Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға жіберу
Сабақтың тақырыбы: Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға жіберу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дайындаған құжат беттерін көрнекі түрде рәсімдеу және
баспаға жіберу жолдарын меңгерту және сауатты жұмыс
жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:
- Құжат беттерін рәсімдеу және баспаға жіберу жолдары қарастырылады оны дамытады;
- Құжат беттерін рәсімдеу туралы түсініктеме беріледі;
- Топ ішінде өзгелердің пікірін тыңдап, ортақ шешімге келудің жолдарын үйренеді.
Күтілетін нәтиже :
- Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді;
- Құжат беттерін рәсімдей алады және баспаға жібереді;
- Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды компьютерде қатесіз жазуды үйренеді;
Дереккөздері: Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева Информатика 8 сынып,
Интернет ресурстары, Электронды оқулықтар.
Оқыту технологиясы: СТО
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс — тәсілі: «Компьютер құрылғылары» әдісі, «Автор орындығы» әдісі, «Автобус аялдамасы» ойыны, Ментальді карта, анализ, қолданыс, тест жұмысы, «Инсерт» әдісі, бағалау сұрақтары,
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, қауіпсіздік ережесі, стикерлер, маркерлер, форматты қағаз, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Сабақтың жоспары:
Мерзімі | Сабақ кезеңі | Жұмыс түрі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
2 минут | Қызығушылықты ояту | Психологиялық дайындық | 1.«Бір тілек» айдарын, ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады. 2. Түгелдеу 3. Топқа бөлу | Шеңберге тұрып бір-біріне жақсы тілек айту, сыныпта жағымды ахуал қалыптастырып, амандасады. Топқа бөлінеді |
5 минут |
Сұрақ-жауап: Миға шабуыл: | «Компьютер құрылғылары» әдісі.
«Автор орындығы»? «Автобус аялдамасы» әдісі «Инсерт» әдісі 1. Б.Ү.Ү. кестесі. | Көшбасшылық І топ: Негізгі құрыл. ІІ топ: Енгізу-шығару құрылғ. ІІІ топ: Қосымша құр.
Оқу, талқылау. | Компьютер құрылғыларының суреттерін ала отырып, топқа бөлінеді. Эсселерін оқу.
Сұрақтарға жауап беру. 1. Б.Ү.Ү. кестесін толтыру. |
10 минут | Жаңа сабақ. Мағынаны тану
| 2.Ментальдық картамен жұмыс (Джигсо -2)
| Жұмыстың мақсатын түсіндіреді. Бақылайды.
| 1.Мәтінді оқиды, өзара жұппен талқылап, топпен мәтінді меңгереді. 2.Ментальдық карта салады |
10 минут | Үйренуге тапсырма беру. | Компьютерде жұмыс | Тапсырмаларды тарату. Дарынды оқушыға тапсырма беріледі. /Бірінші біткен үш оқушыға фишкалар беру/ | Компьютерде берілген тапсырманы орындау. Баспадан шығару. |
«Сергіту сәті» | Оқушылар назарын тақтаға аудару. | Жаттығулар жасау. | ||
5 минут | Мағынаны тану. | Тест жұмысы /15 сұрақ/ | Activote құрылғысын тарату. | Тест сұрақтарына жауап беру. |
5 минут | Жаңа сабақты бекіту. Ой – қозғау: |
Жұмбақтар шешу. | Электронды оқулықты іске қосу. 3 топқа 3 жұмбақ жасыру. | Оқушылар тыңдайды. Жұмбақтарға жауап беру. |
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
| Қорытындылау. Электронды оқулықты іске қосу. | 1. Б.Ү.Ү. кестесін толтыру. | ||
5 минут
| V. Бағалау Бағалаудың нақты критерилері
| Бағалаудың нақты критерилері: 1. Автор орындығы; 2. «Автобус аялдамасы» әдісі білім деңгейіндегі сұрақтар бойынша; 3. Компьютерде жұмыс; 4. Тест жұмысы арқылы; 5. Жұмбақ шешкені үшін: | Нақты критерийлер арқылы балмен бағалап, қорытынды бағасын қояды. «5» =6-7 «4» =5-4 «3» =3
| |
3 минут | VI. Кері әсер парағы.
Үйге тапсырма:
| VI. Кері әсер парағы 1.Бүгін мен не үйрендім? 2.Маған не ұнады/ұнамады? 3.Тапсырманы орындау барысында қандай қиыншылықтар болды? «Менің достарым» тақырыбында туған жылы, мекен-жайы туралы кестеге жазу және оны баспадан шығарып әкелу. | Кері әсер парағы бойынша сұрақтар қояды.
| Кері әсер парағына өз пікірлерін жазады
Күнделікке жазу. |
- Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
|