Үзіндіні бейнелеу немесе бұру, еңкейту және созу

 

Сабақ жоспары

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:   Үзіндіні бейнелеу немесе бұру, еңкейту және созу

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сурет үзіндісін шағылдырып бейнелеуді, бұруды,

созуды және еңкейтуді үйрету

  1. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, өз беттерімен

жұмыстануға баулу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту,

теориялық  білімді практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:                 Десант сабақ

Сабақтың көрнекілігі:    ДК, Paint бағдарламасы, тест, жауап парағы, презентациялық

слайдтар, карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру («Не білемін?»)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру («Не білгім келеді?»)

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту («Не білдім?»)

Ү. Сабақты қорытындылау («Мәреге жет!»)

 

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақ кезеңдері

 

 

 

 

     Не білемін?             Не білгім келеді?               Не білдім?                 Мәреге жет!

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Не білемін?

 

  1. «Ғажайып сұрақтар»
  2. Арман сұрақ қояды. Арман қатарынан бірнеше күн Paint графикалық редакторында сурет салды. Ол оны анасына 8-наурыз мерекесіне сыйламақшы еді. Сурет дайын болған кезде, Арманның бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салғанға Арманның уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?

Соңғы әрекетті қалай орындатпауға болады?

  1. Кеңес бергендеріңе Арман өте риза болды, оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр. Сендердің көмектеріңді күтеді.

Орындатпау командасын қалай кері қайтарамыз?

  1. Арман қайталау командасы арқылы орындалмаған әрекетті кері қайтарды. Ол енді суретті сақтау керек. Ол тағы да сендерден көмек сұрайды.

Суретті қалай сақтаймыз?

  1. Тест сұрақтарын (1, 2-нұсқа) тарату, нәтижесін жауап парағы арқылы тексеру.

 

  1. Paint қандай редактор?

а) мәтіндік

ә) кестелік

б) графикалық

  1. Түстер палитрасының көмегімен неше түрлі түс таңдауға болады?

а) 2, негізгі және фон түсін

ә) тек 1 түсті – фон түсін

б) тек бір түсті – негізгі түстерді

  1. Сурет салу неше кезеңнен тұрады?

а) 4 кезеңнен

ә) 2 кезеңнен

б) 5 кезеңнен

  1. — құралының қызметі қандай?

а) құю құралы, тұйық контурдың ішін бояуға арналған

ә) түс таңдау құралы, кескіннің немесе тоның фонын суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді

б) қылқалам, ерікті сызықтарды салуға арналған

  1. Эллипс пен шеңберді қай құралдың көмегімен саламыз?

а)

ә)

б)

  1. Соңғы әрекетті болдырмау үшін қандай команданы орындаймыз?

а) Правка → Отменить (Түзету →Орындатпау)

ә) Правка → Повторить (Түзету→Қайталау)

б) Файл → Сохранить (Түзету → Сақтау)

  1. Бүрку эффектісін беретін құрал:

а) өшіргіш құралы

ә) қылқалам құралы

б) бүріккіш құралы

  1. — құралының қызметі:

а) суретті көшіреді

ә) суретке мәтін қосу үшін қолданылады

б) суреттің масштабын үлкейтеді

  1. Paint графикалық редакторын қай жолмен сіке қосамыз?

а) Пуск – Стандартные – Paint (Іске қосу – Стандарттылар – Paint )

ә) Пуск – Все программы – Paint (Іске қосу – Программалар – Paint)

б) Пуск – Все программы – Стандартные – Paint(Іске қосу – Программалар – Стандарттылар – Paint)

  1. 7. Қисық сызықтар сызу үшін пайдаланылатын құрал:

а)

ә)

б)

  1. 3. Электронды оқулықпен жұмыс

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Не білгім келеді?

 

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру, үзіндіні еңкейту және созу

Отразить/Повернуть (Бейнелеу/Бұру) командасының көмегімен  бөліп алынған үзіндіні тік (вертикаль) немесе көлденең (горизонталь) осьтеріне қатысты 90, 180, 270 градусқа бұруға болады.

Бұл операцияларды қандай да бір суретпен, мысалы алманың және қар бейнесінің суретімен жүргізіп көрейік:

  1. Алманың суретін үзінді түрінде белгілейміз.

1-сурет. Алма суретінің алғашқы түрі

 

 

 

 

 

  1. Рисунок – Отразить/Повернуть (Бейнелеу/Бұру) командасын орындаймыз.
  2. Ашылған сұхбат терезесінде Отразить слева направо (Солдан оңға қарай шағылдырып бейнелеу) опциясында тышқанды шертіп, ОК батырмасын басамыз, сонда алманың суреті горизанталь осіне қатысты кері бұрылады.

 

 

 

 

 

  1. Тышқанды Отразить сверху вниз (Жоғарыдан төмен қарай бейнелеу) опциясында, содан кейін ОК батырмасын шертеміз.

 

 

 

 

 

  1. Повернуть на угол (Бұрышқа бұру) опциясында тышқанды шертіп, 900 опциясын таңдаймыз да, ОК батырмасын шертеміз.

 

 

 

 

 

 

Растянуть/Наклонить (Созу/Еңкейту) командасы арқылы үзіндіні созуға және горизантоль немесе вертикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

  1. Алманың суретін үзінді ретінде белгілейміз.
  2. Рисунок – Растянуть/Наклонить (Созу/Еңкейту) командасын таңдаймыз
  3. Ашылған терезеде қажет әрекетті таңдап, горизанталь немесе вертикаль өрісіне қажетті градус санын енгізіп, Ок батырмасын шертеміз

Растянуть/Наклонить (Созу/Еңкейту) командасының сұхбат терезесі

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Не білдім?

  1. Оқулықпен жұмыс.

139-бет, 3-тапсырма

  1. Карточкалармен жұмыс
  2. Сергіту сәті – «Байқағыштығыңды байқат»

Экранда берілген суреттерден оқушылар 10 айырмашылықты табу керек.

 

 

 

Ү. Сабақты қорытындылау

 

  1. Оқушыларды бағалау
  2. Үйге тапсырма беру – оқулықтан 4.4.-тақырып.