Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері
Символдық мәліметтермен жұмыс істеу тәсілдері
Символдық мәліметтерді өңдеу символдық типті анықтайтын CHAR ( ағылшынның Character – символ деген сөзінен қысқартылып алынған) түйінді сөі арқылы жүзеге асырылады.
Негізгі ұғымдар: Char – айнымалының мәні жеке символ болатынын білдіретін тип,
Chr (x) – byte типіндегі х өрнегін символға түрлендіреді, мысалы: Chr (53)=’5’, chr(73)=’I’;
Ord (ch) – c символын оның byte типіндегі сәйкес кодқа түрлендіреді; мысалы: ord (‘?’)=63, ord(‘5’)=53;
pred (ch) – ch-тың алдыңғы кодына сәйкес символды береді; мысалы: pred (‘M’)=’L’;
succ(ch) – ch-String — айнымалының мәні сөз/сөйлем екенін білдіретін тип, мәндегі символдар саны 256-дан аспауы керек.
Text — мәтіндік тип, файл аттарын белгілеуде қолданылады.
Мысалы: ағылшынның алфавитін экранға шығарып беретін программа құралық.
Program kodtar; {программаның тақырыбы}
Var c: char; {с символдық айнымалыны сипаттау}
Begin {программаның басы}
For c:=’a’ to ‘z’ do {параметрлі цикл операторы}
Write(c); {цикл денесі: с айнымалысын баспаға шығ.}
End. {соңы}
Мұның нәтижесінде дисплей экранында abcd….z символдары көрінеді. Ал алфавитті кері тәртіпте бейнелеу қажет болса, онда FOR операторының алғашқы жолын басқаша мынадай түрде жазу керек.
For c:=’z’ downto ‘a’ do
Мысал: Берілген сөзде қанша «а» әрібі бар екенін анықтайтын программа жазыңыз.
program a_sanau;
uses crt;
var i,n,k: integer;
s: string;
begin
write(‘tanbalar tizbegin engiz, ‘);
read(s);
n:=length(s); k:=0;
for i:=1 to n do
if (s[i]=’а’) or (s[i]=’a’) then k:=k+1;
writeln(‘sozdegi kichi «a»-lar sany — ‘,k);
end.
Тапсырма№1: Берілген жолдағы леп белгілерді нүктемен алмастыратын программа құрыңыз:
Тапсырма№2: Пернетақтадан жолға сөз енгіз және сол сөздің ұзындығын анықтайтын программа құрыңыз:
Үйге тапсырма: Енгізілген жолда «*» символының санын анықтайтын программа құрыңыз.