Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі.Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі

Алгоритм жазу жолдары. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі.Алгоритмдік тіл  және программалау тілі ұғымы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі

Алгоритм жазу

жолдары

Табиғи тіл арқылы жазу
Программалау тілдерінде
Графиктік тілде(блок-схема)
Қарапайым алгоритмдік тіл

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі –кең таралған әдіс.

 

Негізгі ұғым: Блок-схема – алгоритмнің арнайы бекітілген фигуралар арқылы графиктік түрде жазылуы.

 

Есте сақта: — Блок-схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек.

  • Блок-схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет.

 

Мысал: екі санның қосындысын табатын алгоритмнің блок-схемасын құрайық: у = а + с .

Басы
y:=a+c
у
соңы
а , с енгізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі ұғымдар: Алгоритм тілі – бұл алгоритмдер мен оларды орындаудың біртекті және жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі.

Компьютердің өзінің машиналық  тілі болады, ол командалар тілі немесе кодтар тілі деп аталады.

Алгоритмдерді  және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті құрылымдар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тілдерді программалау тілі деп аталады.

Алгоритмдік тілде машина тіліне автоматты түрде аударатын аудармашы программа транслятор деп аталады.

Мыс: программада —   end

Транслятор

Транслятордан соң –  11100010 10001110 11000010

Интерпретатор – берілген программаның әрбір жолын жеке-жеке аударып отырып орындайтын транслятор

 

Компилятор – барлық программа мәтінін толық аударып, бір модуль түріне келтіреді, компьютер жадына қайта жазып алып, біздің қалауымыз бойынша орындайды.
Ассемблер – тек автокод түрінде, яғни ассемблер тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне аударады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алгоритмнің жалпы өрнектелуі:

 

Мысалы: y= (Ax-B)*(Cx+D) формуласы бойынша  х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмін құрайық:
Алг алгоритмнің атауы

Арг  А,В, С, D, Х

Нәт  Y, R1, R2

Басы

Алгоритм командалары

…………………………….

…………………………….

…………………………….

соңы

 

Алг  формула бойынша есептеу

Арг  А,В, С, D, х

Нәт  Y

Басы

R1:=A*x-B

R2:=C*x+D

Y:=R1*R2

соңы

 

 

Тапсырма №1:  y=(at2+2) /(at-1), мұндағы t=a*x+xформуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін  у-тің мәндерін есептеу кезеңдерін алгоритмдік тілде жазыңдар және блок-схема түрінде құрыңдар.

 

 

Тапсырма №2: 

y=cx3-d  формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құр.

 

 

Тапсырма№3: x=6y / (4y-1) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмінің блок-схемасын құрыңдар.

 

 

 Үйге тапсырма: 

Тапсырма№1: у= (2x+c) / (3x — z) формуласы бойынша х-тің кез келген мәні үшін у-тің мәндерін есептеу алгоритмінің блок-схема түрінде құрыңдар.