«Информатика әлеміне саяхат» сайысы
«Информатика әлеміне саяхат» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, алған
білімдерін пайдалана білуге, ұқыптылыққа, шапшандыққа
тәрбиелеу.
1 жүргізуші:
Қызық өмір,
Не деген қызық әр күн
Қызығармын.
Отына қызынамын
Көрік басып, темірді төске соғып,
Тер төгіп келе жатыр Дарын балғын
2 жүргізуші:
Қызық өмір,
Әрине, қызық әр күн,
Қымыз ішкен кісідей қызынармын.
Қызық өмір туралы, қызулы өмір,
Отты ойындар өтілсе, тынығармын.
1 жүргізуші:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, қатысып отырған барлық оқушыларды бізбен бірге информатика еліне саяхатқа шығуға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге тез ойлау, тапқырлық, ептілік, шапшандық қасиеттеріңізді ала жүрулеріңізді ескертеміз.
Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен қатысушылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, “Информатика әлеміне саяхат” атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2 жүргізуші:
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
1 жүргізуші:
Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл сайыстан өтеді ғұлама ойлар.
Жеңсен де, жеңілсен де қалма жасып.
2 жүргізуші:
Ендігі кезек өз білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылатын оқушыларда. Оқушылар екі командаға бөлінген. Ол үшін туған айларына байланысты екі топқа бөлінеді.
Күз -Қыс
Көктем – Жаз
Міне оқушылар екі топқа бөлінді, енді әр топ өз орнына жайғасуын сұраймыз
1 жүргізуші:
Оқушының жеткен жетістігі ұстаз үшін, мектеп үшін үлкен қуаныш, мына жиналған қауым сендердің егемен еліміздің тірегі, тұтқасы болуларыңды қалайды.
2 жүргізуші:
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушылар сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз.
1 жүргізуші:
Енді сайысымызды бастаймыз. Сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасын сайлаймыз.
Әділ қазыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Сіздерден әр тапсырмадан кейін топтың жалпы ұпайы туралы мәлімет беріп отыруларыңыз сұралады.
2 жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, кластас, танысқа емес.
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
Сайысымыздың 1 – ші тапсырмасын орындауға екі топта дайын болса, бастаймыз.
- тапсырма: Әр топ өз тобына ат қою үшін мына суреттерді таңдау арқылы іске асырады… берілген суретке байланысты топқа ат қойып, қорғау, қарсылас топ мүшелеріне сәттілік тілеу. 5 минут.
1 жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып – тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, Зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен.
Екінші тапсырма: Мына берілген сөздерден қазақша – орысша сөздер
құрау. Қай топ көп сөз айтса сол топ көп ұпай алады.
1 топ: ақпараттандыру
2 топ: информатика
2 жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болсын.
Үшінші сайысымыз: Екі тапсырма беріледі. Ұпайы басым топ келіп таңдап алады.
1 тапсырма: Берілген сөздерден бір шумақ өлең шығару. Шығарылған
өлең компьютерде WORD мәтіндік редакторында басып
шығуы керек.
1 жүргізуші: 2 тапсырма: Берілген жұмбақты шешіп, графикалық
редактор PAINT – та суретін салып, принтерден басып шығару.
2 жүргізуші:
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.
IV тапсырмамыз «ҚИЯЛ ӘЛЕМІ»
Ойыншыларға тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыру керек . Тақырыпты таңдау ұпайы аз топтың еркінде.
А) Егер де мен хакер болсам…
Б) Егер де мен программист болсам…
1 жүргізуші:
Ойынымыздың шешуші сәті – төрешілер өздеріңізде.
Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
2 жүргізуші:
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
1 жүргізуші:
Тағыда үйренеміз аман болсақ,
Шыңымыз биік болар, білім қусақ.
Өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тындасақ!
2 жүргізуші:
Бүгінгі көріп тамашалаған “ Информатика әлеміне саяхат ”
сайысы өз мәресіне жетті.
1 жүргізуші:
Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!!!
Қарағанды облысы,
Ұлытау ауданы,
Жезді кенті.