Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа»
Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Урынбаева Камшат Еркиновна
7-сынып қазақ әдебиеті
Оқытудың оқудағы тәсілі | · Бірлесіп ойлау мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтағы жұмысты пайдалану; · Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін жинақтау, жетістіктерін ескеріп, біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатында формативті бағалауды пайдалану; * Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу, жоғары деңгейлі сұрақтар дайындау. | ||||||||||||||
Тақырып | Абай «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа» | ||||||||||||||
Мақсаты | Оқушыларға сөз өнері, ән туралы жазған өлеңдерінің идеялық-көркемдік қасиетін жүйелеп, өз бетімен іздене білуге, өлең композициясындағы түйінді ойлар мен сырлы сөздерге өзіндік пікір қалыптастыра білуге ықпал ету; | ||||||||||||||
Оқытудың нақты нәтижесі | Оқушылар өлеңмен толық танысады, мән-мағынасын ұғынады.Әннің құдіреті туралы біледі. | ||||||||||||||
Уақыты | Мұғалімнің іс — әрекеті | Оқушының іс — әрекеті | |||||||||||||
Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
| Оқушылармен амандасу Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша топқа бөлінеді.
| 1. Мұғаліммен сәлемдесу. 2. Өздері суырған сөздер бойынша топтарына барып отырады. 3. Бағалау парағымен танысады. | |||||||||||||
«Ой шақыру» | Білу
| -Қойылған сұрақтарға жауап береді. — Өз білетіндерін ортаға салады. — Ой жинақтайды. | |||||||||||||
«Ой қозғау» статегиясы
| Түсіну. Тірек сөздермен жұмыс Өнер. Ән. Табиғат. Білім-ғылым. Махаббат | Берілген тірек сөздерді қолданып өз ойларын айтады. | |||||||||||||
«Талаптыға нұр жауар» кезеңі | Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, рухани айбары, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абай мұрасы – мәңгілік мұра. 19 ғ.-дың 90-жылдардың аяғында жазған «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар» атты өлеңдерін Абай өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге арнаған.Абайдың сөз, ән өнері туралы көзқарасы
|
Берілген өлеңді оқып, бір – біріне түсіндіреді. | |||||||||||||
Топпен жұмыс | Қолдану — Ақынның айтайын деген ойы қандай? — Адам,қоғам,әдебиет, өнер проблемасын қалай көтерді? (әдебиет пен өнердің қоғам,адам тіршілігіндегі ролі жайлы эстетикалық көзқарас қалыптастырды) 3.Мына салыстырмалы бағандарды пайдалана отырып, өлеңдедегі ақынның эстетикалық көзқарасын, көркемдік тәсілін талда.
Сергіту сәті | Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді. | |||||||||||||
«»
| Талдау Өлең құрылысына талдау | Өлеңді талдайды. | |||||||||||||
«Бірге ойлаймыз» | . 1. «Менің сүйікті әншім» 2. «Сүйікті әншім»
| ||||||||||||||
«RAFT» әдісі | Қорытындылау «Мен қазақтың қарапайым әнімін» тақырыбына әр оқушы сол рольге еніп, өз ойын жазады. Ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Өткен тақырып бойынша түсінгендерін жіпке тізіп айтып шығады.
| Оқушылар рөлге еніп ойларын еркін жазады. | |||||||||||||
«Авторға хат» | Бағалау. «Авторға хат жазу» | Оқушылар өз ойларын айтады. | |||||||||||||
Үйге тапсырма | 1. Өз қалаулары бойынша өнерге, әнге байланысты өлең жаттап келу. (Абай шығармашылығынан) 2. Шығарма «Абай — сазгер», «Абай – тұңғыш өнер, әдебиет сыншысы»
| ||||||||||||||
Кері байланыс | Рефлексия — Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз? Оқушылардың лебіздерін білдіріп ілулі тұрған суреттерге салады. | Кері байланысты іске асырады. | |||||||||||||
Қорытынды сөз | Абай ағам болмаса не бедел бар өлеңде? Шақырмаса жолға сап, мен өлеңге келем бе? Қиналғанда қияға қанат қақпай аппақ құс, Басқа біреу қол ұшын келіп маған бере ме?-деп Т.Молдағалиев жырлағандай, Абай-дара,дана ақын. Ол бүгінгі күні өзіміздің досымыздай, ғұлама сапарлас серігіміздей болып, сәулетті болашаққа қарай бізбен бірге аршындап адымдап келеді. | ||||||||||||||