“Көңілді тапқыр балалар ” сайысы
Сайыстың мақсаты: “Көңілді тапқыр балалар ” сайысының
мақсаты оқушылардың информатика
пәнінен алған білімдерін жинақтау,
ой-өрісін мен танымдық қабілеттерін дамыту,
шығармашылыққа баулу,өз ойын еркін
жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнектілігі: Қабырға газеттер, компьютер туралы шумақ
өлеңдер, эмблемалар, карточкалар
Өту барысы
- Ұйым кезеңі
- Екі команда қатысады. Әр қайсысында 6 оқушы.
- Әділ қазылар мүшелерін таныстыру.
I бөлім:
Ақпараттану күнбе – күн өрге басып келеді.
Таппай іздеп жүргенің компьютерге енеді-
Интернетке қосылу Бір – ақ жұмыс керегі!
а) 1-ші тапсырма: Әр топ өздерін таныстыру, газеттерін қорғайды.
( бағалау 10, 20, 30 балдық мөлшерде )
б) 2-ші тапсырма: Сандарды бір санау жүйесінен басқа санау
жүйесіне ауыстыру.
II бөлім: “ Сәттілік кезең ” Екі командаға 15 сұрақтан беріледі:
I- команда сұрағы
- Вирусты емдейтін программа (антивирус)
- Информация өлшем бірлігі (бит, байт )
- Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер (файл)
- Мәліметтер енгізу пернесі (Enter)
- Бос орын қалдыру пернесі ( пробел )
- Сурет салуға арналған программа (граф, редактор )
- Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)
- Принтер неше түрге бөлінеді (3)
- Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы
(интернет)
- Компьютер жанына қойылатын өсімдік (кактус)
- Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі
(алгоритм)
- Компьютер миы неден жасалған ()
- Сіздер жұмыс істейтін пернелік тақтада неше перне бар (107)
- Компьютердің миы (процессор )
- Интернет деген не? (Бүкіләлемдік компьютерлік желі)
I I — команда сұрағы
- Қағазға басып шығару құрылғысы ( принтер )
- Енгізу құрылғысы (пернетақта )
- Дыбыс шығару құрылғысы ( колонка)
- Бас әріптерді режимін іске қосу пернесі (Caps Lock )
- Ақпараттық ең кіші көлем бірлігі ( бит)
- Жыпылықтап тұратын тік сызықша ( курсор)
- Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы ( CD-ROM)
- Мәтін жазуға арналған программа ( WORD)
- Компьютер тілі ( монитор)
- Сіздер қандай операциялық жүйемен жұмыс істейсіздер ( Windows’ XP )
- Windows сөзінің аудармасы ( терезе)
- ЭЕМ- ның неше буыны бар ( 4 буын)
- Кіші әріппен жазу үшін не сөніп тұру керек (Caps Lock )
- Тышқанның ішінде не бар ( шарик )
- Кілем үстіндегі құрылғы (тышқан )
2 тапсырма: Түсін мені: “ Қыстырма ” , “Күн және уақыт” , “Жұмыс үстелі” , “Қаріп” осы тапсырмаға келетін алып, түсіндіреді, компьютерде безендіреді. Терминологиялық мағынасын түсіндіреді
III бөлім. Сарамандық жұмыс
Екі командаға тапсырма беріледі. Соған құрастырып сурет салады, өлең шығарады
Қорытынды: Компьютер сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демесің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманның!
Әділ қазыларға сөз беру: Команда мүшелерін марапаттау, сыйлықтар тапсыру, Алғыс хаттар