А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Қаналиева Жұлдыз
Сабақтың тақырыбы :А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі
Сабақтың тақырыбы | А.Құнанбаев «Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі | |||||||||||||
Сілтеме | Жоспар | |||||||||||||
Жалпы мақсаты | 1.«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі туралы білу. 2.Өлеңді құрылысына талдау арқылы түсіну; 3.Өлеңнің құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап үйрену; | |||||||||||||
Күтілетін нәтиже | 1.«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңі туралы білетін болады; 2. Өлеңді шумағына, ұйқасына талдау арқылы түсінеді; 3. Өлеңді құрылысын және мәтінін әдеби –теориялық тұрғыда талдап үйренеді; | |||||||||||||
Негізгі идеялар | Абайдың өзге өлеңдерімен қатар тапқан тағы бір тың тақырып, ол қазақтың әніне арналған өлеңі. Бұл өлең 1896 жылы жазылған, көлемі 38 жолдан тұрады. | |||||||||||||
Тапсырмалар | 1. «Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау 2. Сұрақ қою техникасы 3. Топтық жұмыс (мәтінді талдау) 4. АКТ-ні пайдалану 3. Жұптық жұмыс 4. Жеке жұмыс | |||||||||||||
Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||
Білу Мақсаты : өткен сабақ бойынша алған біліміндерін нақтылау 3 минут 2 минут
| 1.Қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру; 2. Алған білімдеріне сүйене отырып нені білетіндіктерін анықтау мақсатында «Радиоға қоңыраулар шалу»арқылы үй тапсырмасын сұрау 3. Тақырыпты анықтау мақсатында түрткі сұрақ қою (оқушылардың жауаптарын мадақтап отыру) | Оқушылар радио жүргізушісі болып өз білімдерін пысықтайды Мұғалімнің қойған ашық сұрақтарына жауап береді.
Сынып оқушылары смайликтер арқылы үш топқа бөлінеді | ||||||||||||
Түсіну Мақсаты : оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау 10 минут | Абай Құнанбайұлының » Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа » өлеңінің мағынасын ашу,түсіну мақсатында оқулықты пайдалану. Оқулықпен жұмыс Әр топқа мәтінді бөліп беремін: 1-топ өлеңнің 1,2,3- ші шумақтарын мәнерлеп оқиды, өлеңнің авторын, тақырыбын, жанр түрін, идеясын табады; 2-топ өлеңнің 4,5,6-ші шумақтарын оқиды, мазмұндайды, шумағын, тармағын, бунағын, ұйқасын табады 3-топ 7,8,9 –ші шумақтарын оқиды өлеңнің ішінен әдеби теориялық ұғымдарды табады. | Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды. Топ болып бірігіп,тапсырманы орындайды.
Әр топтағы бақылаушыға бақылау парағы беріледі. | ||||||||||||
Қолдану Мақсаты: алған теориялық білімді практикада қолдана білу 10минут | 1-топ «Ән өнері» тақырыбында постер толтыру 2-топ Интернет желісін пайдалану арқылы ақынның басқа ән туралы өлеңін тауып, мәнерлеп оқып береді 3-топ Алған әсерлері бойынша сурет салу немесе бір шумақ өлең шығару | Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, интернен желісін пайдалану арқылы жаңа өлеңмен таныстырады, өз ойларын сурет арқылы еркін жеткізеді. Топтар бір-бірін екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды. | ||||||||||||
Талдау Мақсаты: оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру 7 минут | Кестемен жұымыс (жұптық жұмыс)
| Оқушылар берілген кестені толтырады.
Берілген тапсырманы ой елегінен өткізіп, салыстырады. Ұсынылған дайын жауап арқылы , жұптарда өзара бағалауы жүзеге асады.
| ||||||||||||
Жинақтау Мақсаты: оқушылардың салыстыру және ажыра алуын қадағалау
7минут | «Әнді сүйсең , менше сүй» тақырыбында эссе жазу
| Жеке жұмыс. Әр оқушы өз деңгейі бойынша берілген тапсырманы орындауға тырысады. | ||||||||||||
Бағалау Мақсаты: алған білімдерін саралау 3 минут Рефлексия | Критериалдыбағалау жүзеге асады Рефлексия Үйрендім ? Қиын болды | Оқушылар өздерін бағалау парақшалары арқылы шынайы бағалайды
Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі. |