Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақ тақырыбы:Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты:
білімділігі:әңгіменің мазмұнын меңгертіп,талдау жасау
тәрбиелілігі:сөз құдіретін ұғынуға,анаға деген сүйіспеншілікке баулу,ананы
құрметтеуге,сыйлауға тәрбиелеу
дамытушылығы:тіл байлығын,өзіндік пікір айта білу дағдысын қалыптастыру
Сабақ әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,талдау
Пәнаралық байланыс:тарих
Көрнекілігі:ақын портреті,үлестірмелі карточкалар
Сабақ барысы:Ұйымдастыру
Үй жұмысын сұрау
Жаңа тақырып
Жүріс жоспары:
1.Білу.Жазушы және оның шығармашылығы туралы
2.Түсіну.Шығарма құрылысына қарай мазмұндау
3.Қолдану.Жазушының тілдік шебері
4.Талдау.Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру
5.Топтау.Проблемалық сұрақ
6.Бағалау.Тақырып беріп,ойтолғау жаздырту
Мұғалімнің кіріспе сөзі
(тақтада жазушы суреті,шығармаларын сызба арқылы көрсету)
Қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі,көсемсөз зергері Ғабит Махмутұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді.
Ол алғашында өз ауылында ескіше хат таныды.14 жасында Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен орыс мектебіне оқуға түседі.Бұл мектепті бітіріп,Преснегорьковтағы екі кластық орыс мектебінде оқып,жеті жылдық мектептің көлемінде білім алады.1923-1926 жылдары Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне оқуға түсіп,оны бітірісімен Омбыдағы Ауылшаруашылық институтында 1 жыл ғана оқиды.Содан кейін кеңестік дәуірдегі баспасөз ағарту көркемөнер мекемелерінде әртүрлі жауапты қызметтер атқарады.
Отызыншы жылдардың орта шенінде жазушы М.Горькийдің ана тақырыбына арналған әңгімелері қызықтырады.Гуманист жазушы М.Горькийдің адам деген ардақты атты жоғары бағалауы,өмірге рух себуші тіршілік иесі аналардың қоғамдағы ролі Ғ.Мүсіреповке үлкен ой салды.Ол М.Горькийдің «Адамның анасы»,
«Өлімді жеңген ана»атты екі новелласын аударып,өзі де «Ананың анасы»,«Ашынған ана»,«Ананың арашасы»,«Ер ана»,«Ақлима»атты әңгімелер жазды.
Ғ.Мүсірепов-ана тіліміздің ел таныған шебері.Халқының көңілінен шығып,жүрегінен орын алған шығармалары әлі күнге ел жадында.Оның әңгімелерінің ішінде ана тақырыбы бөлек әңгіме.
Біздің бүгінгі сабағымызда дамыта үйренетініміз де ана туралы яғни Ғ.Мүсіреповтың«Ананың анасы»әңгімесі.Осы орайда менің ойыма Т.Айбергеновтың «Ана»өлеңі есіме түсіп тұр.
Арманыңды ақтармынба жүрегімді тербесең,
Айға сіңлі,қарындассың қасиетті жерге сен.
Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем
Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен-деп басталатын өлеңі есімде.Шіркін анаға жетер жан жоқ шығар сірә.
Ал,олай болса «Ананың анасы»әңгімесі
Әйтілестің:«Оқыңдар,шулап»деп қойып саудагерРамазанға ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады.
Әңгіменің дамуы:Әңгімедегі оқиға желісі Жалпақ балуанның Ергенекті елін шабуға аттануынан басталып,әрі қарай жылқыны барымталап келе жатуы,тезек арқалап келе жатқан жас қызды олжалап,аттарына мінгестіріп алуы сияқты жайттарға ұласады.Осылайша оқиға желісі дамып,бір-бірімен байланысып жалғаса береді.
Әңгіменің шиеленісуі:Артынан қуып келген қыз анасының барымташыларды орап алуы.
Әңгіменің шарықтау шегі:Әумесер Кейкінің үкімі қызды шешесімен бірге ат жалына өңгеріп,күндікке алып кету.
Әңгіменің шешімі:Сөзден жеңіліп,ойға шомып,тосылып қалған Жалпақ балуан Ана мен қызына бостандық береді.
Қолдану:Жазушының тіл шеберлігі,әдебиеттен тапсырма
Портрет дегеніміз не?(бейшараның боз көйлегі жырым-жырым.)
Қолдары қарғаның тұяғындай қап-қара.Ерні жарық-жарық.
Монолог:(Менің атым –әйел.Мен мына қыздың анасымын.Анамен алыспайды да,атыспайды да.Нең бар менің жалғызымда?Кел,ботам.)
Диалог:(Ана мен Жалпақ батыр)
Аңыз-тарихта болған адамдар жайында немесе елдің,рудың шыққан тегі туралы, не нақтылы бір жерде өткен оқиға жайлы шындыққа негізделген бірақ уақыт өте келе,көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені айтамыз.
Таңдау:Шығарманың басты кейіпкерлеріне мінездеме беру.
Ана-шығармадағы қайсар мінезді,батыр жүректі,баласы үшін өзіне төнген қатерден тайсалмайтын жан.
Жалпақ батыр-намысты,ержүрек айтқанынан қайтпайтын батыл,сөзге тоқтай білетін жігерлі жан.
Кейкі-ұшқары ойлайтын жеңіл мінезді,опасыз күш иесі.
Топтау:Сұрақтар беріп,ауызша сұхбат жүргізу.
Әңгіме неліктен«Ананың ансы»деп аталған
Оқушы пікірін тыңдау
Ойтолғау
1.Алып анадан туады…
2.Ананы сыйламаған адамды кім дер едің?Ол әрине…
3.«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды»деген…
4.«Анаға қарап қыз өсер»деп…
5.«Анаға жыр арнамаған адам кемде-кемболар сірә»мен де …
6.Ананың аялы алақанын мен …теңер едім.Өйткені…
7.Балаға алдымен ананың ыстық ықыласы керек…
8.Ана алдындағы парызың ешқашан…
9.Ана мен үшін…
Оқушы пікірін тыңдап болған соң,сабақты өлең жолдары арқылы қорытындылаймын.
Ана керек!О,адамдар,ана керекадамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда,
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы.
Үйге тапсырма:Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»әңгімесін оқу.
«Ана-сарқылмайтын күш»тақырыбында шығарма жазу.
Бағалау:
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№15 орта мектептің І санатты
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кожанова Зинаида Курбанбаевна