А. Сейдімбек «Әйел-ана»
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
Шүкірлік селосы
Исина Айдын Байдрахмановна
Пән: қазақ әдебиеті сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: А. Сейдімбек «Әйел-ана»
Сабақтың мақсаты:
1.Жазушы өміріне шолу жасау, әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеттеріне баға беру арқылы оқырманның жан дүниесін бойындағы көркем шығарманың күш-қуатын таныту.
- Оқушылардың көркем сөз құдіретіне үңілдіре отырып, ой қорытуға, пікір айта білуге, оны қорғай білуге машықтандыру
3.Оқушылар кейіпкер бойындағы жаман қасиеттерден жирендіре отырып, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: талдау, топтық, мәнерлеп оқу, бес жолды өлең, коллаж
Көрнекілік: жазушы портреті, шығармалары, тірек сызбалар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу. Кезекші мәлімдемесі. Оқушылардың сабаққа зейінін аудару. Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Қызығушылықты ояту:
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 ж — 2009ж Байдалы би ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы — жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор.
Ақынның өмірі мен шығармашылығына арнаулы тірек сызбаны толықтыру:
А. Сейдімбек
ІІІ. Жаңа сабақ өту кезеңі:
- Әңгіме-ертегіге сатылай талдау:
І топ
Тақырыбы:
Авторы:
Жанры:
Идеясы:
Тәрбиелік мәні:
ІІ топ
Сюжетті композициялық талдау:
Оқиғаның басталуы:
Оқиғаның дамуы:
Оқиғаның шиеленісуі:
Оқиғаның шарықтау шегі:
Оқиғаның шешімі:
Сергіту сәті: «Комплимент» айту
Дөңгеленіп тұрайық,
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді құрайық.
- Концептуалды кесте толтыру.
І топ
Ертегі кейіпкері | Адамгершілік қасиеттері | Іс-әрекеті | өз бағаң себебі |
ІІ топ
- «Қарама-қарсы элементтер»
Жағымды кейіпкер | Жағымсыз кейіпкер
|
Жақсы әрекет | Жаман әрекет
|
- Бес жолды өлең құрастыру
І топ ІІ топ
«Ана» «Әже» сөзіне
- Коллаж жасау
Екі топқа әр түрлі суреттер таратылады, сол суретке байланысты мақал-мәтелдер жазады.
- Сурет бойынша мәтін құрастыр.
Әр топқа сурет беріледі, сурет бойынша мәтін құрастыру қажет. Топ өздері қорғаулары керек.
- «Түртіп алу» стратегиясы
І топ
Мәтінді оқи отырып, омоним, синоним, антоним, эвфемизм бола алатын сөздерді тауып айтыңдар.
Күншуақ елінің ғажайып табиғатынан да бұрын, байлық берекесінен де бұрын, ынтымақшыл бірлігінен де бұрын өзге жұртты қызықтыратын бір ерекше қасиеті болыпты. Ол – жігіттері шетінен ер көңіл, жау жүрек болса, қыздары ақылына көркі сай, өңкей бір аққудай арулар. Ал қартайған ата-аналары ақыл-парасатымен қадірін арттырады екен.
Күншуақ елі ешбір жерге қызықпапты, өйткені өз жерінің көрік-келбеті ешкімнің жерінен кем емес екенін мақтан тұтыпты. Ешкімнің бақытын қызғанбапты, өйткені өз еліндегі байлық пен бақытты қанағат етіпті. Осылайша зырғып күндер, сырғып айлар, жылжып жылдар өтіп жатады.
ІІ топ
Мәтінді оқи отырып, омоним, синоним, антоним, эвфемизм бола алатын сөздерді тауып айтыңдар.
Осылайша Күшуақ елі құрып кете жаздаған қиын шақта Әйел-ананың ақыл-парасатының арқасында аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елі осы оқиғадан кейін де Әйел-Анаға деген сый-құрметі тіпті ерекше болыпты. Содан бастап бұл елде әйелдер ерлерінің оң жағына отыратын болыпты. Ұрпақтарға үлгі болсын деп, Күншуақ еліндегі іргелі руларды, олардың ұрандарын әйелдердің атымен атай бастапты. Елдегі ең әсем қалаға, ең биік тауға, ең мөлдір көлге әйелдердің есімін қойыпты. Тіпті халықтың ең асыл мұрасы, қымбат ескерткіші – тілі болса, оны да «Ана тілі» деп, Әйел-Ананың ақ сүтінен даритын құдірет қасиетке балапты.
- Екі жақты күнделік толтыру:
Маған ұнаған эпизод
| Менің пікірім
|
Рефлекция:
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді қалаған бір әріпті алып, содан басталатын сөздер арқылы білдір.
с