Операциялық жүйе, файлдар, қапшықтар
Сабақ тақырыбы: Операциялық жүйе, файлдар, қапшықтар
Сабақ мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сабақта жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация
Сабақта қолданылған білім технология элементтері: топпен жұмыс, ақапараттық технология
Сабақ түрі :дәстүрлі емес, жарыс сабағы Сабақ типі: бекіту
Сабақ әдісі: сұрақ –жауап, ойын
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі: Тәуелсіздік жыр-әніміз
Мақтаныш бұл еліме
Той сабақты арнаймыз
Тәуелсіздік құрметіне
Елге қосқан үлесіміз
Көрсеткен біздің біліміміз! дей келе сабағымызды бастаймыз. Тәуелсіздігімізбен бірге салт-дәстүрлеріміз жаңғырып ортамызға қайта оралды. Бүгінгі той сабағымызда осы салт-дәстүрлерге сай қазақтың ұлттық ойындарында білімімізді сынаймыз. Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», — деген екен.
Сабақ кезеңдері:
- Таныстыру
- Жасырынбақ
- Бәйге ойыны
- Тойбастар
- Қорытынды
1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады)
2-ші кезеңі «Жасырынбақ»
Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер…, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике. Осы ойындардың ішінен жасырынбақ ойынын таңдаймыз
Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд-шоумен көрсетілген суреттерді топ басшысы өз тобының мүшелеріне жасырып айтады. Топ мүшелері экранға қарамай тұруы тиіс. Әр сурет 4 секунд ғана тұрады, сосын келесі суретке ауысады. Сол уақытта топ басшысы түсіндіріп үлгеруі тиіс.
1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: жүйелі блок, қапшық, кактус, құлақшын, жүзім, хат, модем, электр тогы, қарындаш, колонка, калькулятор, процессор.
2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке слайдта көрсетіледі: сағат, компакт-диск, мұғалім, маус, сканер, доп, принтер, алма, фотоаппарат, монитор, кітап.
3-ші кезеңі «Бәйге» ойыны
Бәйге — ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда,Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде Бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған.
Бұл ойында практикалық тапсырма беріледі
4-ші кезеңі «Той бастар»
Той басталды ауылда той басталды
Тәуелсіздік мерекесі ой тастады.
Оқушының үлесі осы тойда.
Білімдерін көрсетіп ой қосады.
Той той той тойбастар
Болашаққа жол бастар
Той той той тойбастар
Білімді ғой бұл жастар
Бұл кезеңде тәуелсіздігіміздің 20 жылдық құрметіне әр топқа 10 сұрақтан 20 сұрақ қойылады.
1 топқа сұрақтар:
- Операциялық жүйе дегеніміз не? Компьютердің жұмысын толық басқаратын программа
- WINDOWS не деген ұғымды білдіреді? Терезе
- Аты бар бірқатар байттар тізбегі Файл
- Қапшықтар қанша түрге бөлінеді 2 түрге Жүйелік, жұмыс
5.doc типі қандай файлдарда болады? Мәтіндік
6.Компьютер құрамына кіретін әр түрлі құрылғыларды басқаруға арналған арнайы программалар
Драйвер
7..Бір мезгілде орындайтын тапсырмалары бойынша операциялық жүйелер қалай бөлінеді?
Біртапсырмалы Көптапсырмалы
- Операциялық жүйелерді атаңдар WINDOWS UNIX MS DOS
- Экранды баптау командасы
- Қапшық файлдарды іздеу командасы
2 топқа сұрақтар:
- Компьютер бізге қызмет көрсету үшін қандай программа орнатылу керек? Операциялық жүйе
- WINDOWS экранын не деп атаймыз? Жұмыс үстелі
- Файлдарды жүйеге келтіру үшін не қолданылады? Қапшық
- Файлдың аты неше бөліктен тұрады? Екі
.bmp типі қандай файлдарда болады?
- Командалық интерпретатор, программалық тілден «темір» тіліне аударатын аудармашы, машина кодасының тілі Ядро
6.Бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылар саны бойынша қалай бөлінеді?
Бірпайдаланушы, көппайдаланушы
7.Көп тапсырмалы операциялық жүйе WINDOWS
- Сағатты баптау командасы
- Экран фонын баптау командасы
- Компьютер құрылғыларын атаңдар.
5-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң» Бұл кезең бағаланбайды.
Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
Өнерлерін көрсетіп болғанша әділқазы алқасы бағасын шығарады.
ІІ. Қорытынды
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.
ІІІ. Оқушылардың білімін бағалау
ІҮ. Үйге тапсырма: Операциялық жүйе, қапшық, файлдар тақырыбын қайталау
Дайындаған: 1 санатты информатика пәнінің мұғалімі Курманбаева Ақпейіл Жұмағалиқызы
Бағалау парағы:
1 кезең 10 ұпай
| 2 кезең әр дұрыс жауапқа 1 ұпай | 3 кезең Тапсырманың орындалу барысына қарай 5 ұпай | 4 кезең Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан | Қорытынды | |
1 топ
| |||||
2 топ
|