Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері
Модельдің түрлері: таңбалық және вербальдық, ақпараттық, компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Моделдеудің негізгі кезеңдері
Негізгі ұғымдар: Модель дегеніміз — нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
Модельдерді қасиеттеріне қарай мынадай топтарға жіктейді:
- Қолдану аймағы.
- Модельде уақыт факторын ескеру.
- Білім саласына қарай топтау.
- Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Қолдану аймағына қарай модель не үшін және қандай мақсатқа қолданылады деген сұраққа жауап беру мақсатында оқу, тәжірбиелік, ғылыми-техникалық, ойын, имитациялық тәрізді топтарға жіктеледі.