Енгізу,шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру
Енгізу,шығару операторлары. Сызықтық алгоритмдерге программа құру
Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.
Read – ағылшынша оқу , readln (read line) — қатарды оқу
Есіңе сақта: Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an);
Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.
Есіңе сақта: Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an);
Негізгі ұғым: Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол ретпен атқарылатын программалар.
Тапсырма№1: Берілген программаны теріңіз.
Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз’);
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
End.
Тапсырма№2: Екі санның азайтындысын табу программасын құру керек.
Тапсырма№3: Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b) [1] , у = a* b
Тапсырма№4: Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу программасын құр және компьютерге енгіз.