«Абай және оның он жетінші қарасөзі»
Ақтөбе қаласы,
№ 26 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алитурлиева Тасбике Құдайбергенқызы
Сабақтың тақырыбы: «Абай және оның он жетінші қарасөзі»
Сабақтың мақсаты: Абай шығармашылығына қорытынды жасай отырып, тіл байлығын молайтып, адами қасиеттерді оқушылардың бойына сіңіру;
а) білімділік: Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқтала кету, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақынның ғылыми-философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру;
ә) дамытушылық: көркем мәтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорыта білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту;
б) тәрбиелік: Абай еңбектері арқылы адамгершілік,имандылық, адалдыққа баулу, ғылым-білімді меңгерген көкірегі ояу азамат болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сын-тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша түрлі стратегиялар
Көрнекілігі: слайдтар, ақын портреті
Эпирграфты оқып, талдау;
«Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»
- Бұл кімнің сөзі? Осы өлең жолдары арқылы не айтқысы келген?
- Тағы да қазақтың бетке ұстар ұлыларын білесіңдер?
Ой толғау
«Күн шұғыласы».
Ақын. Абай. Абай шығармалары.
Түсініктер бойынша ассосация құру.
Абай Құнанбайұлы.
-Өткен сабақтарда Ұлы Абайдың көптеген шығармаларын оқыдық. Оның қандай шығармалары бар екен? Соларға тоқтала кетсек.
(-Осы әр тақырыпқа арналған өлеңдерін оқушылар оқып шығады.)
-Соңғы сабақта біз Абайдың он жетінші қарасөзімен танысып, талдаған едік. Ең алдымен, осы мәтінде кездескен кейбір сөздердің мағынасын ажыратып алсақ.
Жүгіну – бас ұру
Кәмелет – ой тоқтатқан кез
Ғибадат – құлшылық ету (діни наным)
Абұйыр — ар-намыс
Мансап –атақ, даңқ
Нәфсі – қалау
Ахирет – о дүние
Дөңбекшітетұғын – ойландыратын
Берік ұстау- бір сөзділік
Қырына жүру – айтқанына көну, еру
Табанының топырағы көз сүртерлік — қасиетті
Осы қарасөздерінің ішіндегі 17 қарасөзіне тоқталамыз.
- 17 қарасөз не туралы?
- Қарасөздегі негізгі кейіпкерлер кімдер?
- Ақын бұл шығарма арқылы не айтқысы келген?
- Абайдың айтқанымен өзің келісер ме едің?
Ой қозғау
Бекіту
3 топқа бөлініп шағын эссе жазу
1- топ. “Ақыл”
2- топ. “Қайрат”
3- топ. “Жүрек”
Қорыту
INSERT
Зат есім: Қайрат
Сын есім: күшті, жігерлі
Етістік: ерінбейді, жалықпайды, тынбайды
Синоним: күш, жігер, қуат,ерік
Сезіну: Адамның өзіне деген сенімін оятады.
Зат есім: Ақыл
Сын есім: ойлы, табанды
Етістік: ойлайды, кеңеседі, дұрыстайды
Синоним: ой, сезім, түйсік,шабыт
Сезіну: Онсыз адам жол таба алмайды
Зат есім: Жүрек
Сын есім: жылы, рақымшыл
Етістік: соғады, лүпілдейді, дірілдейді
Синоним: сезім, махаббат, жылылық, өмір
Сезіну: Адам денесінің негізгі тіршілік көзі.
Үйге тапсырма
«Абай және мен» тақырыбына шығарма жазу.