Ш.Айтматов «Найман – Ана»
Бөдене орта мектебі
8-сынып
Тақырыбы:
Ашық сабақ
Өткізген: Мусағалиева Арай
2009 оқу жылы
«Боранды бекет» романы өмір мен өлімді, қасиет пен қасиетсіздікті, жер-анаға адамдардың қарым-қатынасын, қазіргі әскери полигондағы Найман-ана бейітінің тарихынайтатын писхологиялық роман.
Ш.Айтматов
Сабақтың тақырыбы: Ш.Айтматов «Найман – Ана»
(«Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Ш.Айтматовтың романынан алынған үзіндінің
мазмұнымен тереңірек таныстыру, әңгіменің тақырыбымен жазушының идеялық мұратын оқушыға жан-жақты меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын, шығармашылық,
ой-талдауға бейімділігін, өзіндік сын, көз-қарасын дамыту оқушының жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылықпен айналыса білетін тұлға қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ел тарихын, әдебиетін білуге, оны құрметтеуге,
ұлылардың даналық сөздерінен өнеге алуға, адамгершілікке, адалдыққа, имандылыққа, ізгілікке, ар мен жан тазалығын жоғары қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Іздену, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, қайталау.
Көрнекіліктер: Оқулық, портрет, шығармалар жинағы, тіреу-сызбалар,
үнтаспа, көрме «Қазақ-қырғыз бір туған» (Ш.Айтматов пен М.Шаханов шығармашылығының біртұтастығы)
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу, саз.
Сабақтың жүрісі
І. Ұйымдастыру
- Амандасу
- Сабақтың тақырыбын, жүрісін таныстыру
- Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Ой шақыру бөлімі: Біліміңді зерделе
- Шыңғыс Айтматов қай елдің жазушысы?
- Шыңғыс Айтматовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ: Шағын дәріс
А) Шыңғыс Айтматовтың шын мамандығы – табиғат сыйлаған жазушы. Бұл күнде Шыңғыс Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Шыңғыс шығармалары — әр елдің тілінде аударылып, оқырманын көбейтуде. Жазушы бейнелеген кейіпкерлер, тек қырғыз халқының перзенттері емес, әлем халықтарына тән мінезбен, азаматтық болмыспен бірігіп жатқан бейнелер. Сондықтан да оны ешбір халық жатсынбайды. Шыңғыс Айтматовтың ұстазы – Мұхтар Әуезов. Көрмеде көріп тұрғанымыздай поэзия әлемі ұлт таңдамайды. Әдеби шығармалары да достығы да тұтас дүние бола білген Мұхтар мен Шыңғысты бүкіл ел біледі. Осындай достықта туған шығармалары мәңгілік болмақ.
Жылы | Басылым атауы | Еңбегі |
1957 | «Ала-Тоо» журналы | «Бетпе-бет» повесті |
1958 | «Новый мир» журналы | «Жәмилә» повесті |
1961 | «»Дружба народов» журналы | «Шынарым менің, шырайм менің» повесі |
1961 | «Ала-Тоо» журналы | «Алғашқы ұстаз» повесі |
1963 | «Ала-Тоо» журналы | «Құс жолы» повесі |
1961 | «Байдамтал бойында» әңгімесі | |
1964 | «Молодая гвардия» | «Қызыл алма» әңгімесі |
1968 | Қырғыз баспасөзі | «Атадан қалған тұяқ» |
1964 | Қырғызстан альманагында | «Сыпайшы» әңгімесі |
1954 | «Советтік Қырғызстан» басылымы | «Ақ жауын» әңгімесі |
1955 | «Советтік Қырғызстан» басылымы | «Мұрат» әңгімесі |
1961 | «Новый мир» басылымы | «Ботагөз» повесі |
1975 | «Новый мир» басылымы | «Ерте келген тырналар» повесі |
1966 | «Новый мир» басылымы | «Қош бол, Гүлсары!» повесі |
1970 | «Новый мир» басылымы | «Ақ кеме» повесі |
1977 | «Знания» журналы | «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повесі |
1980 | «Новый мир» басылымы | «Ғасырдан да ұзақ күн» романы |
1986 | «Новый мир» басылымы | «Жан пида» романы |
Ә) «Найман-Ана» үзінді суретін интерактивті тақта арқылы түсіндіру.
Ана басындағы ақ жаулық неге ақ құсқа айналды?
Б) Жазушы шығармасының тақырыбын, идеясын оқушыларға жете меңгерту.
Тақырыбы: Ана ерлігін насихаттау.
Идеясы: Адамзатты жауыздықтан қорғау.
- Ой-толғаныс бөлімі: «Адамдықтың қасиеті – елдігінен көрінер»
(Оқулықпен жұмыс)
1) Көрініс көрсету.
Қатысушылар: Найман Ана, Мәңгүрт, Маңғолдар.
Музыка жәймен ойналып тұрады.
Ана:
- Отыр, сөйлесейік. Сенің атың кім?
Мәңгүрт:
- Мәңгүрт.
Ана:
- Мәңгүрт деп сені қазір атайды. Ал бұрынғы атың есіңде ме? Есіңе түсірші шын атыңды.
- Әкеңнің атын білесің бе? Әкеңнің аты кім? Өзіңнің елің қайда, руың кім? Тым құрыса, туған жеріңді білесің бе?
- Құдай-ау, қандай күйге душар қылған сені!
- Ау, жерді, суды тартып алса, мейлі, байлығыңды тартып алса, мейлі, тіпті жаныңды алса да, мейлі.
- Ау, адамның ақыл-ойын тартып алуды қандай қара жүрек ойлап тапты, Құдай-ау?! О, Құдай, бар екенің шын болса, мұндай сұмдық жұртқа қалай дарыттың? Жер бетінде басқа сұмдық аз ба еді?
- Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты – Дөненбай. Әкеңдіұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Мен менің баламсың. Мен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен …
Ана:
- Сен мұнда келгенге дейін не болды, білесің бе?
Мәңгүрт:
- Ештеңе де болған жоқ.
Ана:
- Мұнда келгеніңеде күндіз бе еді, түн бе еді?
Мәңгүрт:
- Ештеңе де.
Ана:
- Кіммен сөйлескің келеді?
Мәңгүрт:
- Аймен. Бірақ біз бір-бірімізді естімейміз. Айда біреу отыр.
Ана:
- Тағы не қалар едің?
Мәңгүрт:
- Басымда қожаның басындағыдай бұрым болса.
Ана:
- Келші бері, басыңа олар не істеді екен, көрейін.
- Анау кім?
Мәңгүрт:
- Маған ауқат алып келе жатыр.
Ана:
- Сен ештеңе айтпа. Мен кешікпей келемін.
Маңғол:
- Келген кім?
Мәңгүрт:
- Ол маған шешеңмін дейді.
Маңғол:
- Қайдағы шешең ол сенің! Шешең жоқ сенің! Теріңді сыпырып тастамақшы! Ені келгенде мына садақпен ат!
Ана:
- Жоламан! Құлыным менің, Жоламан, қайдасың? Жоламан! Қайдасың құлыным?
Анасын Мәңгүрт ұлы атып құлатады.
Сұрақтар беру.
- Осы көріністен нені байқадың?
- Жауыздық – адамзатқа тән бе?
- Ана-Бейітті халық неге соншама қадір тұтады?
- Найман-Ана ерлігін қалай қабылдадың?
- Найман-Ана баласын не үшін жау қолынан алып қашпақ болған?
(мәтіннен тауып оқу)
- Сарыөзек тағдырына пікірің қандай?
- Ғылыми ізденіс бөлімі: «Ертеңін ойлаған ұрпақ азбас!»
- Мәңгүрттік дегеніміз не?
- Зомбилық деген не?
Оқушылар өз пікірін талдағаннан кейін кесте құру.
А) Ерікті мәңгүрт тақырыбына оқушылар шығармашылығын тыңдау.
Ә) Қазіргі кезде ерікті мәңгүрт деп кімді атаймыз? (Жағдаяттық сұрақ)
VІ. Ой-толғау жазу: «Мәңгүрттіктен – сақтан ұрпақ!»
VІІ. Топтастыру бөлімі: «Ұлы тұлға – ұрпақ мақтанышы»
І топ
ІІ топ
VІІІ. Қорытынды: «Мен адаммын, адамдық мәңгі мұратым!»
1) Сен қасиетті халықтың адал перзенті болуы үшін сен қандай болуың керек?
(Тірек сызба құрастыру)
2)
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Мұхаммед Бабырдың
Әрқашанда таза болсын ар-ожданың, жүрегің,
Өзгелерде саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсақ өзгелерге — өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің — ,
дегендей әрқашанда қатыгездіктен аулақ болайық!
ХІХ. Үйге тапсырма
3 | 4 | 5 |
Мазмұнын айтып келу. Ел, Отан туралы мақал-мәтел жазып келу. | Мазмұнын айтып келу, өзінің пікірін жазу. Ана тақырыбында шығарма жазып келу. | Мазмұнын айтып келу. Шығармаға жоспар құру, «Мен елімнің болашағымын» тақырыбына ой-толғау жазу |
Х. Бағалау