Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары. Графикалық файлдардың пішімі. Векторлық графика. Векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды комьютерлік графика түрлерімен және
оның классификациясымен таныстыру. Растрлық
және векторлық кескін ұғымдарын, олардың
ерекшеліктерін түсіндіру. Оқыту үшін бағалау мен
оқытуды бағалау арқылы білімдерін анықтау
Сілтеме: Жоспар, слайд, оқулық, тапсырма қағаздары, компьютер
Сабақтың түрі: Түсіндірмелі — пікірталас
Оқыту нәтижесі:
- Тақырыпты түсінеді, талдайды.
- Қосымша материалдармен жұмыс жасайды.
- Компьютерлік графика түрлері : растрлық, векторлық, фрактальдық және оларды бір бірінен ажырату.
Негізгі идея: АКТ арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Тапсырма түрлері:
- компьютерлік графика (тақырыпқа түсініктеме беру)
- растрлық графика
- векторлық графика
- практикалық жұмыс
( Топпен жұмыс жасау, сыни тұрғыдан ойлау модулінің миға шабуыл әдісі, қызығушылықты ояту, АКТ қолдану)
Міндеттері: Оқушылардың тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі тапсырмалар
арқылы ой-өрістерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Бағалау: Формативті бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
- оқушылармен амандасу
- оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
- оқушылардың сабаққа назарын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Оқушыларға үйге презентация жасау «Егер де мен Қазақстан Республикасының президенті болсам» тақырыбында.
ІІІ. Жаңа сабақ. (Жаңа сабақты қысқаша оқушыларға түсіндіру)
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графиканың әр түрлі топтамасы бар. Мысалы, түс ерекшелігіне қарай қара-ақ және түрлі түсті болып ажыратылады. Қолдану бағытына қарай инженерлік графика, Web-графика, көркемдік графика және т.с.с. болып бөлінеді.
Растрлық кескіндер дәл мозаика сияқты. тек шыны немесе пластмасса кесектерінің орнына пиксель алынады. Пиксель – монитор экранындағы кескіннің минималь элементі, әлбетте ол квадрат пішінді. Растрлық кескіннің сапасы кескіннің өлшеміне (горизонталь және вертикаь (баған және жол) бойынша пиксель саны) және әрбір пиксель үшін берге болатын түстер (16,256 және одан да көп түстер) санына тәуелді.
Векторлық кескін – бұл нүктелер, сызықтар, шеңберлер, төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескіндерді өрнектеу. Сапаны жоғалтпай шексіз үлкейтуге болатыны векторлық кескіндеудің негізгі құндылығы. Кескіндердің вкторлық өрнектелуі растрлықтан қатты ерекшеленеді. Егер растрлық графикада кескнідердің базалық элементі нүкте болса, ал векторлық графикада – сызық болып табылады.
Фрактальдық графика математикалық есептеулерге негізделген. Кескіндердің негізгі элементі болып математикалық формула табылады. Фрактальдарда детальды сипаттау жады талап етілмейді.,сондықтан ол кескіндердің бүтін бір бөлігін сипаттауға мүмкіндік береді. бір жағынан бұл топтан тыс кескіндерге фрактальдар көп қолданылмайды. фрактальдың аз бөлігі барлық фрактальдар туралы мәлімет береді.
Компьютерлік графикада фрактальдар табиғи құбылыстарды, мысалы, бұлттар, қарлар, жағалаулар және т.с.с. күрделі кескіндерді салу үшін пайдаланылады.
ІҮ. Оқушыларға топқа тапсырма
- Растрлық, векторлық графикалардың артықшылығы, кемшілігі.
Ү. Практикалық жұмыс.
(Оқушылар компьютермен жұмыстан бұрын қауіпсіздік ережесін қайталау )
- Растрлық кескіндерді редакциялау.
|
ҮІ. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікірін айту.
Бүгінгі сабақтан не білдім? Не үйрендім? Не білгім келеді? Таблицаға түсіру
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
ҮІ. Бағалау
ҮІІІ. Рефлексия. (Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсері)
ІХ. Үйге тапсырма: § 4.4 Фрактальдық графика