Microsoft Office Word мәтіндік редакторында кестемен жұмыс.

Сабақтың тақырыбы:            Microsoft Office Word мәтіндік редакторында  кестемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:               MS Word редакторында кесте құру әдістерін

түсіндіру, оқушыларды өз бетінше кесте құруға

үйрету.

Дамытушылық мақсаты:      MS Word редакторында кесте құру әдістері

туралы толық мағлұмат бере отырып,

оқушылардың компьютермен жұмыс істеу

қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:               Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшандыққа,

адамгершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                      Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын        Компьютер, интерактивті тақта, карточка,

ақпараттық құралдар:          RMS бағдарламасы.

Пәнаралық байланыс:           Өзін – өзі тану.

Сабақтың барысы:

І.       Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.      Өткен сабақты пысықтау.

ІІІ.     Негізгі бөлім

Жаңа сабақты түсіндіру.

1 — ші әдіс

2 – ші әдіс

Ұяшықтарды біріктіру және бөліктерге бөлу.

Мысал

Тапсырмалар

ІV.    Сабақты қорытындылау.

RMS бағдарламасы арқылы тапсырмалардың орындалуын бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

ІІ. Қайталау сұрақтары:

  1. Microsoft Word қандай программалар тобына жатады?
  2. MS Word редакторы дегеніміз қандай программа?
  3. MS Word – тың негізгі атқаратын қызметтерін ата.
  4. Бетті қалай рәсімдейміз?
  5. Беттің нөмірін қалай қоямыз?
  6. Колонтитулды қалай қоямыз?

ІІІ.     Кесте мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге мүмкіндік береді.

Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.

Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін. Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

БЖОЛ
А
Ғұяшық
А
Н

 

1 – ші әдіс.

Бос кестені орналастыру үшін курсорды қажетті жерге апарып,

Вставка  →   Таблица      → Всавить таблицу… командасын таңдаңыз.

Кестені қою терезесінде бағандар мен жолдардың сәйкес сандарын қойыңыз.

2 – ші әдіс

Кестені стандартты аспаптар тақтасындағы Кестені қосу                       батырмасын шерту арқылы құруға болады.

Кестеге жаңа жолдарды қосу үшін курсорды ең соңғы ұяшыққа апарып Tab пернесін басу жеткілікті.

Ксетеге жаңа баған қосу үшін курсорды қажетті бағанға қойып МакетВставить слева немес Вставить справа.

Ұяшықтарды біріктіру және бөліктерге бөлу.

Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, Макет менюіндегі Обьеденить ячейки командасын орындаңыз.

Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Макет менюіндегі Разбить ячейки бөлімін таңдаңыз.

Мысал:

 

Тапсырмалар:

Кітаптын 89 бетіндегі 1 – 4 тапсырмалар.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

  1. Тақырыпты оқу.
  2. Күн тәртібі кестесін дәптерге құрып келу.