«Біржан сал шығармашылығы»

Қарағанды облысы,  Шет ауданы, Шет орта мектебі, Абеуова Алма Айтуғанқызы

 

Қазақ  әдебиеті.  10-сынып.

 

Сабақ  тақырыбы: «Біржан сал шығармашылығы»

 

Мақсаты: көркем мәтінді өз бетімен талдату және сол арқылы ақынның шығармашылығымен таныстыру

 

Түрі : практикалық сабақ

 

Әдіс – тәсілдері : 1.көркем мәтінмен жұмыс

  1. сұрақ-жауап
  2. проблемалық тапсырмалар

 

Технология:    СТО бағдарламасы

 

 

Сабақ барысы:

 

І. Психологиялық кезең.

ІІ. Қызығушылығын ояту сатысы.

  1. Топқа бөлу.

Ақын, сазгер, әнші, шешен, айтыскер, өнерпаз  — осы сөздерді таңдап 6 топ құрылады.

  1. Ой қозгау стратегиясы.

Сұрақ : Қалай ойлайсыз, неліктен осы сөздерді топқа бөліну барысында басшылыққа алдық? Қай тақырыппен байланысты? Әдебиет сабағына қаншалықты қатысы бар?

Сұрақ : Сал-серілер деген кімдер? Нені білдіреді?

ІІІ. Жаңа тақырып.

1.Ой қозғау стратегиясы

Тапсырма : Біржан туралы не білеміз? тізіп жазу

Тапсырма  төмендегі жүйеде орындалады:

Жеке

Жұпта

Топта

Әр топ ойларын жинақтап ортаға шығарады.

  1. Топтастыру стратегиясы. Кластер құру. Оқушылардың топпен жазғандарын категорияға бөлу және формалау.

ІҮ. Мағынаны тани білу сатысы.

1.Мәтінмен жұмыс . Әр топқа Біржанның өлеңдері таратылады және мәтінді түсініп оқу тапсырылады.

Жеке

Жұпта

Топта

Әр топтан бір оқушы ортада мәнерлеп оқып көрсетеді.

  1. Тапсырма. Өлеңді талдау топта және төмендегі кестені толтыру:
тақырыбыМаңызы,мәніЛирикалық кейіпкерге сипаттамаерекшелігіАқын позициясы

 

3.Топтастыру стратегиясы.

«Біржан өмірі» атты кластерге оралу және оны Біржан шығармаларының тақырыбымен толықтыру.

Ү. Ой толғаныс сатысы.

  1. Еркін жазу стратегиясы.

Тапсырма : шағын ой толғау жазу.

— Сіздің ойыңызша, Біржан сал шығармашылығында көтерілген тақырыптардың қайсы біздің қоғамда өзекті және Сіз соны шешу үшін қандай іс-әрекет жасап жүрсіз?

ҮІ. Қорытындылау.

Нені  білдім?

Нені танып, оқыдым?