Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезеңдері

Алгоритм командалары. Алгоритм құрылымы. Компьютерде есеп шығару кезеңдері

Алгоритм командалары
Жай командаларға:

Меншіктеу, мәлімет енгізу, және нәтиже алу(мәлімет шығару)

 

Құрама команда:

Тізбекті, тармақталу, циклдік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.

Есте сақта: меншіктеу командасы айнымалы:= өрнек  үлгісінде жазылады. Мысалы:  y:=5      « у  айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.

Бастапқы мәндері  X:=7;   Y:=0   болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?

R:=X;    X:=Y;    Y:=R;

Алгоритм құрылымы
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм
Тармақталу алгоритмі
Циклдік алгоритмдер

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі ұғымдар: Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады.

Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын  тармақталу  алгоритмдері деп аталады.

 

Есептеу процесінің бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады. Қайталану саны алдын ала  белгілі цикл – арифметикалық цикл, ал орындалу саны белгісіз цикл – қадамдық цикл деп аталады.

Есте сақта: Тармақталу командасын алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйіндері пайдаланылады.

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт , ал цикл басы мен цикл соңы  түйінді  сөздерінің  арасына қайталанатын командалар жазылады.

 

Z=ax2+b+cos(ax2+b)-tg(ax2+b)y= f(x) функциясы мәндерінің есептелу алгоритмін қарастырайық
алг Z функциясын есептеу

(нақ a, b, x, Z)

арг a,b,x

нәт Z

басы

a,b,x енгізу

t:=ax2 +b

Z:=t+cost-tgt

x,Z шығару

соңы

алг  у функциясын есептеу

(нақ  x, У)

арг  x

нәт У

басы

егер  болса

      онда

         әйтпесе

бітті

x енгізу

x,У шығару

соңы

алг  арифметикалық цикл (нақ x0, xk, dx, y ) есептеу

арг  x0, xk, dx

нәт У

басы

енгізу 

x:=x0

 егер  x

 онда

шығару х, у

x:=x+dx

бітті

соңы

а,b,x  енгізу
Z=t+cost-tgt
соңы
x, y
t:=ax2+b
басы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

соңы
x, y
басы
соңы
x:=x+dx
x, y
y:=f(x)
x
x:=x0
x0, xk, dx
x  енгізу
басы

 

Компьютерде есеп шығару процессі өте күрделі болып табылады. Оны келесі кезеңдерге бөлу қабылданған:

  1. Есептің ауызша анықталуы.
  2. Есептің қойылымы. Есепті математикалық түрде анықтау.
  3. Есепті ЭЕМ-де шешу үшін қолданатын әдісті таңдау және анықтау.
  4. Есепті шешу алгоритмін құру.
  5. Компьютерде есепті шешу программасын құру. Программаны баптау (қатесін жөндеу).
  6. Қажетті берілгендерді дайындау.
  7. Есепті компьютерде шешу, талдау және нәтижесін қолдану.

Тапсырма№1: x=(2y-3)*(6y+4) формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құрыңыз.

 

Тапсырма№2: x=(4-7y)/11y формуласы бойынша у-тің кез келген мәні үшін х-тің мәнін есептеу алгоритмін және блок-схемасын құрыңыз.