«Компьютерлік графика және видео бағдарлау пакеттерінің еңбек нарығында қажеттілігі» тақырыбында 10-сыныптар үшін қолданбалы курстың бағдарламасы

«Компьютерлік графика және видео бағдарлау пакеттерінің еңбек нарығында қажеттілігі» тақырыбында 10-сыныптар үшін қолданбалы курстың бағдарламасы

Түсініктеме хат

Елбасымыз  «Интеллектуалды ұлт-2020»  ұлттық жобасы үш құрамдас бөліктен тұруға тиіс деп оны талдап берді.Оның біріншісі — білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсуді қарастырады.

Қазіргі кезде әрбір сағат сайын жаңарып жатқан ақпарат пен білімнің тасқынынан өзімізге керектісін іріктеп алу оны ыңғайына қарай қолданысқа және мамандыққа енгізу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек. Осыған байланысты білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру.

Курстың материалдары  пәннің міндетті мазмұнын қайталамайды және математикалық-жаратылыстану  бағытында жасалған.

Еңбек нарығында қалай бәсекеге қабілетті болуы және келешекте мамандық таңдауларына қажетті практикалық жұмыстар енгізілген.Курс іскерлік ойындар,мини-лекция, мастер-класс  түрінде өткізіледі.

 

Курстың мақсаты:

Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  дамыған шәкірт тәрбиелеу.

Курстың міндеттері:

  1. Ақпараттық қоғамда бәсекеге қабілеттілік туралы түсініктерін қалыптастыра отырып,оқушыларға болашақта қажетті бағдарламалар мүмкіндігімен таныстыру.
  2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету.

Нәтижелер:

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

-жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизімін құру;

 

 

 

-біздің еліміздегі және шетелдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жеделену;

Курсты жүргізу түрі:

  1. Лекция;
  2. Мини-лекция
  3. Мастер-класс;
  4. Мини-конференция;
  5. Практикалық жұмыс;

Қажетті техникалық құралдар:

  1. Дербес компьютер;
  2. Сандық бейнекамера;
  3. Сандық фотокамера;
  4. Көшірме аппараты;
  5. Сканер;
  6. Принтер

 

 

 

Оқу пәнінің базалық мазмұны

(аптасына 1 сағат, жылдық 34 сағат)

1.Кіріспе(2 сағат)

Ақпараттық қоғамдағы еңбек нарығы туралы жалпы түсінік.

2.Ақпарттық технологиялар ортасында  техникалық құралдармен жұмыс(1 сағат)

Қазіргі заман кеңселерінің жұмыс орындарындағы техникалық жабдықтары;

Графикалық ақпараттарды енгізу-шығару құрылғылары.

Мультимедиа ортасы.

3.Компьютерлік графика(12 сағат)

Adobe Photoshop  программасының мүмкіндіктері. PhotoScape   Setup- V3.3 және Photo- Dreам програмаларымен  эффекті жасау.

4.Видео  бағдарлау пакеті. (19)

Windows Movie Maker және  Pinnacle

 

 

Курстың тақырыптық-күнтізбелік жоспары

р\сТақырыбыСағат саныСабақтың түрі
1Ақпараттық қоғамдағы еңбек нарығы туралы жалпы түсінік.1Анкета жүргізу
2Іскерлік ойын «Қалай еңбек нарығында  бәсекеге қабілетті бола аламыз ?»1Топтық жұмыс
3Ақпараттық технологиялар ортасында техникалық құралдармен жұмыс1Практика
4Компьютерлік графика: векторлық, растрлық1Лекция 
5Adobe Photoshop  программасының  құралдарымен танысу1практика
6Adobe  Photoshopобьектіні өзгерту.1практика
7Мәтін эффектілері. Эмблема жасау1практика
8PhotoScapeSetup- V3.3 және Photo- Dream Эффекті жасау.1практика
9Күрделі бейнелер құру.1практика
10Gif-анимация құру: кадр, кадрлармен операциялар жасау.1практика
11Комбинация , пакеттік редактор бөлімінде жұмыс1практика
12Коллаж жасау2практика
13«Мерекелік   ашық журнал»  макетін  құру  жобасын қорғау.2практика
14Видео  бағдарламаларымен танысу. Windows Movie Maker және  Pinnacle1Мастер-класс
15Windows Movie Maker программасы.анимациялар жасау .2Практикаконференция
16Видео ролик жасау және сақтау.2лекцияпрактика
17Файл және конвертермен жұмыс.Alive Video Converter2лекция
18Сандық камераның видео сюжетін қию2практика
19Windows Movie Maker програмасында роликтер жасау2практика
20Windows Movie Maker1Жоба қорғау
21Pinnacle программасын орнату және ерекшеліктерімен танысу.1Мастер -класс
22Pinnacle программасында альбом жасау.2практика
23Pinnacle программасында меню жасау және әртүрлі форматта сақтау әдістері.2практика
24Pinnacle программасында роликтер жасау және қорғау.2практика
25Шығармашылық жұмыс1практика
26Қорытынды сынақ.1

 

Мұғалім үшін әдебиеттер:

  1. «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журналы 2011ж №5
  2. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері//Қазақстан мектебі  2006 ж №3 17-18 б
  3. Мультимедиа технологияларын қолдану туралы// География және табиғат 2008 ж№3
  4. Мадигалиев «Графикалық редакторлардың мүмкіншіліктері»//Информатика негіздері журналы 2012 ж №4 24б

 

 

Оқушы үшін әдебиеттер:

  1. А.Е.Сағымбаева Компьютерлік графика оқулығы 2007 ж
  2. Порев И «Компьютерная графика»// 2002 ж 47-49 б