Жұмыстық столды форматтау: сандарды форматтау
Сабақтың тақырыбы: Жұмыстық столды форматтау: сандарды форматтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұяшықтағы сандарды өңдеп, сандық
мәндерді форматтау жолдарын үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың ой еңбегін дағдылауға, өз
бетімен жұмыс істеуге, еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойлау шеберлігінің, түйсіктің және естің
дамуы; дамыта оқыту негізінде оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақ әдісі: Лекция.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасын сұрау.
- Жаңа сабақты түсіндіру.
- Сабақты бекіту.
- Уйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесемін. Кезекшіден оқушылардың бар жоғын сұрастырып, түгендеймін. Түгендеп болған соң оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп қадағалаймын. Оқу құралдарын дайындауларын сұраймын.
- Үй тапсырмасы.
- Жаңа тақырыпқа көшу.
Excel программасының негізгі атқаратын қызметінің бірі сандарды өңдеу және сандық мәндерді көрсету жолдары болып табылады. Excel программасында сандарды өрнектеу тәсілдері әртүрлі топтарға жіктеледі.
Мысалы 100 санының жазылу форматтары мынадай:
100,00 р.- ақшалық форматта(в денежном формате)
10000%-проценттік форматта
1,00Е+2- экспоненциальды түрде ,1*10^2 дегенді білдіреді .
Санның форматын өзгерту үшін ұяшықты немесе блокты белгілеп алғаннан кейін Форматтау саймандар тақтасындағы мына батырмалардың қажеттісін шерту керек.
Сандардың форматын Формат, Ұяшықтар командасын немесе осы команданы жанама менюден орындау арқылы да тандауға болады.Осы команданы орындаған соң Ұяшықтардың форматы Сұқбат терезесі ашылады. Осы сұқбат терезедегі Сан(Число) ішкі бетінде қажетті форматы тандау мүмкіндігі бар .
Ұяшықтағы саның форматын өзгерту кезінде ұяшықтағы мәліметті өрнектеу әдісі ғана өзгереді де, мәліметтерді өзі сол қалпында қалады . Егер тағайындалған форматта сан бағанаға сыймай тұрса, ол # # # # # түрінде көрінеді, мұндай жағдайда бағананың енін үлкейту керек.
Ол үшін Түр, Маштаб (Вид, Масштаб) Командасын орындап, масштаб терезесінде 75% ауыстырғышын қосыңыз.
- IV. Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма беру.