Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Тасөткел орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Саудина Айгүл Тұрарқызы
Сабақтың тақырыбы : Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Сабақтың мақсаты :
1.Білімділігі: Өтілген тақырыптар бойынша білімдерін жинақтау, бекіту.
2.Дамытушылығы : Оқушылардың белсенділік қабілетін,сөйлеу мәдениетін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Адал достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: С.Мұратбеков портреті, парақшалар, тірек сызба кестесі, интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі: Білімді жинақтау
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздендіру, сайыстыру, ойын-сабақ.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі (сынып оқушыларын түгендеу, оқушылардың сабаққа әзірлігіне назар аудару)
Сабаққа психологиялық дайындық.
«Ой қозғау сәті» (С.Мұратбековтің «Жусан иісі» повесінің мазмұнын айту)
Бүгінгі сабақта «Жусан иісі» повесінен үзінді оқып, алған білімдерін жинақтау үшін интеллектуалдық ойын ұйымдастырып отырмыз.
Ойын кезеңдері:
1.Бәйге 2.Көкпар 3.«Тіл өнері» 4.Жанды сөз
Бәйге
I топ «Ғибрат» II топ Қасиет
1.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата? 1.Аян алғашқы сауатын
2.Шығармада баяндалатын оқиға кімнен ашты?
Қай жылдары өткен? 2.Әжесі қайтқан соң Аян
3.Аян ертегісі қалай аяқталады? кімнің қолына көшті ?
4.Аян тайдырып алған тобығын 3.Аянның кешкі қорегі не
кімге салғызады? еді ?
5.Аянды талай жерге дейін 4.Аян алғаш рет аяғын қалай
Шығарып салған кім ? тайдырды?
5.Ауыл қай жерде орналасқан?
- Көкпар
Әр топтан бір оқушы шығып, билет суырады.
Берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айтады.
III. Тіл өнері
Әңгімедегі бір сөйлем алынады.
Ішінен бір сөз қалдырылып кетеді.
Сол сөзді тауып айтады.
1.Әуелде біз балалар … айтатынын білгеніміз жоқ.
2.Менің көкем де, атам да жоқ, сондықтан төбелессем … ұрсады ғой.
3.Аян арық … қолын отқа тығып жіберіп , шала піскен күйелеш масақты лып дегізіп суырып алатын.
4.Ағамның … сіңіп қапты.
IV.Жанды сөз
С.Мұратбековтың шығармаларына байланысты бір-бірлеріне тест түрінде сұрақтар қою.
«Ғибрат тобына»
1.Сатай Рабиғадан қандай кітап алды?
а)қазақ әдебиеті ә)геометрия б)алгебрав)қан мен тер
2.Сатай Рабиға кетуге ыңғайлағанда қандай сұрақ қойды?
а)сен жақсы оқисың ба? ә)сен өлімнен қорқасың ба ?
б)Қасқырды көргенде қорықтың ба?
в) Сен қай мектепте оқисың?
«Қасиет» тобына
1.С.Мұратбековтың шығармаларын ата?
а) «Балықшы әні», «Туған жер» ә)«Қос шалқар», «Оянған өлке»
б) «Ауыл аты», « Дос іздеп жүрмін» в) «Әпке», Дермене»
2.Менің басым ауырып тұр. Қай кейіпкердің сөзі?
А)Садық ә)Иманжанов б)Есікбай в)Аян
Қорытынды
Бағалау (оқушыларды біліміне қарай бағалаймын)
Үйге тапсырма: Аян ертегісін «Баяғыда бір жетім бала болыпты»