«Сиқырлы бояулар» Сайыс сабақ

Тақырыбы.   «Сиқырлы  бояулар» Сайыс  сабақ

Мақсаты.   Графикалық  редактор  мүмкіндігін тиімді  пайдалану  дағдысын  бақылау.

Міндеттер.

  1. Шығармашылықпен  жұмыс  жасау
  2. Кеңістікте  ойлау  жүйесін,  есте  сақтау  және   ұқыптылыққа  дағдыландыру
  3. Танымдық  қызығушылығын  арттыру, логикалық  ойлауын  дамыту.

 

Конкурсқа  қатысу  үшін оқушыға  қажетті  білім деңгейі

  1. Графикалық редакторда сурет сала   білу   және   өзгерістер   енгізе  білу
  2. Қажетті құралдарды тиімді  пайдалану

3.Түстер  сәйкестігін   таба  білу

4.Композиция  құра  білу

  1. «Болдырмау» командасымен жұмыс  жасай  білу
  2. Дискімен жұмыс  жасай  білу.

Кабинетті  безендіру.

  1. Оқушы  шығармашылығынан  жұмыстар
  2. Әділ  қазыға  қажетті   материалдар

Өткізу  тәртібі

  1. Ұйымдастыру  кезеңі
  2. Әділ  қазы  мүшелерімен  таныстыру   Бейнелеу  пәні  ,  информатика  пәні  мұғалімі ,  байқау  жеңімпаздары  мүшеге  ену  керек
  3. Тапсырмаларды орындау  кезеңі
  4. Бағалау  кезеңі

Тақырыпты    қалауларынша  алуға болады.

.

Тапсырма барлық  оқушыға  бірдей,  тақтаға  үлгісі  іліеннді.  Соны  пайдаланып  оқушы  шығармашылықпен  жұмыс  жасау  керек. Үлгіге  аздап  өзгеріс  енгізуге  болады,  бірнше  рет  қайталауға  болады.

 

 

Бағалау  критерилері./ Бағалау  парағы  үлгісі/

 

Оқушының  іс-әрекетібалл
1Компьютердің  мүмкіндігін  пайдалануы15
2Бейнелік  шешуі5
3Сапасы5
4Өз  ойын  жеткізуі5
5Өздігінен  жұмыс  жасауы3
6Барлығы33

 

Ең  жоғарғы  балл  33

Әр талапкерге  30  мин  уақыт  беріледі   .Өз  папкасына  сақтап,  көрсетеді. Ұпай  санына  қарай  орын  белгіленеді.

 

Мысалы .  Үлгі  осы  тұрғыда .  Кім  көп  бейне  ойлап  табады?  Оқушының  мүмкіндігі  өте  көп,  сайыс  тиімді  де  қызықты  өтетініне  сенім  білдіремін.

 

Алматы  облысы  Райымбек  ауданы

Сарыжаз  орта  мектеп  мұғалімі   Орманова  Құралай  Халеловна.