Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы-REPEAT
Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы-REPEAT
REPEAT қайталау операторы WHILE операторына ұқсас, айырмашылығы – қайталану шарты цикл соңында тексеріледі, сондықтан ол кем дегенде бір рет орындалатын болады. Екінші өзгешелігі – цикл тұлғасы шарт жалған болғанда қайталанып, ол ақиқат болған кезде циклді орындау доғарылады.
Есте сақта: Бұл оператор REPEAT және UNTIL түйінді сөздерін пайдаланып орындалады.
Жазылу пішімі:
REPEAT
<оператор 1>;
<оператор 2>;
…………
<оператор n>;
UNTIL <шарт>;
Repeat (оқылуы: рипит, қайталауболып аударылады) және Until (оқылуы: антил, дейін, шейін болып аударылады)
Мысал. 1 кг ірімшік 300 тг. тұрады. Ірімшіктің 100, 200, 300, …, 1000 граммына төленетін теңгені анықтайтын және есептің жауабын кесте түрінде шығаратын программа құру. Қадам – 100 –ге тең.
Program esep3_3;
Var {айнымалыларды сипаттау бөлімі}
m: Integer; {m – бүтін сан }
z:real; { z – нақты сан }
BEGIN {программа басы}
Цикл денесі
m:=100; { m-нің бастапқы мәні}
repeat {цикл басы}
z:=(300*m)/1000; {төленетін теңгені есесптеу}
WriteLn(m, ‘ | ‘,z , ‘ тг.’); {нәтижені экранға шығару}
m:=m+100; {m мәнін 1 қадамға жоғарылату}
until m>1000; {цикл шарты}
readln;
END. {программа соңы}
Программа нәтижесі:
100 | 30 тг.
200 | 60 тг.
300 | 90 тг.
400 | 120 тг.
500 | 150 тг.
………………..
……………….
1000 | 300 тг.
Тапсырма№1: Пернетақтадан енгізілген кез келген сандардың ішінен ең үлкенін табатын программаны құрыңыз.
Тапсырма№2: 1, 3, 5, …, 15 сандары квадраттарының қосындысын есептеу алгоритмін және бағдарламасын repeat операторын қолдана құру керек.
program kosyndy; var x,y,s:integer; begin x:=1; s:=0; while x<=15 do begin y:=sqr(x); s:=s+y; x:=x+2; end; writeln (‘s=’,s); end. |