Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру
Тақырып: Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.
Білімділік мақсаты: фигураларды бөліктерге бөлу және бөліктерден құрастыруға үйрету;
заттарды түрі, түсі, пішіні бойынша салыстыруға үйрету, ұқсастықтары мен
ерекшеліктерін ажырата білуге төселдіру.
Дамытушылық мақсаты: логикалық ойлау қабілеттерін дамыту ойын толық жеткізуге
дамыту оқушылардың бойында салыстыру, көздеп ажырату
қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: тез ойланып, қорытынды жасауға, байқағыштыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілігі: суреттер,геометриялық фигуралар..
Қолданылатын әдіс: әңгімелеу, көрнекілік, бекіту,ойын, өздік жұмыс.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.
- Құрал-жабдықтарын тексеру.
3.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
1.Сандар қатарын 1-10 дейін тура және кері атап шығу.
2.Ойын «Мен саған, сен маған»
Мақсаты: оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өз ойын жеткілікті жеткізе білу
дағдыларын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: тақтаның алдына шыққан 2 оқушы бір-біріне сұрақтар қояды. Мысалы: — сыныпта неше
қыз бар? Сне нешінші партада отырсың? Т.с.с.
Орындарында жұппен де жұмыс ұйымдастыруға да болады.
Соңында: қандай қызықты сұрақтар қойылды, деп тексеріп шығуға болады.
3.«Мен не туралы айттым?» ойыны.
Мақсаты: оқушылар геометриялық фигуралардың сипаттамасын қаншалықты білетіңдерін,
мұғалім сөздерін мұқият тыңдағандарын, ойлау қабілеттері дамыту, шапшаң болуға
жетелеу.
Шарты: Көрнекілік плакатта көрсетілген фигуралардың біреуін мұғалім сипаттайды, оқушылар
тану тиіс.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Практикалық кезең: а) оқушылар алдарында жатқан шаршы фигураны талдайды:
— түсі қандай?
— түрі қандай?
— пішіні қандай?
Мұғалімнің нұсқауы бойынша фигураны бүктейді.
— қандай фигура пайда болды?
— неше үшбұрыш пайда болды?
ә) Дәл осындай жұмысты алдарында жатқан үшбұрышпен өткізеді.
Бүктегеннен кейін: — неше және қандай фигуралар пайда болды?
2.Жұппен жұмыс: а) екі үшбұрыштан төртбұрыш құрастыру;
ә) бір үшбұрыш пен бір төртбұрыштан үй салғызу;
б) бір дөңгелек пен бір үшбұрыштан қыз баланы мүсіндеу;
в) бір дөңгелек пен бір төртбұрыштан робот құрастыру;
- Шығарашылық жұмыс: геометриялық фигуралардан өздері қалаған затты құрастыру.
Тексеру: — қандай затты құрастырдыңдар?
— Ол үшін қандай және қанша фигуралар керек болды?
ІҮ. Білімді тиянақтау.
- Оқулықпен жұмыс.
Топпен жұмыс: І топ- адам бейнесі
ІІ топ- зымыран
ІІІ топ- кран
- Дәптерде жұмыс.
Графикалық диктант:
- Дөңгелектің оң жағына үшбұрыш сал;
- Үшбұрыштың оң жағына шаршыны сал;
Ү. Рефлексия.
- Суреттен қандай геометриялық фигураларды көріп тұрсыңдар?
- Қазір үй оң жаққа «қарап» түр.
Бір сіріңкенің орнын ауыстырып,
үйді басқа жаққа «қаратып» қой.
- — Сабақ үстінде немен айналыстық?
— Қандай жұмыс түрі сендер үшін қызықты болды?
ҮІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.