Литерлік шамалармен жұмыс істеу тәсілдері.

Сабақтың тақырыбы:    Литерлік шамалармен жұмыс істеу тәсілдері.

Сабақтың  мақсаты:                          

Білімділігі:  Оқушыларды литерлік шамалармен орындалатын амалдар таныстыру. Символдық  мәліметтерді енгізу, шығару ерекшеліктерін түсіндіре отырып, программа құруға дағдыландыру;

Дамытушылығы:  Символдық мәліметтерді Бейик тілінде программалау арқылы өңдеу тәсілдерін жүзеге асырып, оқушылардың логикалық  ой- өрістерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілдікке  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    теориялық  сабағы

Сабақтың барысы:   

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен материалды қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Үйге тапсырма

Жаңа  сабақты түсіндіру

Символдық шамалар дегеніміз  сөз тіркестері түрінде берілген мәтін элементтері. Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері. Осыған дейінгі программаларда біз тек сан мәндерімен ғана жұмыс жасап келеміз.  Ал қазіргі компьютерлерімізде кез-келген символдық айнымалыларды өңдейтін программалар бар. Сондықтан бүгінгі тақырыбымыз бойынша ақпаратты пернетақтадан енгізу және дисплей экранына шығаруды қарастыратын боламыз. Бұл программада да сандық ақпаратты енгізу және шығару сияқты          операторларының  көмегімен жұмыс істей аламыз.  Әрбір символ 0 мен 127 кодтарына әмбебап таңбалар,яғни латын әріптері тыныс белгілері,басқару символдары кіреді.Ал,128-255 кодтарына орыс,қазақ алфавиттің әріптері орналасқан.

Символдық мәліметтерді еңгізу

Идентификатор латын әрпінен басталған әріп пен циярдан тұрады және оның оң жағына $ (доллар) белгісі қойылады. A$.  Символдық мәліметтерді пернетақтадан енгізу Input операторы алқылы жүргізіледі,оларды еңгізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:

  1. Бос орын таңбасы — ‘_’  символ орнына жүретіндіктен символдық айнымалылардың мәндері бос орынсыз жазылады.
  2. Бір айнымалыға бір ғана символ меншіктеледі.
  3. Символдық айнымалыларды енгізу кезінде Shift,Ctrl,Caps Lock, Alt басқанда олар жек символ ретінде енгізіліп,мән орнына олардың сканерлеу кодтары қабылданады.

 

Тіркестік өрнектер.Тіркестік өрнек деп амал белгілері,тіркестік айнымалылар және функция атауларынан құралған,ұзындығы 256 символды тізбекті айтамыз.

Біріктіру немесе конкатенанция амалы,ол қарапайым + белгісімен белгіленеді.Бұл амал бірнеше символдардан немесе сөз тіркесінен жаңа мәтін жолын құру үшін пайдаланылады.Программа мәтіндегі сөз тіркесінен тұратын тұрақтылар бір жолда жазылу тиіс.Егер оның бөлігін келесі жолға тасымалдап жазсақ қате болады.

Салыстыру амалдары олар: =, < >,<, >, <=, > = белгілерімен белгіленеді.Егер тіркестің алғашқы символдары бірдей болса,онда қай жолдың символдары көп болатын болса,сол үлкен деп есептеледі.Егер өрнекте біріктіру мен салыстыру амалдары болса,ең алдымен біріктіру амалы,содан соң салыстыру амалы орындалады.

Мәтін ұзындығын анықтау операциясы. Len (A$) Бұл операция  алгоритмдік тілде ұзын түйінді сөзі қолданылады.Мәтін ұзындығы оны құрайтын  символдар санымен анықталады.

Сөз тіркестерін өңдеуге арналған стандартты функциялар мен процедуралар. Бейсик тілінің функциялары :

Mid$ (A$,m,n) – м символдан бастап п символын бөліп алу

Left$(A$,n) – сол жақтан п символын бөліп алу

Right$(A$,n) – оң жақтан п символын бөліп алу

 

            Сабақты бекіту сұрақтары

  • Символдар программаға қалай енгізіледі,олар қандай типте болуы тиіс?
  • Символдық мәліметтерге қандай операциялар қолдануға болады?
  • Литерлік шамалармен қандай операциялар орындалады?
  • Тіркестік өрнектер дегеніміз не?
  • Тіркестік айнымалының ұзындығы қалай анықталады?

 

Үйге тапсырма   Литерлік мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері.

Бағалау.