Компьютерлік графика
Пәні | Информатика 8 сынып | ||
Сабақтың тақырыбы | Компьютерлік графика | ||
Жалпы мақсаты | Білімділік: Графикалық ақпараттарды өңдеу технологиясын оқушылар меңгереді,компьютерлік графика түрімен және оның классификациясымен, компьютерде кескіндеу жолдарын үйренеді. Дамытушылық: Графикалық файлдарды өңдеудің шешілу жолдарын табады. Тәрбиелілік: Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. | ||
Оқу нәтижесі: | -Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді. -Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді -Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарда көмектеседі. | ||
Туындайтын идеялар | І – топ Растрлық графика ІІ — топ Векторлық графика ІІІ- топ Фракталды графика | ||
Сілтеме | Информатика 8 сынып «Мектеп» 2012, қосымша әдебиеттер | ||
Сабақтың барысы | Мұғалімнің іс әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | |
1.Сәлемдесу 2 мин. | Амандасу сыныпты түгендеу,оқушыларды сабаққа әзірлеу | Жоқ оқушыларды мұғалімге ескертеді | |
Сыныпты топқа бөлу 2 мин. | Оқушыларды топқа бөлу.Графикалық бағдарламамен | Әр түрлі графикалық бағдарланы топтастырады | |
Үй жұмысын тексеру 8 мин | Ақпараттық диктант | Оқушылар өткен тақырып бойынша дәптерлеріне ақпараттық диктант жазады | |
Қызығушылықты ояту Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс 20 мин | Бейне таспа көрсету. І – топ Растрлық графика ІІ — топ Векторлық графика ІІІ- топ Фракталды графика | Оқушылар берілген мәтінмен жұмыс жасайды.
| |
Деңгейлік тапсырмалар 7-8 мин | І. Міндетті деңгей (5 ұпай) ІІІ. Жоғары деңгей (15 ұпай) | Топ оқушылары өз деңгейлеріне қарап жұмыстар жасайды (кесте толтырады) | |
Рефлексия 1 мин | Не білдім? Білгім келеді?Не білемін? | Дәптерге дайын кестеге оқушылар алған әсерлерін жазады | |
Үй тапсырмасын түсіндіру 2 мин | Компьютерлік графика /оқу/, графикалық бағдарламалар /интернеттен,кітаптан /қарау/ | Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады | |
Бағалау 2 мин | Түсіндіре сараптай отырып бағалау | Барлық «ұпай» санын санап мұғалімге айтады | |