Бала Тұрар. Тұтқын бала
Қарағанды болысы
Шет ауданы
Дария орта мектебі
Алдаңғарова Үміт Сағдатовна
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Бала Тұрар. Тұтқын бала
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. 1.Тақырыпты толық ашу.
Дамытушылық мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу арқылы оқушыларды алғырлыққа, зеректікке, ойлылыққа баулу.
Тәрбиелік мақсаты: «Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар» мақалының мәнін ашу, білімділік пен біліктілікке баулу.
Сабақтың түрі: қорыту,жинақтау сабағы.
Оқытудың әдіс-тәсілдері:деңгейлі сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білім санасының диаграммасы, сыни тұрғыдан ойлау мен жазуды дамыту, 5 жолды өлең, Венн диаграммасы, инсерт картасы бойынша жұмыс, тақырып бойынша шағын ойтолғау, мәтінмен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: тарих, география.
Сабақтың көрнекілігі: Шерхан Мұртаза портреті, шығармалар жинағы,Тұрар Рысқұлов портреті, «Атадан асыл ұл туса,Елінің қамын жейді» мақал сөз.Қазақстан картасы.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу,оқуға зейіндерін аудару,оқу құралдарын түгендеу.
Сыныпты екі –үш топқа бөлу.
1-топ- Тұлпар. «Егеменді еліміздің елдігін танытатын елтаңбасындағы тұлпарымыз, яғни өз білімімізбен жүзден жүйрік мыңнан тұлпар аттанамыз.
2- топ. –Сұңқар. «Қазақстан Республикасының туындағы бейбітшілік нышаны сұңқарымыз» Біз әрқашан егеменді елімізге бейбітшілік тілейміз.
3- топ. – Болашақ. «Егеменді елеміздің ертеңі жас ұрпақ қолында» деп Елбасы айтқан. Сондықтан тәуелсіз мемлекетімізді гүлдендіруге ат салысайық жас достар.
І.Қызығушылығын ояту.
Ой шақыру.
Деңгейлі сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білім сапасын анықтау, диаграмма сызу. 5 сұрақтан жоғары жауап берген оқушылар дарындар тобына, 4 сұраққа жауап берген оқушылар талаптылар тобына, 3 сұраққа жауап берген оқушылар қанағаттандыралық тобына жатады.
Деңгейлі сұрақтар:
- Тұрардың түрмеде болу себебі не?
- Түрмеге Тұрар келген күні әке мен бала қалай ұйықтады?
- Таңертаң Тұрарды надзиратель қайда әкетті?
- Тұрар қандай жұмыс атқарды?
- Аркашаға мінездеме бер?
- Наташаға мінездеме бер?
- Тұрарды надзиратель қалай мұқатты?
- Бронников надзирательге не деп айқайлады? (кітаптан тауып оқу)
- Гимназия алдына барғанда Тұрар нені көріп, нені армандаушы еді?
- Тұрар мен әке арасын не жалғастырады? (Әкесін Сібірге алып бара жатқанда)
Шуда сөзіне анықтама бер.
- Мұқағали өлеңдерін жатқа айт.
А.Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы әскери қызметте қанша жыл боды?
- Еламанның әділдігін дәлелде?
- Андрейге сипаттама бер?
- Мөңкенің досқа адалдығын дәлелде?
- Қожаның қиқар жауабын айт.
ІІІ. Диаграмма сызу.
Оқушы аты | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Ұпай | ||||||||||||||||
Дарынды | ||||||||||||||||
Талапты | ||||||||||||||||
Қанағат |
Айырмашылық Ұқсастық Айырмашылық
ІV. Венн диаграммасы
V.Кейіпкерлерге сипаттама.
VІ.Бүгін біздің тақырыбымыздың бәрінде де
- Әке, бала, ана, ата, әже.
- Достық, жолдастық.
- Бірлік,ынтымақ қамтылып жатыр,сондықтан осы тақырыпқа 3 топ ауызша мақал-мәтел айтасыңдар.
- Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.
- Әке-асқар тау, ана-ағынды бұлақ, бала –жағасындағы құрақ.
- Досы көпті жау алмайды.
- Бірлік бар жерде тірлік бар.
VІІ 3 топ 3 тақырыпқа шағын ойтолғау жазу.
- Тұтқын бала
- Бала Тұрардың білім алуы.
- Ақылды Тұрар
Әр оқушы өз ойтолғауын оқып, қалғандары бағалап отырады..
VІІІ. 5жол өлең (сэнкуэн)
1.«Тұрар» «Бала»
- Ақылды, тапқыр, озат,ізденгіш
- Оқиды,ойлайды,көреді Айтады, көреді, армандайды.
- Тұрар әкесімен түрмеде болды. Атасы Қырғызбай оқуға берді.
- Бала (тұтқын (синоним)
Әр оқушы зат есім, сын есім, етістік, сөйлем, синонимге анықтама береді.
Х. «Қызыл жебе» сөзжұмбақ. (оқушылар құрады)
ХІ. Сөздікпен жұмыс.
ХІІ. Сұрақ-жауап қорыту.
ХІІІ. Үйге тапсырма беру. Тақырыпты аяқтау.