Мата туралы түсінік беру. Матадан бұйым тігу
Сабақтың тақырыбы: Мата туралы түсінік беру. Матадан бұйым тігу.
Сабақтың мақсаты: 1. Мата туралы түсінік беру, матаны неге пайдаланамыз? 2. Еңбек етуге баулу. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Жабдықтау: Қайшы , ине, жастықша.
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.1. Мата түрлеріне тоқталу.2. Матаны өндіру ерекшелігі3. Матаны бір-бірінен ажырату.4. Матаның өң беті мен теріс бетінің ерекшелігі ә) Матадан бұйымдар тігу.Құралдарды пайдаланып матадан бұйымар тігеді. Ол «іс тігу « деп аталады.Матаны арнайы құралдар- қайшы мен иненің көмегі арқылы өңдейді.Ал бұл құралдарды пайдаланудың өзіне тән ережелері бар. Соны біліп алу керек.б) Құралдарды пайдалану ережелері:1.Қайшы мен инені доғал жағымен ұсыну керек.2.Ине мен түйреуішті ауызға салуға, киімге түйреуге болмайды.3. Іс тігіп болған соң ине мен түйреуішті түгендеп шығу керек.4. Ине мен түйреуішті арнайы жастықшаға түйреп қою керек.
ІҮ. Жаңа білімді тексеру: Матаның қандай түрлерін білесің?- Оларды неден өндіреді?- Матаның қандай беттері бар?- Матаның қағаздан қандай айырмашылығы бар?
Ү.Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?