Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері
Паскаль программалау тілінің алфавиті. Тілдің қарапайым объектілері
Тілдің алфавиті |
Әріптер Латын,қазақ, орыс,т.б. |
Цифрлар 0,1,2,. . . . . 9 |
Арнайы белгілер |
Арифметикалық амалдар: +;-;*;/ div-бүтін бөлу, mod- қалдықты табу |
Қатынас >; <; >=; <=; =; <>. |
Мысал: 10 div 3 = 3 10 mod 3 = 1 27 div 5 = 5 45 mod 8 = 5
Логикалық амал белгілері |
Негізгі ұғымдар: Өрнек – арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар , атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі.
Оператор – программалау тілінің белгілі бір іс – әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөздер.
Программаның сипаттамасы – программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны.
Тілдің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», « тұрақты» , « айнымалы» , «функция», және «өрнек» ұғымдары кіреді.
Негізгі ұғымдар: Идентификатор – программалау процесінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілеулер және міндетті түрде әріптен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратны атау (ұзындығы 8 символдан тұрады). Мысалы, x, X1, cymma, DT3.
Тұрақтылар (константа) деп мәндері белгілі және программаның орындалу барысында өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады.
Есіңе сақта: const < айнымалының аты> = <мәні>
Айнымалылар – программаның орындалу барысында мәндерін өзгертуг болатын шамалар.
Есіңе сақта: Айнымалыларды сипаттау var түйінді сөзінен басталады.
Логикалық амалдар |
True — ақиқат |
False — жалған |
Есіңе сақта: Тіл ережесін графиктік түрде бейнелейтін диаграмма Вирт диаграммасы деп аталады.
Тапсырма №1: Есептеңіз:
а) 25 санын 3-ке бөлгендегі бөліндіні табыңдар.
б) 42 санын 5-ке бөлгендегі бүтін қалдықты табыңдар.
Тапсырма №2: Есептеңіз:.
1) 459 div 60 =
124 mod 7 =
2) 982 div 54 =
95 mod 3 =
3) 657 div 36 =
324 mod 6 =
4) 774 div 45 =
101 mod 7 =
5) 542 div 23 =
57 mod 41 =
6) 687 div 98 =
61 mod 4 =
7) 1234 div 245 =
355 mod 66 =
8) 308 div 2 =
604 mod 78 =
9) 446 div 54 =
854 mod 6 =
10) 49 div 3 =
852 mod 101 =
Үйге тапсырма:
Тапсырма№1: Есептеңіз:
11) 2541 div 1021 =
69 mod 3 =
12) 555 div 5 =
659 mod 8 =
13) 27 div 5 =
364 mod 7 =
14) 1952 div 96 =
654 mod 75 =
15) 82 div 9 =
930 mod 96 =
16) 852 div 2 =
1000 mod 10 =