Мәтіндік құжатты пішімдеу.Мәтін абзацын пішімдеу
Тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу.Мәтін абзацын пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ms Word редакторында мәтін жазу, пішімдеу әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін
арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай
шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге
ықпал жасау.
Тәрбиелік: Ms Word редакторында мәтінді сауатты теру. Жүйелікке,
еңбекке, іскерлікке, ұқыптылық пен жылдамдыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, ағылшын
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Көрнекілік құралдары: Оқулық, дәптер, компьютер, интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру
2.Ой қозғау.(Сұрақ — жауап)
3.Жаңак сабақ.
4.Практикалық жұмыс.
5.Кім білгір.
6.Сабақты қортындылау.
7.Үйге тапсырма беру.
- Оқушыларды бағалау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой қозғау сұрақтары:
- Microsoft Word мәтіндік процессор дегеніміз не?
- Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?
- Қалып күй деп нені айтамыз?
- Мәтін символын немесе бөлігін көшіру қалай орындалады?
- Microsoft Word терезеніңі элементтерін ата?
- Мәтін символын немесе бөлігін орын ауыстыру қалай орындалады?
- Delete пернесі курсордың қай жағын өшіреді?
- Мәтін символын қою амалы қалай орындалады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қазіргі кезде компьютер адам өмірінің барлық саласында толық енгізілді. Сондықтан да келешек ұрпақтың, оқушылардың алдында тұрған ең негізгі міндеті — өмірге икемделгіш, заман ағымына сай ілесе алатын азамат болу. Соның бір жолы компьютер тілін үйрену болып табылады. Компьютерді білу –екінші сауаттылық.
Мәтін теріліп және өңделіп болғаннан кейін пішімдеу, яғни рәсімдеуді өзгерту жүргізіледі.
Пішімдеу – деп мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді айтады. Құжатқа пішімдеуді құжат құрғанға дейін де, сол сияқты одан кейінде жүргізуге болады.
Пішімдеу әрекеттерін орындай отырып:
- әр түрлі қаріптерді пайдалануға;
- Жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрістерін айқындауға;
- Беттегі мәтінді туралауға:
- жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге;
- мәтінді бағандарға бөлуге;
- мәтінді жиектеудің әр түрлі типтерін қолдауға;
- тізім, құйма және т.б.
Пішімдеу кезінде аспаптар панеліндегі батырмаларды да, меню командаларын да, пернелердің арнайы комбинацияларын да пайдалануға болады.
Пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де оның бөлімдері: символмен сөзбен, жолмен, абзацпен, бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Ол үшін пішімделетін бөлікті белгілеу керек.
Пішімдеу панелі:
— стиль
— шрифт
— шрифтің размері
— жартылай қарайтылған
— курсив
— асты сызылған
— ортасы бойынша туралау
— оң жақ шеті бойынша туралау
— оңжәне сол жақ шеті бойынша туралау
— нөмірлеу
— маркер қою
— түспен бояу
— шрифт түсі
Пішімдеудің негізгі режимдерін қарастырайық.
Мәтін енгізу кезінде символдарды пішімдеу режімдерін бірден беруге болады немесе бұл режімдерді бүкіл құжаттың мәтіні теріліп болғаннан кейін қолдануға болады
Форматтау режімдерінің ең жылдам әдісіне форматтау панелінің төмендегі батырмалары жатады:
– жартылай қалыңдатылған (полужирный),
– курсив,
– асты сызылған (подчеркнутый)
Пішімдеудің бірнеше баптауын бірден өзгерту үшін Формат менюінен Шрифт командасын орындаймыз.
Абзацтық шегіністер. Үнсіз келісім бойынша мәтін нөлдік абзацтық шегініспен енгізіледі, яғни «қызыл жолсыз» және туралау сол жақ шекарасы бойынша жүргізіледі. Демек, мәтінді пішімдеу процесі орындалмайды.
Ал, енді оң абзацтық шегініс орнату үшін «қызыл жолдан» басталуы керек.
.Абзац дегеніміз – мағыналық мазмұны бойынша топталған жолдар тізбегі.
Жолдардың арақашықтығы жоларалық интервал деп аталады.
Абзацты пішімдеу
Мәтін абзацын туралау, шегіністер қою, жоларалық интервалды қою және т.б.
| ||||
|
|
Форматтауға арналған пернелер комбинациялары
Пернелер комбинациясы | Форматтау кезіндегі әрекеттері |
<Ctrl> + <I> | Курсив (К) |
<Ctrl> + <U> | Асты сызылған (Ч) |
<Ctrl> + <B> | Жартылай қарайтылған (Ж) |
<Ctrl> + <E> | ортасына |
<Ctrl> + <L> | Сол жақ шеті бойынша |
<Ctrl> + <Z> | Оң жақ шету бойынша |
Ctrl> + <J> | Ені бойынша (екі жақ шетінен) |
ІV. Практикалық бөлім.
Әр оқушыға тапсырмалар таратылады. Мәтін және оның бөліктерін ерекшелеу әрекеттеріне жаттығу:
V.Сабақты бекіту сұрақтары:
- Абзацты форматтау қалай орындалады?
- Абзац, жол, сөз қалай белгіленеді?
- Мәтінді туралаудың қандай түрлерін білесіз?
- Абзацаралық, жоларалық интервалдар қалай қойылады?
VІ. Сабақты қорытындылау :
Не білемін | Не үйрендім | Не үйренгім келеді |
|
VІІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: § 20-21 ; «Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу»