Алгоритмнің жай командалары Сызықтық және тармақталу командалары
Сабақтың тақырыбы: Алгоритмнің жай командалары Сызықтық және тармақталу командалары
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Алгоритмнің командаларын, оның құрылымын, сызықтық және тармақталу командасы туралы үйрету
Б) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
С) Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетіндегі ережелерді сақтауға, ұқыптылыққа, тазалыққа, сабақты зейін қойып тыңдауға, өз ойларын толық жеткізуге тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, тірек сызбаларды пайдалану, ББҮ
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Көрсете отырып түсіндіру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат, маркерлер, қима қағаздар
Сабақтың ұйымдастыру формасы: Топпен
Пайдаланылған әдебиет:
Информатика 9 класс. Авторы: Б. Бөрібаев, Б. Нақысбеков, Г. Мадиярова
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа назарын аудару;
- Құрал-жабдықтарын тексеру;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Актуальдау(Үйге берілген сабақтың қаншалықты меңгергендігін білу, өзектілігі). Үй тапсырмасын сұрап бекіту негізінде «Жұмбақ сан» тестімен қорытындылау. Сұрақтар:
- Алгоритм жазудың неше түрі қабылданған?
- 4
- 2
- 6
- 3
- Түйінді сөздерді көрсет:
- алг, басы, соңы
- айнымалы, өрнек, алг
- серия, арг, басы
- басы, соңы, меншіктелу
- Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін бірнеше командасының тізбегін не деп атайды?
- серия
- аргумент
- меншіктелу
- алгоритм
- Меншіктелу командасының жазылуын көрсет:
- айнымалы:=өрнек, у:=а-в
- өрнек:=айнымалы, у:=а-в
- меншіктелу:=өрнек, у:=а+в
- меншіктелу таңбасы, :=
- Басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұратын бөлік қалай аталады?
- алгоритм тұлғасы
- дене пішім
- жиын тобы
- программа
- Алгоритмнің жалпы өрнектелуін көрсет:
1)алг 2)алг 3)арг 4)басы
арг нәт алг алг
нәт басы нәт арг
басы арг басы нәт
……. ……. ……. …….
соңы соңы соңы соңы
+ + + + + = 6
«Жұмбақ сан» тестінің шешімімен сәйкес келген 6 саны күннің жады да екен, олай болса дәптерімізді ашып, күннің жадын жазып, жаңа тақырыпты жазып қойыңыздар.
«ББҮ» сызба әдісі
Жүзеге асыру қадамдары
1-қадам: Сызбаны тақтаға және дәптерге сызып алу
2-қадам: Оқушылармен алғашқы екі бағанды толтырамыз
3-қадам: Оқушыларға тақырыпты түсіндіру, жаңадан танысқан түсінікті табу
4-қадам: Жаңадан алған білімдерімен сызбаның соңғы бағанын толтыру
5-қадам: Екінші баған бойынша қандай сұрақтарға жауап тапқандарын топта талқылау
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
ІІІ. Жаңа сабақ
Алгоритм командалары
Алгоритм командалары есеп шартына байланысты жай және құрама (күрделі) командалардан тұрады.
Жай команда. Кез-келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы, ақпаратты өңдеудің немесе өрнектеудің бір қарапайым операциясын орындайтын жай командадан тұрады. Жай командаларға меншіктеу, мәлімет енгізу, нәтиже алу командалары жатады. Жай команда алгоритмнің блок-схемасында есептеу, енгізу, нәтиже алу блоктары түрінде кескінделеді. Олардың бір енгізу, бір шығару сызығы болады.
Құрама командалар. Жай командалардан құрылымы күрделі құрама командалар құралады. Құрама командалар құрылымына байланысты тізбекті, тармақталу, циклдік топтардан немесе бірыңғайланған алгоритмдік құрылымдардан тұрады.
Алгоритм құрылымы
Сызықтық немесе тізбекті алгоритм.Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Сызықтық алгоритм тізбектеле орналасқан командалардан, ал блок-схемалар бір сызық бойына орналасқан тізбекті блоктардан тұрады.
Мысалы:
алг үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу
тиісті бетін ашу, үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы
y=5x2-4
алг y функциясын есептеу
арг х
нәт у
басы
х енгізу
R1:=x*x
R2:=5*R1
Y:=R2-4
у шығару
соңы
Мұндағы, 2 блок – х енгізу блогы, 3 блок – у функциясының мәнін
есептеуді, 5 блок – у функциясының нәтижесін басып шығарады.
Тармақталу алгоритмі. Тармақталу алгоритмінде көбіне арифметакалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, алгоритм бір тармақпен, ал орындалмаса, екінші тармақпен жүзеге асыралады да, соңында екі тармақ қайта бірігеді. Мұндай алгоритмдерде шартты тексеру тармақталу командасы деп аталады. Оны алгоритмдік тілде өрнектегенде егер, онда, әйтпесе, бітті түйінді сөздері қолданылады. Орындалу тәсіліне байланысты толымды және толымсыз болып екі түрге бөлінеді.
Тармақталу алгоритмдерінің толымды түрі екі серияның бірін ғана таңдауды іске асырады, мұнда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 1-серия жүзеге асырылып, содан кейін келесі амалдарға көшеді. Ал егерде, шарт орындалмаса, онда 2-серия атқарылып, содан кейін ғана алгоритм әрі қарай орындалады.
егер шарт
онда 1-серия иә жоқ
әйтпесе 2-серия
|
|
бітті
Тармақталу алгоритмдерінің толымсыз түрі алгоритм тармақталу кезеңінде шарт орындалса, алгоритм сериясы жүзеге асырылады да, ал шарт жалған болса, серияны аттап өтеді.
егер шарт иә
онда серия
|
бітті
жоқ
Мысалы:
алг мал азықтандыру (а, b нақ. max)
арг а, b
басы
егер күн ашық болса
онда малды жайылымға жай
әйтпесе малға қорады жем шөп бер
бітті
соңы
алг екі санның үлкенін табу
арг a, b
нәт max
басы
егер a>b
онда max:=a
әйтпесе max:=b
бітті
соңы
Жаңа сабақты тексеру
1- тапсырма P функциясын есептеу. P=(x+y)-2x2
Мұндағы, 2 блок – х енгізу блогы, 3 блок – у функциясының мәнін
есептеуді, 5 блок – Р функциясының нәтижесін басып шығарады.
алг P функциясын есептеу
арг х, у
нәт P
басы
х, у енгізу
R1:=x+у
R2:= x*x
R3:= R2*2
Р:= R1- R3
Р шығару
соңы
2 – тапсырма Y функциясын есептеп шығару керек. Y= x2-4x+5, егер х≤3
3x3+5, егер х>2
алг Y функциясын есептеу
арг х
нәт Y
басы
егер х>2
онда x2-4x+5
әйтпесе 3x3+5
бітті
соңы
Қосымша тапсырмалары
Y= √x+x, егер x>0
√ x2+1 ,егер x>0
алг Y функциясын есептеу
арг х
нәт Y
басы
егер х<0
онда √x+x
әйтпесе √ x2+1
бітті
соңы
- Бекіту
- Бағалау
Сабақ айтқан, есеп шығарған, сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалау.
- Үйге тапсырма
1.8 – оқып, түсінік айту.
Мына есептерді шығарып келу: 1. Квадраттың ауданы мен периметрін табу
- F= x2+11x-9, егер х≥1
1/x2+3x+9, егер х≤2