Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау.
Сабақтың тақырыбы: Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға деректерді көрнекі және графикалық түрде ұсыну жолдарын
меңгерту және уақытты үнемдеуге, компьютерде сауатты
жұмыс жасай білуге, топтық жұмыста сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:
- Электронды кестедегі мәліметтедіі көрнекі түрде көрсетуге дағдыланады.
- Мазмұнды игеру қажеттілігін түсініп, өз бетінше әрекет жасайды;
- Оқушылар топ ішінде бірлесе жұмыс жасау арқылы бір-бірінен үйренеді;
Күтілетін нәтиже :
- Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;
- Мазмұнды өз бетінше игеріп компьютерде жұмыс жасай алады;
- Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды компьютерде қатесіз жазуды үйренеді;
Дереккөздері: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева Информатика 8 сынып,
Интернет ресурстары, Электронды оқулықтар.
Оқыту технологиясы: СТО
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілі : «Ағаш» бөліну әдісі, «Уақыт шеңбері» әдісі, «Сәйкестендіру» ойыны, Ментальді карта, анализ, қолданыс, «Бағдаршам» ойыны, «Он сұрақ» бағалау сұрақтары,
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қауіпсіздік ережесі, стикерлер, маркерлер, форматты қағаз, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика.
Сабақтың жоспары:
Мерзімі | Сабақ кезеңі | Жұмыс түрі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
2 минут | Қызығушылықты ояту | Психологиялық дайындық | 1.«Анам айтқан…» сөзін айта отырып, ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады. 2. Түгелдеу 3. Топқа бөлу | Шеңберге тұрып сұрақтарға жауап беріп, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып, амандасады. «Ағаш» әдісі арқылы топқа бөлінеді |
5 минут | Сұрақ-жауап:
Миға шабуыл: | «Уақыт шеңбері» әдісі. «Сәйкестендіру» ойыны. Интерактивті тақтадан өздерінің тоқсандық білім сапасы көрсетілгенде не туралы ойладыңыздар? | Көшбасшылық
Сұрақтар қою.
Интернеттен алынған видеобейнені көрсету. | Сұрақтарға жауап беру.
өз ойларын айтады. |
10 минут | Жаңа сабақ. Мағынаны тану
| 2.Ментальдық картамен жұмыс (Джигсо -2)
| Жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
| 1.Мәтінді оқиды, өзара жұппен талқылап, топпен мәтінді меңгереді. 2.Ментальдық карта салады |
10 минут | Үйренуге тапсырма беру. | Компьютерде жұмыс. «Бағдаршам» ойыны | Тапсырмаларды тарату. Дарынды оқушыға тапсырма беріледі. /Бірінші біткен топтың оқушыларына фишкалар беру/ | Компьютерде берілген тапсырманы орындау. |
5 минут | Сергіту сәті. «Көз және қол жаттығулары» «Он сұрақ» әдісі |
Тақтаға 3 оқушы шығарып оларға сұрақ қояды. /Әрбір дұрыс жауапқа фишкалар беру/. | Жаттығулар орындау. 3 оқушы сұрақтарға жауап береді. | |
5 минут | Жаңа сабақты бекіту. | Электронды оқулықты іске қосу. | Оқушылар тыңдайды. | |
5 минут
| V. Бағалау Бағалаудың нақты критерилері
| Бағалаудың нақты критерийлері: 1.«Уақыт шеңбері» әдісі білім деңгейіндегі сұрақтар бойынша: 2.«Сәйкестендіру» батырмаларды білгеніне қарай: 3. Компьютерде жұмыс; 4. «Он сұрақ әдісі»; | Нақты критерийлер арқылы балмен бағалап, қорытынды бағасын қояды. «5» =6-7 «4» =5-4 «3» =3
| Оқушылар сабақ бойында жинаған фишкаларын санайды. |
3 минут | VI. Кері әсер парағы.
Үйге тапсырма:
| VI. Кері әсер парағы 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Маған не ұнады/ұнамады? 3.Тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтар болды? «Электрондық кесте» тақырыбында реферат жазу. | Кері әсер парағы бойынша сұрақтар қояды.
Түсіндіру жұмыстары. | Кері әсер парағына өз пікірлерін жазады
Күнделікке жазу. |