Жұмыстық столды форматтау: Сандарды форматтау, ұяшықтардың өлшемін өзгерту, шрифт таңдау т.б. элементтері

Сабақтың тақырыбы: Жұмыстық столды форматтау: Сандарды форматтау, ұяшықтардың өлшемін өзгерту, шрифт таңдау т.б. элементтері

(3 сағат)

 

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік :    Электрондық кестелерде деректерді өңдеуге үйрету.

Дамытушылық:  Жекелеме тапсырманы орындату арқылы

оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:      Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу

 

Сабақ түрі:   Аралас сабақ.

 

Сабақтың жоспары :

  1. Ұйымдастырушылық кезең.
  2. Жаңа тақырып түсіндіру.
  3. Практикалық жұмыс.
  4. Бағалау.
  5. Үйге тапсырма.

Сабақ барысы:

1.Оқушыларды түгендеймін.Үйге берілген тапсырманы сұраймын.

 

Excel программасын іске қосу. Программа терезесімен жұмыс істеу.

Microsoft  Excel 97- кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып,оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түріндеберілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

  1. Еxcel программасын іске қосу
  • Тапсырмалар тақтасындағыІске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз.
  • Microsoft Excel қатарында тышқанды шертеміз.

       2.Excel программасының терезесі

Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі 1.1-суреттегідей болады.    Еxcel электорондык кестелердiн косылғаннан кейiн автоматы турде        1-кiтап (книга1) деген атпен жана кұжат ашылады .Бұл кітаптын атын файылды сактау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жана кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе [Ctrl+N]қоспернесін басамыз. Жанадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап ( Книга 2 , Книга 3)       т .с. с. болады.

  • Excel терезесінің жоғарғы жағында терезені басқару батырмалары бар Тақырып қатары орналасқан
  • Excel терезінін екінші жолы – Меню катар
  • Үшінші және тортінші жолда Стандартты және Форматтау саймандар тактасынын аспаптары.

Стандартты саймандар тактасы.  Бұл тактада орналаскан     батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар тактасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Стандартты саймандар тақтасындағы батырмаларда тышқан курсорын жайлап жылжыта отырып, ондағы аспаптардың орындайтын әрекеттерін анықтаңыз.

  • Бесінші жол –Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың -әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.
  • Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қтарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.
  • Төменгі қатар –Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютерлердің жұмысы н/е Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Төменгі қатардың сол жақ шетінде Excel кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Excel кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын (готов) деген сөзді көрсетіп тұрады.

  1. Excel меню командаларының көмегімен жұмыс істеу

Пернелер тақтасының көмегімен меню қатарына шығу үшін ALT немесе F10  пернесін басу керек. Бұл пернелер басылғаннан кейін меню командаларының бірі басқа түспен ерекшеленеді. Курсорды басқару пернелерінің ¬, ® көмегімен қажетті меню командасының біріне жеткіземіз. ENTER пернесін басқаннан кейін суырылып ішкі меню (подменю) ашылады. Ішкі меню командасын ­ немесе ¯ пернелерінің  бірі арқылы   таңдауға  болады. Команданы   орындау  үшін   Enter   пернесін     басамыз.  Меню қатарынан жұмыс алабына ESC пернесін басу арқылы оралуға болады.

Excel кесткнің меню командаларын тышқанмен орындаған өте жеңіл, әрі қолайлы. Қажетті меню командасына тышқан курсорын орналастырамыз да, төменгі сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.

Тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы қанат белгілерді көрсету немесе алып тастау, сұқбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады. Егер тышқанды меню сыртына шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі меню жабылады.

 
  

1.2-суретте меню қатарындағы  Түр (Вид)  бөліімі ашылып онда бірнеше төменгі сатылы командалар тіркесінен  Саймандар тақтасы командасы тандалынған. Стандартты, Фарматтау және Сурет салу (Рисование) қатарларының қанат белгілері көрсетілген,яғни осы саймандар тақтасының батырмалары экраны көрініп тұр.

 
  

1.1-кестедегі қатарлардың     Ö қанат белгілері көрсетіліп   тұрғанына   көз жеткізіңіз.

1.2-сурет Сервис-параметрлер командасын орындағанда ашылған  сұхбат  терезесінің Түр(Вид) ішкі беті

Егер  осы  қатарлардың  қанат  белгілері  көрінбей   тұрса,  олардың  әрқайсысында  тышқанның   сол жақ   батырмасын шертіңіз.

Формулалар қатары (строка формул)Қалып күй қатары (строка состояние)Көлденең өрбіту  жолағы (Горизонтальная  полоса прокрутки)
Тік өрбіту (вертикальная  полоса прокрутки )Бейнелеу (отображать)Беттердің  жарлықшалары (лярлычки листов)
Жолдар мен бағандардың тақырыптары (заголовки строк и столбцов)Торкөз (сетка) 

 

1.4.-сурет  Сервис-Праметрлер   космандасын  орындағанда ашылған  сұқбат терезенің Жалпы (общие) ішкі бет.

 

 

 

 

 

 

Ұяшықтардағы мәліметтерді өңдеу

Ұяшықтағы мәліметтерді еңгізу кезінде және олар енгізілгеннен кейін де өңдеуге болады.

Егер ұяшыққа мәліметтерді енгізіп отырып түзету қажеттігі туса, оларды солға [BackSpace] немесе оңға[Delete] қарай өшіру пернелерінің тиістісін қолданамыз.

Ұяшықтағы бұрын  енгізіліп қойылған мәліметтерді өзгерту қажет болса, өңдеу режимін іске қосу  үшін кестелік курсорды қажетті ұяшыққа орналастырған  соң,[F2] пернесін басамыз.  Тиісті  түзетулерді жасаған соң,[Enter] немесе курсорды басқару пернелерінің бірін басамыз.

Қатар,бағана,блоктармен жұмыс істеу.

Ұяшықтағы мәлеметтерді көшірүге, өшірүге, жылжытуға, блоктарды мәлеметтерден тазартуға болады.Осы әрекеттерді орындау үшін қажетті бөлікті белгілеп алған соң;

  • Стандартты саймандар тақтасының батырмалар тобының көмегімен (Қиып алу, Көшіру, Кірістіру);
  • Түзету ( Правка) менюінің Қиып алу ( Вырезать), Көшіру ( Копировать), Кірістіру (Вставить), Өшіру ( Удалить), Тазалау (Очистить), Толтыру (Заполнить) командаларының көмегімен;
  • Тышқанның көмегімен;
  • Контекісті жанама менюдің командаларының көмегімен   орындауға болады.

Жылжыту немесе  Орын ауыстыру үшін нені , қайда жылжыту керек екенін көрсету керек. Тышқанның  көмегімен белгіленген бөлікті ( ұяшық немесе блок) жылжыту  үшін, тышқан курсорын сол белгіленген аймақтың ішіне орналастырамыз. Одан кейін тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап тұрып қажетті орынға жеткіземіз.

Ұяшық мазмұнын көшіру.

Көшіру кезінде мәлімет бұрынғы орнында да қалады , оның көшірмесі жаңа орынға қойылады. Тышқанның көмегімен көшірру үшін белгіленген аймақты жылжыту кезінде (Gtrl) пернесін басулы күйде ұстап тұру керек.

Торларды мәліметтермен толтыру

Торларды мәліметтермен толтыру кезінде ұяшықтағы немесе блоктағы мәліметтер  бір іс-әрекет нәтижесінде бірнеше рет қайталанып көшіріледі. Толтыру әрекеті тек оңға және төмен қарай  ғана орындалады.

Тышқанның көмегімен толтыру белгіленген аймақ оң жақ төменгі шетіне тышқан кусорын  орналастырғанда пайда болған қара түсті қооосу таңбасын жылжыту арқылы жүзеге асады.Егер  бұл  толтыру   таңбасы   жоқ  болса,мынадай  іс-әрекеттерді  орындау  қажет.Меню  қатарындағы    Сервис,Параметрлер,Түзету  командаларын  орындап   ашылған  ішкі  бетте  Ұяшықтарды  тасымалдау  (Перетаскивание  ячеек)Ö қанат  белгісін  көрсетіп    қою  керек.

Автотолтыру.

Электрондық   кестеде  торларды  мәліметпен  авоматты   турде   толтыру  мүмкіндігі  бар.Ұяшықтарға  ай  аттарын,сандарды  т.б.  автоматты  түрде  енгізуге  болады. Мысалы, ұяшыққа кез келген ай   атын   теріп  жазған  соң,кетелік курсорды сол ұяшыққа  орналастырып, тышқанның көмегімен толтыру әрекетін орындасақ, келесі ұяшықтарға реті бойынша ай аттары енгізіледі. Дәл осы әрекетті орындай отырып,ұяшықтарды белгілі бір зандылықпен реттелген санмен де толтыруға болады.Ұяшықтарды санмен толтыру үшін,міндетті түрде екі сан енгізілу керек.Excel программасы сандар енгізілген мезетте сандардың айырмасын есептеу арқылы,қадамды анықтайды да,толтыру әрекеті орындалған кезде келесі ұяшыққа сол қадамды ескере отырып,сан мәндерін есептеп енгізеді.Ұяшықтарға сандарды,белгілі қадаммен кему немесе арту реті  бойынша автоматты түрде жазу үшін,екі сан енгізілген ұяшықты бірге белгілеп алып,толтыру әрекетін орындау қажет.

Ұяшықтарды  автоматты  түрде  толтыруға  болатын  мәліметтер  тізімін  Сервис, Параметрлер  командасын  орындағанда   ашылған  сұхбат  терезедегі  Тізімдер  (  Список  )  ішкі  бетінде  оқи  аламыз ( 1.8-сурет).  Осы  сұхбат  терезедегі  тізімге  өзіміз  көп  қолданатын  сөздерді  тізім  ретінде  енгізуге  болады.

Тізімге  жаңа  мәліметтер  қосу  үшін,Тізімдер (Список)  ішкі  бетінде  Жаңа  тізім  ( Новый  список ) қатарын  таңдаймыз  да,  Тізімдер  элементтері  өрісінде   мәліметтерді үтір  арқылы  терген  соң,  ОК  батырмасын  шертеміз.

Тізімдердің  ішіндегі  мәліметтерді өшіру  үшін  Тізімдер   ( Списки) ішкі бетінде   оны   белгілеген    соң ,    Өшіруге   батырмасын   шерту   жткілікті, сондай- ақ,  мәліметтерді   кестеге   теріп    жазып   қойған   соң  оларды тізімге   қосу  ойыңызға   келсе,  тізімдер  ішкі  бетінде   қайтадан  терудің   қажеті  жоқ,кестедегі   м әліметтер   тізімі   белгілегеннен  кейін тізімдер  (сервис, параметірлер)  ішкі    бетін   ашмыз,   ұяшықтардың   тізімі   алу  (импорт списка  из ячеек) өрісінде  кестедегі  тізім   жазылған  ұяшықтардың  аралығы    көрініп     тұруы  керек. Егер  бұл  аралық  көрінбей тұрса,  мәліметтер  жазылған  ұяшықтардың адрестердін  осы   әрісте  кәрсетеміз  де импорт,  одан  кейін ОК  батырмасын  шертеміз,

Ұяшықтағы   мәліметтерді  өшіру және тазарту .

Егер ұяшықты немесе  блокты мәліметтерден  тазарту , яғни ондағы мәліметтерді өшіру қажет болса , оларды белгілеп  алған соң [Del]  пернесін

басу жеткілікті .

Ұяшықты   немесе блокты оған енгізілген мәліметтерден қажетті аймақты  белгілеп алған соң, Түзету, Тазарту (Правка, Очистить) командаларын орындау арқылы да тазалауға болады.

 

 

 

Практикалық жұмыс.

Бағалау.

Үйге тапсырма.