әрқайсысында болатын арнаулы USB  — порт арқылы қосылады.

Флэш  жады жылдам жадыдан энергияға тәуелсіздігімен ерекшеленді, яғни энергияны өшіргеннен кейін де жадының ішіндегі мәлімет сақталады .

 

  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
    1. Дербес компьютер құрамына қандай құрылғылар кіреді?
    2. Процессор дегеніміз не?
    3. Процессордың негізгі компоненттерін атаңыз?
    4. Қазіргі компьютерлердің жұмыс істеу жылдамдығы қандай?
    5. Мониторлардың қандай типтері бар?
    6. Принтрелердің негізгі түрлері қандай? Олардың негізгі ерекшеліктері қандай?

 

Үйге тапсырма:   Дербес компьютердің жұмыс принципі.

 

 

Сабақты қорытындылау:    Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,

бағалау.