Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритмнің орындалуы. Алгоритм қасиеттері.
Негізгі ұғымдар: Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз.
«Алгортим» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі Әбу Жафар ибн Мұса әл-Хорезми (763-850 жж.) осы атының латынша жазылуы – alqorithmi — жазылуынан шыққан.
Алгортимдік алдын ала жазбаларды құрастыру процесі алгоритмдеу деп аталады.
Алгоритм орындаушысы дегеніміз -құрастырылған алгортиммен басқарылуға тиісті объект немесе субъект.
Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.
Компьютер — кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.
Мысал:
у = (ах+b)(сх -d) функциясын есесптеу үшін келесі қарапайым әрекеттерді орындау керек:
1) а- ны х-ке көбейтіп, оны У деп белгілеп аламыз;
2) У – ті b –ға қосып, оны У1 деп белгілейміз;
3) с – ны х – ке көбейтіп, оны У2 деп белгілейміз;
4) У2 –ден d – ны алып тастаймыз, оны У3 деп белгілейміз;
5) У1 –ді У3 –ке көбейтіп, нәтижені У4 деп белгілейміз.
Негізгі ұғымдар: Алгоритмдерді программалау тілінде көрсету программа деп аталады.
Алгоритм қасиеттері:
| Анықтамасы: |
Айқын дәл, өрнектелу қасиеті | Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек. |
Дискреттік (үзіктілік) қасиеті.
| Белгілі командалар негізінде қадамдарға бөлу жолымен алгоритмнің ретімен орындалуы алгоритмнің дискреттік қасиеті деп аталады. |
Нәтижелілік қасиеті | Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек. |
Жалпылық немесе ортақтық қасиеті | Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. |
Формальды орындалуы | Атқарушы командалардың мәнін түсінбесе де, оны орындай отырып, белгілі бір нәтижеге жетеді. Яғни, алгоритмді формальды орындайды. |
Тапсырма №1:
А) У функциясының мәнін табу алгоритмдерін жаз:
y=(4x + 2)2 + x3;
Б) Келесі алгоритм бойынша У функциясының формуласын тап.
1) х – ке 1-ді қосып, нәтижені b1 деп белгілеу;
2) 1 – ді b1— ге бөліп, нәтижені b2 деп белгілеу;
3) b2 – ден 1 –ді алып тастап, нәтижені b3 деп белгілеу;
4) b2 –ге 1 –ді қосып, нәтижені b4 деп белгілеу;
5) b3 – ті b4 – ке бөліп, нәтижені b5 деп белгілеу;
6) b5 – тен 1-ді алып тастап, нәтижені У деп белгілеу.
Тапсырма №2: Цинк , 96℅ -тік күкірт қышқылы, су, колба, пробирка берілген. Сутегін алу алгоритміндегі қатені түзетіңдер:
Колбаны үстелге қойыңдар.
Колбаға қышқыл құйыңдар.
Колбаға су құйыңдар.
Бөлініп шыққан газды пробиркаға жинаңдар.
Колбаға цинк тастаңдар.
Тапсырма№3: АВ кесіндісі берілген. Төмендегі алгоритм қандай есепті шешуге арналған:
Циркульдің ұшын А нүктесіне қою.
Циркульдің қадамын АВ кесіндісінің ұзындығына тең етіп алу.
Шеңбер сызу.
Цикульдің ұшын В нүктесіне қою.
Шеңбер сызу.
Шеңбердің қиылысу нүктелері арқылы түзу жүргізу.
Тапсырма№4: «Компьютерде ойнау» алгоритмін құрыңыз.
Үйге тапсырма:
Тапсырма№1: Жолдан өту алгоритмін құр.