Компьютердің құрылымы
Компьютердің құрылымы
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің құрылымы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың компьютердің құрылымдары туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақтың соңынада оқушылар білуі тиіс:
Компьютердің құрамын, негізгі және қосалқы құрылғыларын, енгізу және шығару құрылғыларын, жүйелік тақтаның қызметін, процессорды, оперативті жадын, қатты дискті, СD/DVD-ROM, дыбыстық, желілік және видеокарта.
Оқушылар үйренуі тиіс:
Компьютердің сыртқы құрылғыларының түрін, олардың қызметіне сипаттама беруді.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою
- Үй тапсырмасын тексеру
- 5 бойынша тест қорытындысы.
Дұрыс жауаптар:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
B | B | D | D | D | C | A | A |
- Білімді өзектендіру
Балалар, бүгін сабағымыздың тақырыбы «Компьютердің құрылымы». Компьютердің қандай құрылғыларын білесіңдер? (Оқушылар топтарға бөлініп, кестені толтырады)
Құрылғылары | Тағайындалуы | Орналасуы | Негізгі және қосымша |
Оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып, кестені толтырады.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Барлық компьютерлердің бір-бірінен айырмашылығы – олардың құрамына кіретін құрылғылар жиынының әртүрлі болуында.
Дербес компьютер үш бөліктен тұрады:
Міндетті құрылғылар:
Ақпаратты шығару құрылғысы – монитордан
Ақпаратты енгізу құрылғысы – пернетақтадан
Жүйелік блокта орналасқан ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғыларынан |
Басқа барлық құрылғылар міндетті емес немесе қосымша болады
Неге тышқан компьютердің негізгі құрылғыларын жатпайды?
Пернетақтадан басқа енгізу құрылғыларына тышқан, ойын джойстігі және басқалар жатады.
Компьютердің жүйелік блогында әртүрлі құрылғылардың негізгі жиыны орналасқан:
Аналық тақша – жүйелік блоқтың басқа құрылғылар жалғанған негізгі бөлігі. Аналық тақша арқылы жүйелік блоқтың құрылғылары өзара байланысып, ақпарат іске асады.
Процессор – жүйелік блоктың «миы».көбіне оның жылдамдығына компьютердің жұмыс өнімділігі тәуелді болады.
Жедел жады – компьютерде деректерді уақытша сақтау жады. Ол тек компьютер жұмыс істегенде ғана қолданылады. Компьютерлік программа жұмыс істеп тұрғанда, жедел жадыда оған қажетті ақпарат сақталады. Сендер программамен жұмыс істеуді тоқтатқанда немесе компьютерді өшіргенде, жедел жадыдағы ақпарат жойылады.
Қатты дискі – ақпаратты ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғы. Онда тұтынушының программалары мен файлдары сақталады.
Видео карта – жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғы. Видеокарта компьютердің жүйелік блогындағы бейнені мониторға шығаруға «дайындайды». Видеокартаға бейненің сапасы тәуелді.
Дыбыс картасы – компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.
Желілік карта компьютерді басқа компьютерлермен желі арқылы біріктіру үшін немесе Интернет желісіне қосылу керек.
- Алған білімдерін жүйелеу
Оқушылар оқылған материал бойынша кесте толтырады.
Қанша құрылым пайда болды? | Қай құрылымның қызметі естеріңде қалмады? | Қай құрылымның қызметі естеріңде жақсы сақталды? |
- Сабақты қорытындылау
Оқушыларға бағалау.
- Үй тапсырмасы
- 6 мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
Қолданылған әдебиеттер:
- Оқулық 5 сынып«Информатика» — Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун.
«Арман — ПВ», 2013
- Әдістемелік құрал 5 сынып «Информатика» — Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун.
«Арман — ПВ», 2013