Мәтіндік редакторда арифметикалық өрнектерді жазу,калькуляторда есептеу
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редакторда арифметикалық өрнектерді жазу,калькуляторда есептеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білімдерін тереңдету,толықтыру,Windows қосымшаларында деректер алмасу тәсілдерін үйрету
Дамытушылығы: өз жұмысында компьютердің мүмкіндігін пайдалану,өзіндік дамуды жүзеге асыру
Тәрбиелігі: оқушылардың ақпараттық сауаттылығын,мәдениетін арттыру,ойын жүйелеп жеткізуге тәрбиелеу
Сабақтың типі:көрнекі түсіндірмелі
Пәнаралық байланыс: математика,қазақ тілі
Көрнекілігі:компьютер ,үлестірмелі материалдар
І.Ұйымдастыру
ІІ. «Миға шабуыл» (үй тапсырмасын қайталау)
Сұрақтар:
- Блокнотты іске қосу жолы
- Калькулятордың түрлері
- Алмасу буфері деген не
- Көшіру ,қиып алу ,қою командалары қай жерде тұрады
- Терезені басқару батырмаларының қызметі
- Калькулятордың терезе элементтерін ата
- С және СЕ батырмаларының айырмасы
Калькулятор бағдарламасының іске қосылуы:
Іске қосу/ Бағдарламалар/ Қалыпталған/ Калькулятор
Сандық ақпаратпен жұмыс істеу үшін Калькулятор қолданбасын пайдалануға болады.Сонымен қатар сандарды бір жүйеден екінші жүйеге аударуға,логикалық арифметика принциптерін,есептеу дәлдігін игеруге мүмкіндік береді.Калькулятордың екі түрі бар:қарапайым және инженерлік.Екіншісіне ауысу үшін Түр(вид) мәзірін қолданамыз.Калькуляторға сандарды компьютердегі сандық пернетақта көмегімен немесе экрандағы калькулятор батырмаларымен енгізуге болады.
Калькулятордың кейбір нәтижелерді сақтауға арналған ішкі жады бар.Егер жадта нолден өзге сан болса индикатоордың астында М әрпі пайда болады.
Калькулятор басқа программалармен цифрлық деректер алмасады.Ол үшін алмасу буферінің командалары қолданылады.Копировать / Вырезать / Вставить
Мысал қарастырамыз.Ол үшін оқулықтағы «өзің орында» тапсырмасын орындауға кірісеміз.
ІІІ.Тапсырма орындау
1.WordPad қолданбасын іске қосу.
2.Мәтінді теріңдер:
Сынып бөлмесін жөндеуге қажетті қаржы шығынының ведомосы
Жөндеуге жұмсалған барлық қаржы: 47 890 теңге
- Бояу 14 900 т
- Эмульсия 16 500 т
- Құрал саймандар 1490 т
- Жұмыс ақысы
- 3. 47 890 санын алмасу буферіне көшір.
4.калькуляторды қос.
5.правка вставить командасымен санды индикаторға қой.
6.MS ті басып оны калькулятор жадына жаз
7.қалған сандарды осылай копировать командасы арқылы калькуляторға көшіріп қосып шығамыз.Жадтағы санды MR батырмасы арқылы және = батырмасы көмегімен орындаймыз.
8.есептеу нәтижесі 15000 болу керек.
9.WordPad қа нәтижесін жазамыз.
ІҮ. Карточкамен жұмыс:
- Мына есепті орында
5632,2+896,321= 331*17=
4561,789+3691,654= 154*632=
96321,785-5632,147= 963/3=
159753,2879-6879,249= 252525/25=
Мына сандардың квадрат түбірін тап: 49 = 144= 529= 169=
Процентін табу: 85 дің 28% 150 дің 50% 789 дің 15%
Калькулятор жадын пайдалана отырып, арифметикалық амалдар орында
(8-3)+(10+5)= (12*3)+(22/2)= (56 -34)+(45/5)= (1456-123)+(636-125)=
Ү.Сергіту сәті
Жұмбақ шешу..
Сергіту сәтінің сұрақтары
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қағаз-қаламсыз (пернетақта)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
Жақтаулар шектелген
Экрандағы төртбұрышты аймақ (терезе)
Оның үш түрі бар оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады.Оның істеген жұмысының нәтижесі тек қағаздан көруге болады (принтер)
Компьютермен енеді
Қағазға басып береді ( принтер )
Жүзден артық түймемен
Компьютерді билеген (пернетақта)
Ақпаратты сақтап таратқан
Жұртты өзіне қаратқан (компьютер)
Олар компьютердің қосымша бөліктері Олар ағала-інілі. Олар сыбырлап та, айқйлап та сөйлейді.(колонкалар).
Ұзынтұра жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады
Қозғала қалса артынан
Ешбір белгі қалмайды (бос орын пернесі)
ҮІ.Бекіту.
Оқушылар тест тапсырмасын орындайды.
ҮІІ. Қорытындылау ,бағалау.