Математикалық функциялар арқылы есептемелер жүргізу
Өндірістік сабақтың тақырыбы: Математикалық функциялар арқылы есептемелер жүргізу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel-де математикалық функцияларын қолдану арқылы
қарапайым және күрделі есептерді шешуді үйрену. Excel-де
функция, аргументтермен жұмыс істеу, есептемелер
жүргізу туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін
дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырма орындау.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Пәнаралық байланыс: Ағылшын тілі, информатика, математика.
Көрнекілігі: Қосымша материалдар, нұсқаулық карта.
Сабақ жабдығы: Интерактивті тақта, компьютер.
Өткізілген орны: Информатика кабинеті.
Ұйымдастыру бөлімі – 2 минут
Кіріспе нұсқау – 43 минут
Ағымды нұсқау – 180 минут
Қорытынды нұсқау – 25 минут
Сабақты қорытындылау – 12 минут
Бағалау – 5 минут
Үй тапсырмасы – 3 минут
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
а) Сабаққа қатысып отырған оқушыларды тексеру;
ә) Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу.
б) Қауіпсіздік ережесін айту.
Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеру:
1) MS Excel бағдарламасының мақсаты не?
2) Электрондық кестені пішімдеу түрлерін ата.
3) Жаңа жұмыс кітабын құру, сақтау қалай орындалады?
4)Баспаға жіберу жолдарын көрсетіңіз.
І. Кіріспе нұсқау:
Microsoft Excel 2003 бағдарламасына математикалық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілетін болса, Excel бағдарламасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді шығаруға дейін 300-ден аса тәсілмен орындай алады. Excel функциялары – бағдарлама жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция функция аты мен оның аргументі арқылы өрнектеледі.
Сонымен функция дегеніміз – белгілі бір есептеулерді орындау үшін берілген формула.
Аргументтер дегеніміз – нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, мәтін немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Функцияның аты таңдалып болғаннан кейін экранда Функция аргументі (Аргументы функции) сұхбат терезесі ашылады. Функциясы бар формуланы есептеу ережесі қарапайым есептерді шешуден онша ерекшеленбейді. Функция параметрі ретінде қолданылатын ұяшықтарға сілтемелер салыстырмалы немесе абсолютті болуы мүмкін, өйткені формуланы автотолтыру әдісімен көшіру кезінде ескеріледі.
Егер есептеу кезінде функцияның аты ұяшықтың ішінде қате деп берілсе, онда бұл Анализдеу пакетін (Пакет анализа) орнату керектігін білдіреді. Мұндай функцияларды қолдану үшін сіз оны алдымен орнатуыңыз керек және аргументтер арасындағы және аргументтер ішіндегі бос орындардың қойылмауын қадағалау керек. Егер бос орын текстік аргументтер немесе сілтемеде мәні бар символ болса, онда оны сәйкесінше қос жақшаға алу керек.
Excel-де жүргізілетін көптеген есептеулердің ішінен көбінесе математикалық функциялар көптеп қолданылады. Excel математикалық және тригонометриялық функциялардың 60-қа жуық түрін ұсынады. Функциялар санның шартына қарай есептеп береді.
Мысал, ретінде квадрат теңдеудің шешімін табатын есепті қарастырайық:
2хˆ2+5х-12=0 теңдеуінің түбірін табу есебі.
- А1 ұяшығын екпінді етіңіз. Оған а деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- А2 ұяшығын b деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- А3 ұяшығын c деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- А4 ұяшығын d деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- А5 ұяшығын x1 деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- А6 ұяшығын x2 деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
B1:B3 ұяшықтарына a, b, c коэффициенттеріне сәйкес келетін кез келген сандарды жазыңыз.
- В1 ұяшығын екпінді етіп, оған 2 санын жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- В2 ұяшығын 5 деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- В3 ұяшығын 12 деп жазыңыз. «Enter»-ді басыңыз.
- В4 ұяшығын a:=bˆ2-4*a*c (ˆ белгісі дәрежені білдіреді) формуласын жазыңыз.
- В5 ұяшығына: =(-b2-корень (b4))/2*b1 формуласын жазыңыз.
- В6 ұяшығына: =(-b2+корень (b4))/2*b1 формуласын жазыңыз.
- С1, С2, С3 ұяшықтарына жаңа сандар енгізіп, В4 ұяшығын екпінді етіп, ұяшықтың маркерінен оңға қарай бір ұяшыққа тартыңыз. Нәтижесінде жаңа мәндердің коэффициенттері үшін дискриминантты табасыз. Дәл солай етіп С5 және С6 ұяшықтарын мәндерін табуға болады.
ІІ. Ағымды нұсқау (Өздік жұмыс):
Осы тақырыппен берілген нұсқау картасы арқылы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып, компьютерде тапсырманы орындау. Оқушылардың тапсырмаларын тексеру. Қатемен жұмыстану.
Тапсырма №1: Берілген кестедегі бос ұяшықтарды формулалар арқылы толтыру.
№ | Қала аттары | Барлық билет саны | Сатылған билеттер саны | Бағасы | Барлық билеттердің бағасы | Барлық сатылған билеттердің бағасы | Сатылған билеттердің проценті | Сатылмай қалған билеттер саны |
1 | Көкшетау | 30 | 15 | 900 | ||||
2 | Ақтау | 99 | 8 | 600 | ||||
3 | Мәскеу | 56 | 50 | 1200 | ||||
Барлығы |
Тапсырма №2.
№ | Атауы | Бағасы | НДС 20% | Құны | Саны | Қосындысы |
1 | Телевизор «Sony» | 20000 | 5 | |||
2 | Телевизор «LG» | 22000 | 10 | |||
3 | Тоңазытқыш | 40000 | 7 | |||
4 | Кондиционер | 18000 | 15 | |||
5 | Компьютер | 70000 | 10 | |||
Барлығы | ||||||
Ең кіші мәні: | ||||||
Ең үлкен мәні: | ||||||
Орта мәні: |
ІІІ. Қорытынды нұсқау:
Оқушылардың компьютерде нұсқау картасы бойынша берілген тапсырмаларының нәтижесін тексеру. Оқушыларға жеке-жеке тоқталу. Қателермен жұмыстану.
- IV. Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою:
- Excel бағдарламасында функция деген не?
- Кестенің ұяшығын немесе блогын қалай жиектеуге болады?
- Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық ортаны қалай есептеуге болады?
- Excel бағдарламасынада математикалық есептер қалай жүргізіледі?
Сұрақтар қою арқылы қорытынды жасауға үйрету.
- Бағалау:
Алған білімдеріне қарай, компьютерде орындаған тапсырмалары арқылы оқушыларды жеке бағалау. Жұмыс орнын жинау.
VІ. Үй тапсырмасы:
Microsoft Excel2003 бағдарламасының мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат жинау, презентация дайындау.
«Бекітемін»
Директордың өндірістік
оқыту ісі жөніндегі орынбасары
____________ Қ.А.Габдушев
Microsoft Excel – кестелік редакторын үйренуге арналған
№ нұсқау картасы
Мақсаты: Microsoft Excel бағдарламасы арқылы электрондық кестелермен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Есептер шығаруды үйрету.
Тапсырмалар орындау тәртібі:
Тапсырма №1: Берілген кестедегі бос ұяшықтарды формулалар арқылы толтыру. Сүзгіден өткізуді пайдалану, сұрыптауды пайдалану, Формулаларды пайдалану, Пайыз қолдана білу.
- Е2 ұяшығына Көкшетау қаласының барлық билеттерінің бағасын есептейтін формуланы енгіз. (=B2*D2)
- Осы сияқты Е3, Е4 ұяшықтарына жеке-жеке формула енгіз.
- F2 ұяшығына Көкшетау қаласы бойынша барлық сатылған билеттердің бағасын есептейтін формула енгіз. (=C2*D2).
- F2 ұясының төменгі жағындағы кішкене квадратқа курсорды алып барыңыз.
- Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, оны жібермей тышқанмен F7 ұясына жеткізіп барып, қоя берііңіз.
- G2, G3, G4 ұяшығында сатылған билеттердің пайызын есептейтін формула енгізіңіз. (=C2*100%/B2)
- H2 ұясына Көкшетау қаласы бойынша сатылмай қалған билеттердің санын есептейтін формула енгізіңіз.
Қала аттары | Барлық билет саны | Сатылған билеттер саны | Бағасы | Барлық билеттердің бағасы | Барлық сатылған билеттердің бағасы | Сатылған билеттердің проценті | Сатылмай қалған билеттер саны |
Көкшетау | 30 | 15 | 900 | ||||
Ақтау | 99 | 8 | 600 | ||||
Мәскеу | 56 | 50 | 1200 | ||||
Барлығы |
Тапсырма №2. Бос ұяшықтарды формулалармен есептеу арқылы толтыру.
НДС 20% =бағасы*0,2
Құны = бағасы + НДС 20%
Қосындысы = құны*саны
№ | Атауы | Бағасы | НДС 20% | Құны | Саны | Қосындысы |
1 | Телевизор «Sony» | 20000 | 5 | |||
2 | Телевизор «LG» | 22000 | 10 | |||
3 | Тоңазытқыш | 40000 | 7 | |||
4 | Кондиционер | 18000 | 15 | |||
5 | Компьютер | 70000 | 10 | |||
Барлығы | ||||||
Ең кіші мәні: | ||||||
Ең үлкен мәні: | ||||||
Орта мәні: |