Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс
Екіөлшемді жиым элементтерімен жұмыс
Егер жиым атауында бір ғана индекс болса, онда ол жиымды бірөлшемді, ал екі индекс болса – екіөлшемді және т.с.с n индекс болса, n — өлшемді жиым дейді. Бірөлшемді жиым вектор элементтері, ал екіөлшемді жиым матрица болып табылады.
Типтер бөлігінде екіөлшемді жиым былай есептеледі:
Type atau = array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Var a,b: atau;
Екіөлшемді жиымды көбінесе айнымалы бөлігінде былай сипаттау жиі қолданылады:
Var
B: array [1..n, 1..m] of <элементтер типі>;
Мысал 1: Екіөлшемді а және b матрицаларының қосындысы болып табылатын s матрицасын табу керек.
Program kosu;
Var
A,b,s:array[1..3, 1..3] of real; {a,b және s матрицаларын сипаттау}
i,j:integer;
begin
writeln(‘а жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do read(a[i,j]); {а матрицасын енгізу}
writeln;
writeln(‘b жиымы элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
for i:=1 to 3 do
for j:=1 to 3 do begin
read(b[i,j]); {b матрицасын енгізу}
s[I,j]:=a[I,j] + b[I,j]; {а және b матрицасына қосып, s матрицасына меншіктеу}
end;
writeln(‘қосынды жиымның элементтері:’);
for i:=1 to 3 do begin
for j:=1 to 3 do write(s[I,j]); {жаңа құрылған матрицасының элем-рін баспаға шығару}
writeln;
end;
end.
Мысал 2: Өлшемі 4 х 4 нақты сандардан тұратын матрица берілген. Матрицаның ең кіші элементін табатын программа құралық.
Program matrissa;
Const n=4;
Var
A:array [1..n, 1..n] of real; {а матрицасын сипаттау}
Min,res:real;
I,j,k1,k2:integer;
Begin
Writeln(‘Матрица элементтерін босорын арқылы енгізіңдер:’);
For i:=1 to n do
Begin
For j:=1 to n do read(a[I,j]); {А матрицасын енгізу}
Writeln;
End;
Min:=a[1,1]; {1-ші элементті ең кіші деп сақтап қоямыз}
k1:=1; k2:=1; {1-ші элементтің индекстерін сақтап қою}
For i:=1 to n do
For j:=1 to n do begin
If min>a[I,j] then begin {ең кіші элементті анықтау шарты}
Min:=a[I,j]; {егер ағымдық эл.кіші болса,min-ді ауыстырамыз }
K1:=I; k2:=j; {сәйкесінше, индекстеріде ауысады}
End;
End;
Writeln(‘ең кіші элемент=’, min:6:2,’, ол’, k1:2,’- жолда және’,k2:2,’-бағанада орналасқан’); {минимальды эл.баспаға шығару}
End.
Тапсырма№1: 5элементтен тұратын А және В массивтері берілген.а және В массивтерінің қосындысынан тұратын С массивінің көбейтіндісінен тұратын Д массивін анықтайтын программа құрыңыз..
Тапсырма№2: Бірөлшемді А(10) жиымындағы теріс элементтердің ең үлкенін табатын программа құрыңыз.
Үйге тапсырма: Екіөлшемді А(4,4) жиымының үшінші және бірінші жолдардың орнын ауыстыратын программа құрыңыз.