Ж.Аймауытұлы. «Әнші» әңгімесі 1,2 — сабақтар
Әбдіқалық Валентина Жұмабайқызы. Ақтау қаласы ТПТОДБАОММИ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7-сыныптың әдебиет пәні бойынша Қысқа мерзімді жоспар ІІ тоқсан
Сабақ тақырыбы | Ж.Аймауытұлы. «Әнші» әңгімесі 1,2 — сабақтар | |||
Мақсаты мен міндеттері | Жазушының өмірінен мағлұмат білгізу.Әнші Әмірхан бейнесін таныту.Әңгімені қызыға оқып, баяндауға үйрету. | |||
Күтілетін нәтиже | Әмірханның әйгілі әнші Әміре Қашаубаев екенін біледі. Әдеби кейіпкер мен прототив ұғымын біледі. Жазушы Ж.Аймауытұлының жан — жақты талантты тұлға болғанын біледі. Әңгіме ішіндегі әңгімелерді жүйелі баяндай алады. Үш түрлі әңгіме тәсілін үйренеді. | |||
БЛУМ жүйесі б/ша деңгейлері,оның белгілері | Берілген деңгейлер бойынша сұрақтар мен тапсырмалар | Қолданылатын әдіс-тәсілдер және сілтемелер | Мұғалім нің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Білу | Жүсіпбек Аймауытұлы кім, қандай қызметтер жасаған? Жазушы жан жақты талант иесі болғандығы қандай естеліктерде айтылған? | Дауыстап немесе шынжырлап оқыту және «шайтанкөмек» жасау Ғаламтор материалдарын пайдалану. | Уақыт беріп, оқытады. Кейбір деректерді түсіндіреді | Оқиды, жалғастырып айтады, «ШК» жасайды, |
Түсіну | Студенттердің демалыс күні қалай өткізіледі? Қала байлары мен кедейлерінің тұрмысын сипатта. Шәкет кім, автор оны қалай таныстырады? Әмірхан — керемет әнші екен…
| «Әншінің» алдыңғы үш бөлімін оқып, мазмұндау: тірек сөздер табу. | Тапсырмаларды топтарға үлестіреді, дайындалуға уақыт береді.
| келесі топқа ұсынып, жауабын тыңдайды.
|
Қолдану | Оқулықтың 56 – 62-беттердегі әңгіме үзінділерін оқып шығу керек. | Оқылған үзінділерді сатылай жоспарлау: А. Жастардың демалысы. Ә. Шәкеттің үйінде. Б. Әмірханның әні. В. Наурызда. Г. Әнші мен ән. | Өзгеше сұрақтар қоржынын ұсынады. | Өзгеше (мұғалім немесе оқулық ұсынған сұрақтардан басқа) сұрақтар дайындайды |
Талдау | Келісімшілік әңгіме: «Әмірхансыз сән бар ма?» | Диалогтік оқыту әдісі | дайындалуға уақыт береді. Тыңдайды. Формативті бағалап тұрады. | Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды. «Екі жұлдыз, бір тілек»жазады. |
Жинақтау | Зерттеушілік әңгіме: «Әнші мен автордың арасында қандай байланыс болуы мүмкін?» | Диалогтік ОӘ. | дайындалуға уақыт береді. Тыңдайды. Формативті бағалап тұрады. | Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» жазады |
Бағалау | Пікірталастық әңгіме: А. «Әмірханның әншіге лайықсыз қырлары бар, жоқ, ол мінсіз жан.» Б.«Әмірханға ұқсайтын әншілер бар немесе жоқ» | Диалогтік ОӘ. | дайындалуға уақыт береді. тыңдайды. Формативті бағалап тұрады. | Диалог құрады,келесі топтың жауабын тыңдайды. «Екі жұлдыз, бір тілек» жазады |
Келесі сабаққа тапсырма | Әңгіменің соңын оқып, тиянақтау. Әміре Қашаубаев туралы деректер білу. | АКТ қолдануға әзірлейді. |