Инені сабақтау, көктеп тігу,жіптің ұшын түю
Сабақтың тақырыбы: Инені сабақтау, көктеп тігу,жіптің ұшын түю.
Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Әдіс-тәсілімен таныстыру. Қауіпсіздік ережелерін сақтау.3. Танымдылық қабілетін дамыту.
Жабдықтау: Қайшы , ине, жастықша.
Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.1. Инені сабақтау:Жіптің жуандығы мен тігетін матаның қалыңдығы сәйкес болуы керек.
Жіп жуан болса, иненің көзі де үлкен болу керек. жіптің ұзынығын мөлшерлеп алу ды үйренеміз. Жіпті иненің көзінен өткізіп,, ұшын қайшымен қиямыз.2. Көктеп тігу.Көктеп тіккенде тігіс біркелкі түсуі керек. Тігіс арақашықтығы да біркелкі болуы керек.3.Жіпті қолмен тартып, тістеп үзуге болмайды.4. Оймақты сұқ саусаққа немесе ортаңғы саусаққа киеді.5. Көктеп тігіп үйрену. 3. Жіптің ұшын түю:Кез-келген тігіс соңында жіптің ұшы түйіледі. Түйін мата астарында қалуы тиіс. Астарда жіп салбырап тұрмауы керек. Тігістің әдемі түсуі ептілікке байланысты.
ІҮ. Жаңа білімді тексеру.-Инені қалай сабақтайды?-Көктеп тігуде нені білуіміз керек? — Оймақты не үшін киеді?-Жіпті қалай қияды?
Ү. Сабақты қорытындылау:Біз нені білдік?