Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
№257 орта мектеп
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сыныбы: 8 «Б»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Бақбергенова Ақбөпе
Қызылорда 2012 жыл
Пәні: Қазақ әдебиеті
Күні: 24.02.2012
Сыныбы: 8 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік. Жазушының өмірі мен шығармашылығына
шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді игерту арқылы
шығарманың мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу.
Ә) Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық қабілет-
терін дамыту, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге,
сөйлеу тіліне, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, дүниета-
нымын кеңейту, пәнаралық байланыс арқылы пәнге
қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Б) Тәрбиелік. Оқушылардың туған жеріне, атамекеніне
деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін
қалыптастыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, проблемалық сұрақ – жауап, талдау
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, география,музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесу
Ә) Оқушыларды түгендеу
Б) Сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау
- Үй тапсырмасын сұрау
Қадыр Мырза әлидің «Нұр», «Түн кірпігін ілмеді», «Шалкөде жайлауы» өлеңдерін жатқа айту.
III. Өткен сабақты бекіту.
- Қадыр Мырза әлидің алғашқы өлеңі қашан, қайда жарияланған?
- Қ.Мырза әлидің тұңғыш жинағы қашан, қандай атпен жарыққа шыққан?
- Қ.Мырза әлидің драматургия саласы бойынша жазған еңбектерін ата
- Қ.Мырза әлидің еңбектері қандай тілдерге аударылған?
- IV. Жаңа сабақ
А) Ой шақыру
Тұманбай Молдағалиевтың «Қаздар қайтқанда» әнін айтып беремін.
Ә) Ой өрбіту
Ассоциация
Қаздар қайтып барады
Б) Түсіндіру
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Қытай Халық республикасының Іле қазақ автономиялы ауданына қарасты Тарбағатай өлкесінде дүниеге келген. Қ.Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері «Шыңжаң газітінде» жарық көрген. «Қаздар қайтып барады» алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы шыққан.
Романдары:
- Шыңжаң қазақтарының өміріне байланысты: «Соңғы көш», «Атамекен», «Тағдыр»
- Тарихи тақырыпқа байланысты: «Дарабоз»
- Бүгінгі заман тақырыбына байланысты: «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қақпаның тұрғындары», «Бір топ тораңғы»
- Тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығына байланысты: «Қылкөпір»
- Ғұмырнамалық: «Таңғажайып дүние»
Шығармалары орыс, қырғыз, белорус, грузин, түрік, өзбек, ұйғыр, украин тілдеріне аударылған.
«Қаздар қайтып барады» әңгімесінің тақырыбы негізінен туған жерге деген сағыныш. Әңгіме кейіпкері: Байтас қарт. (Әңгіменің мазмұнын түсіндіру)
Байтас қартты қырық жылдан кейін шекара астыртып, жолда көрген қиыншылықтарына төзе отырып алып келген бір-ақ нәрсе, ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, туған жердің топырағы.
Тағдыр талайымен кезінде тарыдай шашыраған қазақтарымыз дүние жүзінің 55 елінде өмір сүріп жатыр екен.
АҚШ — та | 14000 |
Украинада | 15000 |
Түркияда | 25000 |
Өзбекстанда | 1550000 |
Иранда | 12000 |
Тәжікстанда | 10000 |
Ресейде | 740000 |
Моңғолияда | 100000 |
Қырғызстанда | 45000 |
Қытайда | 1500000 |
Ауғанстанда | 30000 |
- V. Шығарманы талдау
Дәптермен жұмыс
А) Шығарманың композициялық құрылысына талдау
- Оқиғаның басталуы
- Оқиғаның байланысы
- Оқиғаның дамуы
- Шарықтау шегі
- Шешімі
Ә) Әңгімедегі кездесетін жер – су аттарын жазу
Етікші, Тарбағатай, Күргейтас, Тентек – Халдай, Айнабұлақ, Арғанаты, Көкшілік, Нұра
- VI. Сабақты бекіту
- «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің кейіпкері кім?
- Байтас қарт қайда сапар шегіп келеді?
- Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?
- Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар?
VII. Сабақты қорытындылау
Поэзия минуты
Жерлес ақындардың туған жер туралы өлеңдерін оқу
VIII. Білімді бағалау
- Үй тапсырмасын беру.
- Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесін оқу
- «Отаным десем ойыма…» деген тақырыпта ой толғау жазу